bs-preloader__icon
ru kz en

Қамтамасыз етілген болашақтың құны

ейнетақы аннуитеті (ЗА) қазақстандық өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) ең жарнамаланған өнімдерінің бірі шығар. Бұл ретте тұтынушылар жиі аннуитеттердің қымбаттығына қынжылады. Осы мақалада ЗА құнына не кіретінін, адамдар нені алатынын және зейнетақы аннуитеті өз иеленушілеріне қандай артықшылықтар беретінін айтамыз.
Қамтамасыз етілген болашақтың құны

Осы жылы 55 жастағы ерлерге зейнетақы аннуитетін жасау үшін жеткіліктілік сомасы 7,3 млн теңгені, ал 52,5 жастағы әйелдер үшін – 9,7 млн теңгені құрайды. Бұдан бөлек, 45 жаста кейінге қалдырылған аннуитет алуға болады. Оны сатып алу үшін ерлердің 6,6 млн теңгесі, ал әйелдердің 8,3 млн теңгесі болуы қажет. Бұл ретте төлемдер 55 жастан бастап жүргізілетін болады. 

Зейнетақы аннуитетінің құны туралы айта отырып, «Евразия» ӨСК басқарма төрағасының орынбасары, Нұрлыбек Толықбаев ең алдымен осы өнімнің нақты анықтамасына назар аударады: «Жәй сөзбен айтқанда, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша клиент өз зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына аударады, ал ол өз кезегінде, аударылған зейнетақы жинақтарының сомасы таусылды ма жоқ па оған қарамастан, жыл сайынғы индекстеумен өмір бойылық ай сайынғы төлемдерді жүргізеді. Бұл зейнетақының жинақтаушы бөлігінің төлемдерін жинақтар сомасы таусылғанға дейін жүзеге асыратын зейнетақы қоры алдындағы өмірді сақтандыру компанияларының бірінші артықшылығы». Атап өту керек, төлемдер мөлшері бірінші жылдың ішінде күнкөріс деңгейінен 70%-ды құрайды, ал 10 жылдан кейін индекстеудің арқасында төлемдер мөлшері 50%-дан артық ұлғаяды.

Яғни, өнімнің құнына «оның өмір сүру» күні кіреді. Осылайша, сақтандырушы егер клиенттің шотында қаражат таусылса, сол тәуекелді өзіне алады. «Зейнетақы аннуитетінің ең төменгі құны сақтанушыға ең төмен күнкөріс деңгейінен 70%-дан кем болмайтын ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз ететіндей анықталады. Төлемдер бұл ретте жыл сайын кемінде 5%-ға индекстеледі. Айта кету керек, өмірді сақтандыру компанияларынан төлемдер зейнетақы жасына толғанға дейін 8 жыл бұрын жүзеге асырылады және өмір бойылық болып табылады», - деп нақтылайды Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрайымы, Аида Камысова.

Тиісінше, оның құны өзін өзі ақтайды, оған қоса бұл БЖЗҚ-да жинақталып қойған қаражат. Қаласаңыз, егер міндетті зейнетақы жарналары аннуитетін сатып алуға жетпей жатса, өзіңіздің жеке жинақтарыңызды қосуға болады. «Зейнетақы аннуитеті заңнамалық актілермен регламенттеледі және оның құны барлық ӨСК-де бірдей, сондықтан тұтынушы немесе сақтандырушы бағаға әсер ете алмайды», - дейді «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Гүлжан Жақсымбетова.

Зейнетақы аннуитетінің құны зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күніне қолданыстағы, «Республикалық бюджет туралы» Заңмен белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінен кемінде 70%-ды өтеуі тиістігін ескеріп анықталады. 2022 жылға ай сайынғы төлемдердің ең төменгі мөлшері айына 26 172 теңгені құрайды. Еске салайық, күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге. «ЗА есебінде сонымен қатар келесі параметрлер қолданылады: ұлттық валютада жылдық алты пайыздан аспайтын мөлшерде кірістіліктің жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесі; қайтыс болу көрсеткіштері, сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен 1,5%-дан аспайтын және 3% құрайтын, сақтандырушының істі жүргізуге шығындары», - деп еске салады «Халык-Life» ӨСК-нің басқарушы директоры, Мейіржан Медеубаев.

Зейнетақы аннуитетінің артықшылықтары

Шартты жасағаннан кейін өмірді сақтандыру компаниясы клиентке ай сайын сақтандыру зейнетақысын төлеуді бастайды, бұл зейнетақы жасына толуды күту қажет зейнетақы қоры алдындағы тағы бір артықшылық болып табылады. «Зейнетақы аннуитетінің негізгі артықшылығы зейнетке шыққанға дейін зейнетақы төлемдерін алу мүмкіншілігі болып табылады, әйелдер үшін 52 жасты, ерлер үшін 55 жасты құрайды. Зейнетақы аннуитеті шеңберінде өмір бойылық төлем бойынша шарт сондай-ақ маңызды артықшылық болып табылады, бұл қазіргі орташа өмір ұзақтығы өсіп жатқан шындықта өзекті норма. Мұрагерлерге қатысты болса, таңдалған «Кепілдендірілген кезең» аясында олар зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ай сайынғы төлемдерді алу мүмкіншілігін алады», - дейді Аида Камысова.

Артықшылықтар:

зейнетке шығудың белгіленген мерзімінен бұрын төлемдерді алу мүмкіндігі;

төлемдерді жыл сайын 5%-ға индекстеу;

аударылған сақтандыру жинақтарының сомасы таусылды ма жоқ па, оған тәуелсіз, өмір бойылық төлемдер;

кепілдендірілген инвестициялық кірістілік. Зейнетақы қорынан ерекшелігі, өмірді сақтандыру компаниясы ешқашан теріс кірістілікті көрсетпейді;

кепілдендірілген кезең опциясы, клиент қайтыс болған жағдайда шартта көрсетілген тұлғаларға белгілі мерзім ішінде кепілдендірілген төлемдерді көздейді;

жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша төлемдерге Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік береді.

«Зейнетақы аннуитеті – сенімді сақтандыру өнімі. ӨСК-мен шарт бойынша зейнетақы төлемдерінің қауіпсіздігі Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қамтамасыз етілген. Бірнеше факторлармен сипатталатын, таңдалған өмірді сақтандыру компаниясының сенімділігін де ескеру қажет. Мысалы, уәкілетті орган берген лицензияның болуы, кредиттік рейтингінің болуы, ең ірі әлемдік қайта сақтандыру компанияларында қайта сақтандырылуы және қаржылық қиыншылықтар жағдайында компанияны қолдауға қабілетті ірі қатысушының (акционердің) болуы», - деп қорытындылады Freedom Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандырушылардың жаңа қаржы құралы
Өмірді сақтандырушылардың жаңа қаржы құралы

Өмірді сақтандыру компанияларында жаңа қаржы ...

Өмірді сақтандыру өмірдің қиын жағдайларында ғана емес қажет
Өмірді сақтандыру өмірдің қиын жағдайларында ғана емес қажет

РФ-дағы өмірді сақтандыру нарығы ипотекалық қ...

ОАР-да зейнетақы аннуитеттерінің стандарттары өзгерді
ОАР-да зейнетақы аннуитеттерінің стандарттары өзгерді

ОАР Қаржы секторын қадағалау басқармасы (FSCA) з...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру