bs-preloader__icon
ru kz en

Шығыс Қазақстан өндірісте орын алатын жазатайым оқиғалар рейтингісінде бірінші орында

Әрбір оныншы зардап шегуші қайтыс болды, деп kursiv.kz хабарлайды.
Шығыс Қазақстан өндірісте орын алатын жазатайым оқиғалар рейтингісінде бірінші орында

2018 жылғы қорытындылары бойынша ШҚО кәсіпорындарында 197 жазатайым оқиға тіркелген, оның ішінде 19 – өлімге алып келді. Бұл еліміз бойынша өндірістегі жараққатанудың ең жоғары көрсеткіштерінің бірі.

Өндірістегі жарақаттану бойынша көшбасшылар

ҚР статистика комитетінің мәліметтері бойынша тек қана былтырғы жылы 1600 адам зардап шеккен өндірістегі жарақаттанудың 1424 дерегі орын алды. Бұл орайда Қазақстанда әрбір бесінші-алтыншы қызметкер зиянды жағдайларда еңбек етеді және жыл сайын өндірістік жарақаттардың немесе аурулардың салдарынан мүгедектікке мыңдаған адам  тап болады. 

ШҚО бірнеше жыл қатарынан республиканың ең жарақатқа қауіпті облыстарының рейтингісін басқарып отыр, мұнда өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны еліміз бойынша ең жоғары болып саналады. Сонымен қатар бұл тізімге өнеркәсіптік өндіріс және пайдалы кендерді өндіру едәуір дамыған Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстары кіреді.

Өлім қауіпі

Семей қ. Еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Тохтарбек Тусупбаевтың ақпараты бойынша 2018 жылы Семейде өндірісте 57 жазатайым оқиға тіркелген, оның ішіндегі 5 өліммен аяқталды.

«Бұл оқиғалар «KEREM EQUIPMENT LTD» ЖШС-да, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жолдары бөлімінде, «Достар-2010» ЖШС-да және «Технология комфорта» ЖШС-да тіркелген болатын. Тәжірибе көрсеткендей, өңірде ең жарақатқа қауіпті кәсіпорындар болып құрылыс материалдарын, құрылыс алаңдарын өндіру, көліктің барлық түрлерімен тасымалдау бойынша өндірістік алаңдар, сонымен қатар тау-кен өндіру кәсіпорындары табылады», – жуырда өткен брифингтің барысында Тохтарбек Тусупбаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, былтырғы жылы Семей өңірінің темір жолында бірден екі өлім оқиғасы орын алған. Курчатов қаласының маңыгдағы Дегелен өткелінде жүк көлігінің жүргізушісі теміржол составымен соқтығысты. Екінші жағдайда машинисттің көмекшісі қысқа тұрақ кезінде олардың составы басқа пойызды өткізіп тұрғанда, қозғалтқыштың жұмысын тексеріп жатқанда, өлімге алып барған жарақат алған еді.

«Жазатайым оқиғалар «KEREM EQUIPMENT LTD» ЖШС-да жиі болып тұрады. Бұл компания Қаражыра разрезінің аумағынан көмірді Семей қаласының көмір қоймаларына жүк тасымалдаумен айналысады. Бір жыл өтер-өтпес бұл ұйымда жол-көлік оқиғасы орын алады да тұрады», – деп Тохтарбек Тусупбаев хабарлады.

Қағидаларға сәйкес

Сол арада Семей өңірінің салалық кәсіподағы үйлестіру кеңесінің төрағасы Серік Ибраев атап көрсеткендей, әрбір кәсіпорында әкімшілік пен ұжымның қатарынан құрылған өндірістік комиссиялар жұмыс істеу керек.

«Олар еңбекке қабілеттілігенен айырылудың жеңіл дәрежесімен әрбір жазатайым оқиғаның тергеуін өткізеді.  Едәуір ауыр оқиғалар түрлі деңгейдегі еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің мамандары мен құқық қорғау органдарының қатысуымен тергеледі», – дейді сарапшы.

Айтпақшы, брифингке қатысушылардың сөзінше, өндірістегі жарақаттануды тексеру барысында тараптардың әрқайсысының: жұмыс берушінің және зардап шеккен қызметкердің кінәсінің дәрежесін анықтап алу өте маңызды. Өйткені дәл осы мәселе еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша өтемақысын өтеу туралы соттыі істі қарауы барысында негізгі рөл атқарады.

Алайда медициналық-әлеуметтік комиссия еңбекке қабілеттілігінен айырылу ауырлығы дәрежесін анықтап, зардап шеккен қызметкерге мүгедектік тобын белгілегенге дейін, кәсіпорынның лауазымдық тұлғалары қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Семей қаласы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы Қайрат Жөкебаев ұсынған ақпарат бойынша тек қана 2018 жылы Семейдің 16 кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 10 ұйым ескерту алып, ал алтауына әкімшілік сот 469 мың теңге (195 АЕК) шамасында жалпы сомаға айыппұл тағайындау туралы үкім шығарды.

Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/proisshestviya/2019-05/vostochnyy-kazakhstan-v-liderakh-reytinga-neschastnykh-sluchaev-na

 

Фотосурет: inbusiness.kz, 24.kz сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы бір жылда 14,3%-ға өсті
Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы бір жылда 14,3%-ға өсті

2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бой...

Қазақстандықтар өз денсаулығын «жейді ме»?
Қазақстандықтар өз денсаулығын «жейді ме»?

Қазақстан аурулар мен өлімге әкеліп соғатын е...

Қазақстандықтар бір жылда сапарларға қанша ақша жұмсады
Қазақстандықтар бір жылда сапарларға қанша ақша жұмсады

Қазақстандықтар қай жаста басқа елдерге жиі б...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру