Өндірістегі жазатайым оқиғалардың басым бөлігі құрылыс жұмыстары кезінде және көлікте орын алады. Өткен жеті айда өңірде 16 жазатайым оқиға тіркелген, оның ішінде 3 адам қаза тапты.
Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров «Курсивке» айтып өткендей, Құрманғазы ауданында бір адам қаза болды. Жергілікті аурухананың фельдшеріжедел жәрдем бригадасының көлігі тап болған жол-көлік оқиғасының салдарынан қаза тапты.
Екінші жағдай «ҚазТрансГаз Өнімдері» компаниясына тиесілі автокран жүргізушісінің қаза табуына байланысты болды. Автокран магистральды газ құбыры бойымен қозғалғанда машина үймеге кіріп, сол жаққа бұрылғанда төңкерілді. Апат салдарынан машинист өмірмен үйлеспейтін жарақат алды.
Үшінші өлім оқиғасы ағымдағы жылдың сәуір айында Теңіздегі Consolidated Contracting Engineering & Procurement S. A. L. Offshore (CCEP) объектісінде орын алды.
«Жүк көтеру жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр техниканың жүргізушісі кран-манипулятордың жебесі мен отын багының арасында қысылып, нәтижесінде қаза тапты»,–деп түсіндірді Игілік Әубәкіров
Ол барлық деректер бойынша жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілгенін атап өтті. Жалпы, еңбек инспекциясының мәліметтері бойынша, барлық жазатайым оқиғалардың жартысына жуығы құрылыс, мұнай-газ және көлік салаларында орын алады...
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.