bs-preloader__icon
ru kz en

Ресей ОБ жаздың соңына дейін өмірді үлесті сақтандыру туралы заң жобасын дайындайды

Бұл туралы Ресей банкі жанындағы сарапшылар Кеңесінің «25» наурызда болған отырысы қорытындысында мәлімденді деп хабарлайды news.rambler.ru.
Ресей ОБ жаздың соңына дейін өмірді үлесті сақтандыру туралы заң жобасын дайындайды

Өзге де мәселелермен қатар сарапшылар Кеңесінің отырысында Ресейге өмірді үлестік сақтандыруды енгізу мүмкіндіктері қарастырылды. Орталық Банк түсіндіріп өткендей, ӨҮС қазіпргі қолданыста жүрген инвестициялық құрамдасы бар өмірді сақтандыру өнімдерімен салыстырғанда өзгеше, қайтыс болу жағдайы бойынша ғана бекітілген сақтандыру сомасы бар, басқа жағдайлардың барлығында сақтандыру сомасы сақтандырушының инвестициялық қызметіне байланысты.
ӨҮС пайда болуы бір жағынан  тұтынушылар үшін ұсынылатын өнім қатарын арттырады, ал екінші жағынан ресейлік қор биржасына инвестицияланатын қаражаттың көлемін арттыратын болады, деп түсіндірді реттеуші.
Сараптамалық Кеңестің қатысушылары ӨҮС салдарынан туындайтын тәуекелдерге жеке тоқталды, оның ішінде негізгісі қаржылық сауаттылықтың төмендігі мен ықтимал клиенттердің сенімі. Оларды барынша азайту үшін  үздік халықаралық тәжірибелерді пайдалану жоспарлануда, - делінген ОБ хабарламасында.
Өнімдік виджет
 Сарапшылық Кеңес отырысында реттеушінің сақтандыру бойынша алаялыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстары қарастырылды.
«Ресей Банкінің ұсыныстары Ресеймен әлеуметтік-экономикалық ахуалы, сақтандыру нарықтырының көлемі бойынша ұқсас болып келетін және сақтандыру саласындағы алаяқтық әрекеттерінің алдын алу бойынша үздік тәжірибелері бар шетелдік мемлекеттердің тәжірибесіне негізделген. Оған сақтандыру саласындағы алаяқтық әрекеттеріне қарсы іс-қимыл жүйесін сақтандыру ұйымдарының ішінде қалыптастыру, заңнаманы жетілдіру, сақтандыру тарихы бюролары аясында ақпарат алмасуды дамыту бар, — деді Орталық Банкке. — Сақтандыру саласындағы алаяқтық әрекеттерімен күрес бойынша жетістікке жеткізетін маңызды жағдайдың мемлекеттік билік органдары мен сақтандырушылар арасында өзара әрекеттестіктің қажеттілігі және  сақтандыру ұйымдарының қызметкерлерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын арттыру атап айтылды».
«Сақтандыру саласындағы алаяқтық тек қана сақтандыру нарығының дамуына кедергі емес, тұтас қоғам үшін өзекті болып табылады, — деп атап өтті Ресей Банкі төрағасының орынбасары Владимир Чистюхин. — Азаматтардың алаяқтар құрбаны болып жатқан жағдайлар аз емес. Адал тұтынушылар сақтандыру үшін шамадан тыс ақша төлеуге мәжбүр, өйткені сақтандырушылар сақтандыру тарифтерін есептеу кезінде алаяқтық факторларын да есепке алады. Нәтижесінде азаматтар мен кәсіпорындардың сақтандыру қызметіне деген адалдығы мен сенімі азаяды».

Ақпарат көзі: https://news.rambler.ru/money/39461741/?utm_content=rnews&utm_medium=read_more&utm_source=copylink

Фото Банки.ру сайтынан алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады
Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады

Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Ұлтт...

Банкроттықтан сақтандыру
Банкроттықтан сақтандыру

Мемлекеттер қаржыңды қалай қорғауға болады, ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру