bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру полисін сатып алудың алты себебі

Сақтандыру әдетте, ерікті қызмет көрсету болып табылады, яғни, адам өзі ықтимал сақтанушы ретінде сақтандыру шартын жасасу немесе жасамау туралы шешім қабылдайды, сонымен қатар, өзі сақтандыру компаниясымен оның шарттарын келіседі. NDTV.com өмірді сақтандыру полисін сатып алуға көмектесетін себептерді тізбектеп айтты.
Өмірді сақтандыру полисін сатып алудың алты себебі

Өмірді сақтандыру туралы ойлану қажет пе, түсіну үшін, өзіңіз үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруге кеңес береміз:

  1. Болашағын қауіпсіздендіргіңіз келетін отбасының болуы (күйеуіңіз/әйеліңіз, балалар)
  2. Өзінің отбасы үшін адам жалғыз (немесе негізгі) табыс көзі болып табылады
  3. Жарақат алуға қауіпті өндірісте еңбек ету, жұмыс өмір үшін қауіппен байланысты
  4. Жиі көлік жүргізу, жеке автокөлікті басқару немесе онымен жүру
  5. Спорттың экстремалды түрлерімен айналысу
  6.  3-6 айға қаржымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қосымша жинақтардың болмауы

Егер осы сұрақтардың біреуіне болсын «иә» деген жауап болса, өмірді сақтандыру полисін сатып алу туралы ойланған дұрыс. Өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін түрлі тәуекелдерден өзіңізді және жақындарыңызды қорғайтын жағдайда, бұл жайсыздықтардан өзіңізді «құтқару» толық өз қолыңызда, қуанышқа орай, қазіргі заманғы қаржылық жүйе бізге бұл үшін көп мүмкіндіктер береді.

Сақтандыру отбасылық бюджетке артық салмақ болып табылмайтынын түсіну маңызды, ол қазіргі заманда өзіңіздің қаржылық мүдделеріңізді қорғау тәсілі және бұл бюджетті күтпеген шығындардан қорғауға арналған. Сондықтан ерікті сақтандыруды сіздің өміріңіздің ерекше қорғауын талап ететін бөліктерінде қолдану туралы шындап ойлану қажет.

Ең алдымен, сақтандыру отбасының бюджетіне негізгі түсімді әкелетіннің үстінен «қолшатырды» қалыптастыруы тиіс. Егер сіздің отбасыңыздың негізгі табыс көзі жалақы болса, тиісінше, қайтыс болу немесе негізгі асыраушының еңбекке қабілеттілігін жоғалтуы қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін.

Дереккөзі: https://www.ndtv.com/business/why-do-you-need-life-insurance-cover-key-things-to-know-2443575

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Бес жылда ҚР-да өндірістік жарақат деңгейі 6,5%-ға төмендеді
Бес жылда ҚР-да өндірістік жарақат деңгейі 6,5%-ға төмендеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис...

Өмірді сақтандыру нарығын 2022 жылы не күтіп тұр
Өмірді сақтандыру нарығын 2022 жылы не күтіп тұр

Сақтандыру секторында екінші жыл қатарынан өм...

«Бәлкімге» үміттенусіз: сақтандырудың пайдасы туралы үш оқиға
«Бәлкімге» үміттенусіз: сақтандырудың пайдасы туралы үш оқиға

«Мен сақтандыру жарналарын төлеп отырып қайыр...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру