bs-preloader__icon
ru kz

Тиімді, ыіңғайлы және сенімді - ВТБ Қазақстан банкі және Nomad Life бірлескен жобаны іске қосты

ВТБ Банкі (Қазақстан) Nomad Life сақтандыру компаниясының депозиттерге ұқсас келетін, табыстылығы АҚШ долларымен 3,26%-ға дейін жететін, 3 жылдан 10 жылға дейін мерзіміне «Золото Номадов» бағдарламалық өнімін сату бойынша серіктесі болды.
Тиімді, ыіңғайлы және сенімді - ВТБ Қазақстан банкі және Nomad Life бірлескен жобаны іске қосты

«Банктің бүкіл республика бойынша үлкен филиалдық желісі бар, біздің сенімділігімізді растайтын жоғары несиелік рейтингтер, сонымен қатар бас құрылымның – Халықаралық ВТБ тобының Ресейде өмірді жинақтаушы сақтандыру құралдарымен жұмыс жасау бойынша салмақты тәжірибесі бар. Ресейде мұндай өнімдер бірнеше жыл бойы көпшілікке кеңінен танымал болуда, – дейді ВТБ банкінің (Қазақстан) басқарушы директоры Әлия Бергарипова. – Сонымен қатар депозиттер шарттарына максималды түрде ұқсас келетін «Золото Номадов» өнімінің икемді талаптары және қазақстандық нарық үшін оның бірегейлілігі де бізді қызықтырды. Бұл салық салынбайтын және құрылымы жағынан депозитке максималды түрде ұқсас келетін Қазақстандағы жалғыз жинақтаушы құрал болып табылады. «Золото Номадов» өнімін республикадағы ВТБ банкінің барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ басқа банктердің клиенттерімен де сатып алуға болады. Шарттың ресімделуі сол күні жүзеге асырылады, жеке куәлігін көрсетіп, өтініш толтырса болды. Долларға қатысты валюталардың әлсізденуінің әлемдік тренді және банктерде валюталық салымдар бойынша 1%-дан аспайтын депозит бойынша төмен пайыздық мөлшерлемелер қазақстандықтарды инвестициялаудың едәуір табысты дереккөздерін іздеп табуға мәжбүрлейді. Нарықтың сұраныстарына жауап бергендердің қатарынан – өмірді сақтандыру нарығында жетекші компания «Nomad Life» ӨСК» АҚ табылды. Мысалы, үш жылға 50 мың долларды «Золото Номадов» өніміне салған кезде, мерзім аяқталғанда сіз 53 524 АҚШ долларын аласыз, ал 10 жылға дейінгі мерзімге салсаңыз – онда 68 805 АҚШ долларына қол жеткізесіз. Мерзім жоғары болған сайын, табыстылықтың мөлшерлемесі де жоғарылай түседі».

Бұл өнімнің басқа да артықшылықтары бар. Жоғары табыстылықтан басқа бұл тәулігіне 24 сағат бойы, бүкіл әлем бойынша аптасына 7 күн бойы сақтандыру арқылы қорғау. Бұл инвестициялардан түсетін ақша мен пайыздарды өз мұрагерлеріне алдын ала ресімдеу мүмкіндігі. Сонымен қатар бұл өз қаражатын жария болуынан, үшінші тұлғалардың наразылығынан, мүлікті бөлуден, декларациядан, тыйым салудан, тәркілеуден қорғау. Қажет болған жағдайда клиент шартты бұзып алып, өнімді пайдаланудың бірінші жылынан кейін белгілі соманы шығынсыз ала алады. Бұл ретте сіздің сақтандыру полисіңізді кепілге беріп, Nomad Life компаниясында салынған сомадан 80%-ға дейін төменгі пайызбен теңгемен несие алуға болады.

«ВТБ банкі (Қазақстан) және Nomad Life компаниясының бірлескен жобасының мақсаты – қазақстандықтарға өз жинақтарын максималды ыңғайлы талаптарда сақтап және көбейтуге көмектесу. Еуропада өмірді сақтандыруға инвестициялар банктік депозиттерге салымдар сияқты өте танымал. Еуропаның тұрғындары өзінің «ұзақ ақшасын», ұзақ мерзімді капиталын сақтандыру ұйымдарында сақтайды. Банктік депозиттер ағымдағы, «бүгінгі» шығындарды қаржыландыру үшін пайдаланылады, ал өмірді сақтандыру компаниялардағы жинақтар, мысалы, балалардың жоғары оқу орнындағы білім алуын төлеу үшін, болашақта ірі сатып алуларды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Бұл ретте осы сияқты идеяларды алға тартатын қаржы институттары ретінде, бірінші кезекте, банктер болады. Банктер клиенттердің өз инвестицияларының толыққанды портфельін қалыптастыра алатын «қаржы супермаркеттеріне» айналады. Салық және сақтандыру заңнамалары өзгергеннен кейін қалыптасқан осы саладағы жұмыстың жаңа реалийлерін ескере отырып, біздің жобамыздың болашағы жарқын болатынына сенімдіміз», – дейді Nomad Life сату және өңірлік даму департаментінің директоры Рамай Курбангалиев.

«Золото номадов» бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты www.zolotonomadov.kz сайтында ала аласыз және өтінімді қалдыра аласыз.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Денсаулық пен өмірді сақтандыру жоспарларын біріктіру орынды ма
Денсаулық пен өмірді сақтандыру жоспарларын біріктіру орынды ма

Денсаулық пен өмірді сақтандыруды біріктірет...

Канададағы өмірді сақтандыру
Канададағы өмірді сақтандыру

Әдетте адамдар сақтандыруға ақы төлеуді, өсие...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру