Жазатайым оқиға дегеніміз не?
ӨР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметтері бойынша, 2017 жылдың 1 қарашасындағы күйі бойынша республика кәсіпорындары мен ұйымдарында жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 1193 адам зардап шекті, оның ішінде 172 – өлімге алып келген. 2016 жылы 1186 адам зардап шеккен, оның ішінде өлімге алып келген жағдай – 193. |
Сақтандыруда жазатайым оқиға деп сақтандырылушыда жарақаттану, зақымдану, оның денсаулығына басқа да зиян келтіруіне немесе өліміне алып келетін, адамның еркіне тәуелсіз болған кездейсоқ, қысқа мерзімді оқиға.
Жазатайым оқиғадан кейін адамдар көбіне материалдық шығындармен қақтығысады – еңбек қабілеттілігін жоғалту табыстың азаюына алып келеді де, емделуге және денсаулықты қалпына келтіруге кететін шығындарды жабу қажеттілігі туындайды.
Өзіңізді жазатайым оқиғадан қалай сақтауға болады?
Сақтандыру жағымсыз жағдайлардан қорғануға мүмкіндік бермесе де, оның салдарымен күресуде жақсы демеу болып табылады. Жазатайым оқиғалардан сақтандырудысалыстырмалы арзан бағаға сатып ала отырып, сіз өте қорқынышты жағдайлардан – дүниеден кету, еңбек қабілеттілігін жоғалтудан қорғаныс аласыз. Бұл сақтандыру сақтандырылушыңа немесе ол көрсеткен тұлғаға (пайда иесіне) сақтандыру жағдайы орныққан соң материалдық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Неден сақтандырылуға болады?
Жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартынла әртүрлі жағымсыз жағдайлардан қорғануды қарастыруға болады.
· уақытша еңбек қабілетсіздік;
· I және II топ мүгедектік;
· физикалық жарақат немесе мертігу;
· дүниеден кету.
Жазатайым оқиғалардан сақтандыру түрлері
Жазатайым оқиғадан сақтандырудың екі түрі бар:
· жекеше сақтандыру – тек бір физикалық тұлға сақтандырылады да, сақтандыру жарналарын ол өзі төлейді;
· топтық (корпоративтік) сақтандыру - жұмысшылар немесе тұлғалар тобы сақтандырылады да, оларға жарналарды ұйым төлейді.
Жазатайым оқиғалардан сақтандыру түрлері ішінде міндетті және ерікті сақтандыруды ажыратады:
· Жазатайым оқғалардан міндетті сақтандыру зағмен орнатылады;
· Ерікті сақтандыру қандай сомаға және қандай мерзімге келішім шартты жасау және қандай нақты тәуекелдерді сақтандыруды еркін таңдауды қарастырады.
Жазатайым оқиғадан сақтандыру келісім шартына қалай отыруға болады ?
Жазатайым оқиғалардан сақтандыру келісім шартына отыру реті жеткілікті қарапайым. Негізгі шарт сақтандырушының және сақтанушының тұлғасын куәландыратын, ЖСН көрсетілген құжаттар көшірмелерін қоса тіркеп, сақтандырушы орнатқан түр бойынша өтінішті толтыру болып табылады.
Сақтандыру келісім шартын жазбаша түрде оны сақтандыру ережелеріне қоса тіркеу және сақтандыру полисін беру арқылы жасалады.
Сақтандыру келісім шартының әрекет ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша орнатылады және сақтандыру полисінде көрсетіледі. Жазатайым оқиғалардан сақтандыру келісім шарты қысқа мерзімді болып табылады және негізінен 1 жылға жасалады, бірақ сақтанушы тілегі бойынша создырылуы мүмкін. Сақтандыру келісім шарты сақтандыру жарнасын төлеу шартында күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
Қандай төлемдерді алуға болады?
Сақтандыру жағдайы басталған кезде жүргізілетін сақтандыру төлемі, әрине жазатайым оқиғаның тікелей салдарын жоя алмайды. Мысалы, ол адамды қайтадан тірілте алмайды, бірақ отбасыда асыраушыны жоғалтумен байланысты күрделі материалдық қиындықтарды жеңуге көмектеседі, немесе еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда емделуге және тамақтануға кететін қосымша шығындарды төлеу үшін қолданылады.
Жазатайым оқиғалардан сақтандыру келісім шарты бойынша төлемдер мына тұрде жүргізілу мүмкін:
· келісім шартта көрсетілген сақтандыру сомасы;
· келісім шартта көрсетілген сақтандыру сомасының бір бөлігі;
· сақтандыру жәрдемақысы;
· аннуитетті төлемдер (зейнетақы).
Төлем жүргізу түрі келісім шарт шарттарымен және жазатайым жағдай салдарының сипатымен анықталады. Мысалы, егер сақтандыру жағдайының нітижесі өлім немесе еңбек қабілеттілігінен тұрақты айырыллса (мүгедектік), төлем көбіне бір мезгілде мөлшері сақтандыру келісім шартында көрсетілген сақтандыру сомасы түрінде жүргізіледі.
Егер сақтандырылған жазатайым оқиғаның нәтижесі уақытша еңбек қабілетсіздік болса, сақтанушыға төлемдер сақтандыру жәрдемақысы түрінде жүргізілу мүмкін. Оның мөлшері уақытша еңбек қабілетсіздік ұзақтығына, және төлеу мерзімдеріне байланысты алдын ала белгіленеді.
«Дене жарақаты» сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемі, әдетте, бір мезгілде жүргізіледі, оның мөлшері сақтандырушымен «Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлемдерінің кестесіне» сәйкес сақтандыру полисінде көрсетілген сақтандыру сомасынан пайызбен анықталады.
«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлемдерінің кестесі» сақтандырушымен бекітіледі және сақтандыру ережелеріне қосымша болып табылады.
Жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын қайда сатып алуға болады?
Қазақстан сақтандыру нарығында жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөнінде алуан түрлі ұсыныстар жалпы сақтандыру компанияларынан да, өмірді сақтандыру компанияларынан да келтірілген. Келісім шартқа отыру үшін сақтандыру компаниясын таңдай отырып, сіздің салымдарыңыздың сенімділігі және жеткілікті сақтандыру қорғаныс кепілдігі туралы ойланыңыз. Сақтандыру полисін сатып ала отырып, сіз таңдаған бағдарлама бойынша сақтандыру ережелерімен мұқият танысып шығыңыз. Сақтандыру жағдайларынан алып тастау жіне сақтандыру төлемдерін жүргізуден бас тартуға ерекше назар аударыңыз.
Танымал кейіпкер атынан айтатын, классик сөзін еске алсақ: «Иә, адам өлім құрығынан құтыла алмайды, бірақ бұл әлі түк те емес. Ол кейде кездейсоқ ажалды болатыны жаман, міне мәселе қайда!», онда біздің өміріміздегі ең қымбан – бұл біздің өміріміз түсінігі келеді. Сонымен бірге ол әрбір күн сайын жол-көлік апаттары, өртғ табиғи апаттар және т.б. түрінде әртүрлі тәуекелдерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан осындай жағымсыз оқиғалар басталғанда өзіңізге және өзіңіздің жақындарыңызға қалай көмектесе ала алатыныңыз туралы ойлану керек.