bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстанда жаңа сақтандыру өнімінің танымалдылығы өсіп келеді

Бұл АҚШ долларының бағамынан индексацияланатын өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімі. 1 маусымнан бастап мөлшерлеме валютада жылдық 3,41% дейін көтерілді, және де ұзақ мерзімдік жинақтарды көздейтіндер үшін – мерзім 15 жылға дейін ұзартылды. Сондықтан «Золото Номадов» өнімін банктік депозитке баламасы деп атауға тұрарлық, деп «Nomad life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мади Шалгимбаев атап көрсетеді.
Қазақстанда жаңа сақтандыру өнімінің танымалдылығы өсіп келеді

«Золото Номадов» өнімінің негізгі артықшылығы қатарынан ол мыналарды көрсетеді: біріншіден, банктік депозиттерге қарағанда, АҚШ долларындағы жоғары мөлшерлемелер. Қаржы нарығында орын алған ешбір өзгерістер сақтандыру полисімен кепілдендірілген табыстылыққа әсер етпейді. Жинақтарға салық салынбайды. Екіншіден, бұл қаржы тәркілеуден, мүліктік даулар кезінде үшінші тұлғалардың наразылығынан қорғалады, оған тыйым салынбайды, жұбайлар арасында бөлуге жатпайды және декларацияда көрсетілмейді. Сонымен қатар клиент салған қаражат және шарттың өзге талаптары туралы ақпарат жрияланбайды. Үшіншіден, қажет болған жағдайда, клиент шартты бұзып, жинақтарын ала алады. Төртіншіден, полис бүкіл әлемде 24/7 әрекет ететін өмірді сақтандыру арқылы қорғауды қарастырады. Клиент қайтыс болған жағдайда, бүкіл кезеңде салынған ақша мен пайыздарды мұрагерлер алады. Және бесіншіден, клиент полисті кепілге қою арқылы төмен мөлшерлемен сатып алу сомасынан  80% -ға дейін теңгеде несиені ала алады.

Полисті сатып алу үшін клиенттер Қазақстанның барлық өңірлерінде «Nomad Life» компаниясының филиалдарына, сондай-ақ «Сбербанк», «ВТБ» банкі, «Альфа Банк», «Нурбанк» серіктес-банктеріне хабарласа алады.

«Nomad Life» компаниясы – нарықтағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірі болып табылатынын атап өткен жөн. Оның A.M. Best халықаралық рейтингтік агенттігінің шәкілі бойынша «bb-»  деңгейінде ұзақ мерзімді несиелік рейтингісі бар.

Толық ақпаратты 3260 нөмірі бойынша немесе www.zolotonomadov.kz сайтынан ала аласыз.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені сақтады
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені сақтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-к...

ҚР-да теріс табыстылығы бар депозиттер болуы мүмкін бе?
ҚР-да теріс табыстылығы бар депозиттер болуы мүмкін бе?

Біраз уақыттан бері ресейлік банктерге ЕО-да к...

Ресейлік өмірді сақтандырушыдан жарақат үшін өтемақы алды
Ресейлік өмірді сақтандырушыдан жарақат үшін өтемақы алды

ЖКО салдарынан азамат бірінші топтағы мүгедек...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру