bs-preloader__icon
ru kz en

Жаздағы сақтандыру: ол сіздің балаңызға қажет пе?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайты - Fingramota.kz ата-аналар балаларға арналған өмірді сақтандыру полисін неліктен сатып алуы қажет екенін айтты.
Жаздағы сақтандыру: ол сіздің балаңызға қажет пе?

Сақтандыру жағдайы басталған кезде төлем алуды қарастыратын жинақтаушы сақтандыру бар. Бірақ бұл сақтандырудың негізгі мақсаты болашақта қандай да бір мақсатқа, мысалы, университетке түсу үшін қаражат жинау болып табылады. Бұл жерде белгілі бір жасқа келгенде баласына қандай сома қажет болатынын ата-аналар өздері шешіп, сақтандыру компаниясының көмегімен жинақтауды бастайды. Бұл тиімді және ыңғайлы. Бірақ мұндай қаржы құралына инвестициялау қысқа мерзімде – 1-2 жылда жүзеге асырылмайтынын түсіну керек, бұл -  ұзақ мерзімді инвестициялар. Баланың шотына қанша ақша салып отыру керектігі және қандай кезеңділікпен салу керектігі тараптардың келісімі бойынша анықталады.

Мұндай сақтандырудың артықшылықтары қандай?

Бірінші – 2 жастан 18 жасқа дейінгі баланы сақтандыруға болады.

Екінші – сақтандыру полисі жазатайым оқиға нәтижесінде баланың өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты жағдайларды өтейді.

Үшінші – сақтандыру баланы алған жарақаттардан кейін емдеу мен қалпына келтіру шығындарын өтейді. Сақтандыру құны сақтандыру мерзіміне, сақтандыру қорғанысының қолданылу уақытына, таңдалған сақтандыру сомасына, сондай-ақ баланың айналысатын спорт түріне, болған жағдайда (альпинизм, су астында жүзу, ауыр атлетика, көркем гимнастика, мотоспорт және т.б.) байланысты болады.

Төртінші-сақтандыруды үйден шықпай-ақ онлайн ресімдеуге болады.

Сақтандыру жағдайы орын алған уақытта ата-аналар дереу сақтандыру шартында көрсетілген медициналық мекемеге жүгінуге тиіс. Медициналық көмек көрсетіліп, медициналық мекеме қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін сақтандыру өтемін алу үшін сақтандыру компаниясына хабарласу керек. Әр компанияда құжаттар деректерінің өз тізбесі болады, оны алдын ала нақтылау қажет.

Сақтандыру төлемі белгіленген, ал кейде ол сақтандырылған адамның шығындарының бір бөлігін ғана өтейтін болады, бұл шарт талаптарына байланысты болып келеді. Сақтандыру төлемінің мөлшері балаға келтірілген зиянның ауырлығымен айқындалады. Сондықтан сақтандыру шартына тиісті назар аудара отырып, оған жауапкершілікпен қарау керек. Оны жасасу алдында шарт талаптарын сіздің сақтанушы ретінде мүдделеріңізге сәйкес келуіне мұқият зерттеген дұрыс. Қажет болған жағдайда, егер қандай-да бір тармақтар түсініксіз болса немесе күмән тудырса, сақтандыру компаниясының өкілін шарттың осы ережелерін түсіндіруді сұраңыз.

Осылайша, сіз өзіңіздің балаңызбен болуы мүмкін жағымсыз жағдайлардан қорғалғандыққа сенімді бола аласыз.

Дереккөзі: https://fingramota.kz/ru/news/post/strahovka-na-leto-nuzhna-li-ona-vashemu-rebenku

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру