Өмірді сақтандыру трасты деген не?
Бұл – сіздің еркіңізге сай, қайтыс болғаннан кейін қаражаттың балаларыңызға қалай және қашан берілетінін реттейтін құрал. Балалар бірден барлық соманы қолма-қол алмайды, қаражатты сіз қойған шарттарға сәйкес пайдаланады. Мұндай трастты кез келген жеке өмірді сақтандыру полисіне жасауға болады.
Мысалы, сіздің өмірді сақтандыру полисіңізде 1 миллион долларлық төлем бар делік. Трастты балаларға әр кезеңде бөліп төленетіндей етіп орнатуға болады: университетке түскенде, үйленгенде немесе 40 жасқа толғанда. Кейбір трасттарда тіпті қаражатты қандай мақсатқа жұмсауға болатыны да көрсетіледі.
Трастты қашан ойластыруға болады?
-
Егер балаларыңыз жас болса. Кәмелетке толмаған бенефициарларға сот шешімінсіз төлем жасалмайды. Бұл уақыт пен шығынды қажет етеді.
-
Егер мүмкіндігі шектеулі балаңыз болса. Мұндай балалардың атына тіркелген активтері шектеулі болуы тиіс, әйтпесе мемлекеттік жәрдемақыларынан айырылып қалуы мүмкін. Арнайы траст (special needs trust) қаражатты сақтап, жәрдемақыны жоғалтпай қалуға мүмкіндік береді.
-
Егер сақтандыру сомасы үлкен болса. Балаларыңыз ересек болса да, қаражатты орнымен жұмсайтынына сенімдісіз бе? Траст арқылы ақшаның қалай қолданылатынын белгілеп қана қоймай, мұраға салынатын салықты азайтуға да болады.
Траст қалай жұмыс істейді?
Әдетте, өмірді сақтандыру төлемі салықсыз, бір реттік сомамен бенефициарларға тікелей беріледі. Олар ақшаны қалағанынша пайдалана алады – күнделікті шығынға да, қымбат көлікке де.
Артықшылықтары:
-
Балаларыңызға қаражатты қашан және қандай мақсатта алатынын белгілей аласыз.
-
Егер олар кәмелетке толмаған болса, қаражатты сот арқылы ұзақ күтпей жылдам алуы мүмкін.
-
Арнайы траст мүмкіндігі шектеулі балалардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысу құқығын сақтап қалуға көмектеседі.
Кемшіліктері:
-
Құжат рәсімдеуге уақыт пен күш керек, кейде адвокаттың қызметіне жүгіну қажет.
-
Құру құны бірнеше мың долларға дейін жетуі мүмкін.
Дереккөз: nerdwallet.com
Фото ашық дереккөздерден алынды