bs-preloader__icon
ru kz
✕

Зерттеу: Интернет-шешімдерін сақтандырушылардың 100% пайдаланады

«Эксперт РА» рейтингтік агенттігі «Сақтандырудағы электронды технологиялар: жаппай сандық жүйеге көшіру» атты зерттеу жұмысының шеңберінде сақтандыру компаниялары арасында өткізген сауалдың нәтижелері осындай, деп korins.ru хабарлайды.
Зерттеу: Интернет-шешімдерін сақтандырушылардың 100% пайдаланады

Сайт арқылы полистерді сататын 83% компания клиенттерге сақтандыру өнімдерінің көптеген түрлерін ұсынады, деп зерттеуде айтылады. Сауалға қатысқан компаниялардың жартысынан артығы өз клиенттеріне сайт немесе ұялы қосымша арқылы сақтандыру жағдайын реттеуге өтінімді беру мүмкіндігін береді. Нарықтағы осындай компаниялардың үлесі бірте-бірте артып келеді де, сауалға қатысушылары арасында 50% белгісінен асты.

Электронды сақтандыру сегментінде жеке түрлер бойынша сыйлықақылар өсімінің жоғары қарқыны байқалады, және олар нарықта тиісті түрлер бойынша көрсеткіштерден асып түседі. «Эксперт РА» мәліметтері бойынша Ресейде электронды сақтандыру сегментінің мөлшері ААЖМС есепке алмай, 2018 жылда 2017 жылмен салыстырғанда, 13 млрд рубльге дейін жетіп, 1,5 есеге өсті. Электронды сегментте елеулі бөлігін өмірді сақтандыру да иеленіп отыр.

Болжамдарға сәйкес электронды сақтандыруда сыйлықақылардың мөлшері ААЖМС есепке алмай, 2019 жылдың қорытындылары бойынша 19-20 млрд рубльге дейін жетеді.

Бұл ретте сауалға қатысушылардың 80% жақын арада жаңа ИТ-өнімдерін енгізіп, компанияда бар үрдістерді жетілдіруді көздеп отыр. Жауап бергендердің 40% клиентпен өзара әрекеттесу жүйесін әзірлеу мен жетілдіруге назар аудартатынын айтты, нақты айтқанда сақтанушымен полисті сатып алудан бастап, сақтандыру жағдайларын реттеуге дейін толық қызмет түрлерін алу мүмкіндігі бөлігінде сайтты, «Жеке кабинетті», ұялы қосымшаны жетілдіреді.

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды. 

Дереккөзі: http://www.korins.ru/posts/5338-ekspert-ra-pochti-100-strahovschikov-primenyayut-internet-resheniya-v-protsesse-prodazh-strahovyh-produktov

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Онлайн-сақтандырудағы алаяқтық
Онлайн-сақтандырудағы алаяқтық

Британдық сақтандырушылар қауымдастығы Abi авт...

Клиент сотқа жүгінді: кеңесші мен сақтандырушыларға қарсы талап
Клиент сотқа жүгінді: кеңесші мен сақтандырушыларға қарсы талап

Нью-Джерси тұрғыны өмірді сақтандырудағы прем...

Биыл ҚР да өз жұмыс орындарында 74 адам қаза тапты
Биыл ҚР да өз жұмыс орындарында 74 адам қаза тапты

Егер Қазақстандағы өндірістік жарақаттанудың...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру