Бұл түзету Шаруашылық реттеу туралы заң жобасына қосылады.
Жұмыс беруші қазіргіден 0,1-0,35%-ға көбірек төлейтін болады. Қазіргі кезде аударымдар қызметкердің еңбекақысының 1,96%-ын құрайды. Бұл ретте төлемдер жұмыс орнындағы өндірістік жарақат деңгейіне байланысты сараланады.
Егер Жұмыс беруші өз кәсіпорнында қауіпсіздік шараларын арттырғанын дәлелдей алса, ол мұндай төлемдерге қатысты жеңілдік алып, тіпті төлемнің қымбаттауынан құтылуы мүмкін.
Тәуекел деңгейі келесі критерийлерге сәйкес анықталады: жеке бір кәсіпорындағы өндірістік жарақаттар саны жалпы саладағы өндірістік жарақаттар санымен салыстырылады. Құрылыс саласында делдалсыз жұмысқа орналасқан қызметкерлер құқықтары жағынан тікелей жұмыс істейтіндерге теңестірілетін болады.
Төлемдер бастапқыда барлығы үшін бірдей – қызметкердің еңбекақысынан 0,1% көлемінде болады. Ол бес жыл бойы сақталады. Комиссияның шешіміне сәйкес, бұл тек жалданбалы қызметкерлерге ғана қатысты болады. Шағын және орта кәсіпкерлердің тиісті төлемдері ұлғаймайды. Сонымен қатар комиссия жұмыс беруші бұл төлемдерді қызметкерге жүктей алмайды деп шешті.
Комиссия мүшелері қаражаттарды жеке сақтандыру компанияларына аудару туралы ұсынысты қабылдамай тастады және төлемдер тек "Битуахлеуми"-ге ғана жасалсын деген пікірін алға тартты. Сонымен қатар өндірістік жарақат жағдайында жұмыс беруші зардап шеккен қызметкерге 30 ауруханалық күнін төлейтіні туралы бастама да қабылданған жоқ. Қазіргі кезде алғашқы 12 күн ғана төленеді, және бұл әзірше күшінде қала бермек.
Дерекнама: http://9tv.co.il/news/2018/03/09/255024.html