Адамдағы ең құнды нәрсе – бұл оның өмірі, сондықтан оның қауіпсіздігін ойлау және күтпеген мәселелі жағдайлардан қорғау әрине анық. Бүгінгі күні жалпы сақтандыру және оның ішінде өмірді сақтандыру азаматтарды әлеуметтік қорғау құралдарының бірі болып табылады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, біздің елімізде осы саланың өсуі мен дамуына қарамастан, өмірді сақнһтандыру аз танымалдылыққа ие және халықта көп сұрақтар туындатады. Білмегендік, әдетте сенімсіздік тудырады. Өмірді сақтандыру дегеніміз не, ол қандай тәуекелдерден қорғайтынын және қалай сақтандыруға болатынын түсінуге тырысайық.
Өмірді сақтандыру дегеніміз не?
Осы сақтандыру түрінің мәнін қысқаша және толығырақ мазмұндауға тырысамыз. Өмірді сақтандыру сақтандыру жарналарын төлеуінің орнына сақтандырушының сақтандырылушыға немесе оның көрсеткен тұлғаларына сақтандырылушының қайтыс болуы жағдайында немесе белгілі бір мерзімге дейін өмір сүргенінде белгілі бір ақша сомасын (сақтандыру сомасын) төлеу міндеттемесімен байланысты. Бұл жағдайда сақтандырылушының қайтыс болу себебі кездейсоқ жағдай да, белгілі бір ауру да болуы мүмкін.
Сонымен қатар егер бір жазатайым жағдай сіздің денсаулығыңызға зиян келтірсе, күшіңізді қалпына келтіру үшін ақша болу үшін, жазатайым жағдай нәтижесінде еңбек қабілеттілігіңізді жоғалтудан және мүгедектіктен қосымша сақтандырылуға болады.
Кім сақтандырыла алады?
Өмірді сақтандыру полисін жеке өзіңіздің өміріңізге қатысты (онда сақтандырушы және сақтандырылушы бір тұлға болады) да, сол сияқты жақын адамыңызға қатысты (онда сіз сақтандырушы, ал сіздің жақыныңыз –сақтандырылушы болады) да алуға болады.
Өмірді сақтандыру қанша тұрады?
Сақтандыру сыйақылары (сақтандыру жарналары) сақтандыруды ниеттенген адамның жасына, оның кәсібіне және денсаулық күйіне, сақтандыру сомасының мөлшеріне және сақтандыру кезеңіне байланысты.
Өмірді сақтандыру түрлері
Мақсатына байланысты өмірді сақтандыруды әдетте екі ссанатқа ажыратады:
Жедел (немесе тәуекелді) өмірді сақтандыру. Қарапайым және арзан бағдарламалардың бірі болып табылады. Сақтандырылушы келісім шарттың әрекет ету мерзімінде қайтыс болған жағдайында мұрагерлер (немесе полис бойынша басқа да пайда иеленушілер) полисте келісілген сақтандыру сомасы мөлшерінде төлем алады. Сақтандыру мерзімі аяқталған соң ешқандай төлемдер жүргізілмейді. Келісім шарт бір жылдан бастап мерзімге жасалады және ары қарай создырылуы мүмкін.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру – бұл сақтандыру қорғаумен бірге үйлесімде белгілі бір күнге/ оқиғаға ақша қаражаттарын жинау және сақтау. Сақтандыру сомасы келісім шарттың әрекет ету мерзімінде сақтандырылушының қайтыс болуы жағдайында, не болмаса мерзім соңында, егер сақтандырылушы оған дейін тірі жүрсе төленеді. Сақтандыру келісім шарты ұзақ мерзімге жасалады (3 жылдан 20 жылға дейін), ол салыстырмалы аз жарналардан біршама жинақтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жинақтаушы сақтандыру келісім шарты жинақтардан кепілді табысты есептеуді, сонымен қатар, кейбір жағдайда қосымша инвестициялық табыс алу мүмкіндігін қарастырады.
Жинақтаушы сақтандыруда сақтандыру келісім шартын мерзімнен бұрын тоқтату мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда сақтандырылушыға өтеуін төлеп алу құны төленеді – бұл сақтандырушы келісім шартты бұзуға ниеттенген сақтандырылушыңа төлейтін сақтандыру полисінің ағымды құны. Өтеуін төлеп алу құны аталған күнге сақтандыру жарналары толық төленуі ескеріліп, әрбір сақтандыру жылының аяықталу күніндегі күйі бойынша полисте көрсетіледі. Өтеуін төлеу құны әдетте келісім шарттың әрекет етуінің екінші жылынан кейін пайда болады да, әр жыл сайын ұлғаяды. Сақтандыру мерзімі аяқталған сәтінде өтеуін төлеп алу құны сақтандыру сомасына тең болады.
Қалай сақтандыруға болады?
Өмірді сақтандыру полисін сатып алу өте оңай. Жалғыз ғана шарт – келісім шартқа қол қою алдында қорғау түрін, сақтандыру мерзімін таңдап, сақтандыру өтінішін толтыру қажет және денсаулық жағдайы мен өмір сүру салтына қатысты бірнеше сұрақтарға жауап беру керек. Ал бұл жерде, қулық жасамаған жөн: егер сақтандыру компаниясынан сақтандырушыда ауыр аурулар болса немесе ол экстремалдық спортпен шұғылданса, онда сақтандыру жағдайы туындағанда төлемнен бас тартуы мүмкін.
Сақтандыру келісім шарты жазбаша түрде сақттандыру ережелеріне ұосу және сақтандыру полисін беру арқылы жасалады.
Сақтандыру келісім шарты сақтандыру салысын төлеу шартында күшіне енетінін және тараптар үшін міндетті болатынын есте сақтау керек.
Қайда сақтандыру керек?
Өмірді сақтандыру қызметтерін осы сақтандыру сыныбы бойынша лицензиясы бар компаниялар ғана көрсете алады, Қазақстанда олар 7. Сақтандыру компаниясын таңдау кезінде ең маңыздысы тиімді шарттар ғана емес, оның сенімділігі болу керек, себебі сақтандыру шартын сатып ала отырып, сіз қиын өмірлік жағдайда материалдық қолдау қамтамасыз етеаласыз немесе белгілі бір мерзімге ақша жинай аласыз. Сонымен қатар өмірді сақтандыру келісім шарты ұзақ мерзімге жасалады.
Өмірді сақтандыру не үшін қажет?
Әдетте, өмірді сақтандыру туралы сөз қозғалған кезде, адамдар неліктен де қатты шошынады, ырымшыл бола қалады және «Құдай сақтасын» сөздермен қаша бастайды. Соған қарамастан, кез-келген адамның өмірі осал, әркім оны сақтығы да, күзет те, жақсы физикалық дайындығы да сақтай алмайтын күрделі жағдайларға түсіп қалуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз өзіңізге және жақындарыңызға кездейсоқ жағдай салдарын жеңілдете алатын сенімділікті қамтамасыз етіп, жасай алатыныңыз – бұл алдын ала сақтандыру шартын жасау. Өмірді сақтандыру ауыр жағдайда сіздің отбасыңыз қаржылық қолдаусыз қалмайтынына кепілдік болады.
Өмірді сақтандыру қажеттілігін түсінбейтін адам ертеңгі күнді аз ойлайды, ал денсаулық мәселелері кездейсоқ туындауы мүмкін, және емделуге біршама ақша қажет болуы мүмкін. Әрине, өте өткір қажет болғанда әрқашан несие рәсімдеуге болады. Бірақ, басқадан бұрын белгісіз мерзімге созылатын қарыз түрінде ауыр жүк қажет пе, оны одан кейін төлеу мүмкіндігі бола ма?
Дегенмен өмірді сақтандыру не үшін қажет? Өзіңді қаржылық қорғалған болып сезіну үшін және өзіңізге және өз отбасыңызға қиын өмір кезеңінде көмек қамтамасыз ету үшін. Және егер сіздің алдыңызда өз өміріңізді сақтандыру немесе сақтандырмау мәселесі тұрса, жауабы айдан анық.