bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтар БЖЗҚ-да қанша жинады

Бірінші қыркүйекте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,97 трлн теңге жинақталған. Бір жыл ішінде сома 1,02 трлн теңгеге немесе 7,9%-ға өсті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Қазақстандықтар БЖЗҚ-да қанша жинады

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 13,6 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 416,0 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 3,0 млрд теңге.

Кіріс ағындары, атап айтқанда, жарналар биыл көбейе түсуде. 2022 жылдың сегіз айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 246,7 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек. Жарналардың жалпы көлемінің 95,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 1,0 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім 29%), МКЗЖ бойынша 50,1 млрд теңге (өсім 37%) түссе, ЕЗЖ бойынша 1,6 млрд теңге (өсім 293%) аударылды.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2022 жылғы 1 қаңтар мен 1 қыркүйегі аралығында шамамен 694,7 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді.

2022 жылдың 1 қыркүйегіне БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,0 млн бірлікке жетті.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 1 триллион теңгеден асатын сома төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 868,3 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 75,9 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,2 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 34,0 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 17,5 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 3,7 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 1,6 млрд теңге.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 859 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейлік отбасылар жоғары білім алу үшін ақшаны жинауға дайын
Ресейлік отбасылар жоғары білім алу үшін ақшаны жинауға дайын

Өзінің және балаларының жоғары білімі үшін тө...

Дәрігер жастықты қалай ұзартуды айтып берді
Дәрігер жастықты қалай ұзартуды айтып берді

Ағзаның жас болуын физикалық белсенділік, там...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру