bs-preloader__icon
ru kz
✕

Кім Ресейде жинақтаушы сақтандыру полистерін жиі сатып алады

Өмірді жинақтаушы сақтандыруды жинақтау құралы ретінде көбінесе сауда және өнеркәсіп салаларының компания басшылары пайдаланады. ӨЖС 3500 шартты талдай келе, «Сбербанк страхование жизни» компаниясы мұндай қорытындыға келді.
Кім Ресейде жинақтаушы сақтандыру полистерін жиі сатып алады

Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттарын сауда және өнеркәсіптің әртүрлі салаларының (жеңіл, тамақ, өндіру, металлургия және т.б.) қызметкерлері жасайды, бұл сегменттерге ӨЖС шарттарының 13%-ы келеді.

«Содан кейін қаржыгерлер мен құрылысшылар: қызметтің әрбір осы саласының өкілдерінее жасалған шарттардың шамамен 8%-ы тиесілі. Сонымен қатар шарттардың 7%-ын денсаулық сақтау және білім беру салаларында жұмыс істейтін клиенттер жасасады. Сондай-ақ ӨЖС көмегімен шенеуніктер (3% шарт), құқық қорғау органдарының өкілдері мен әскери қызметкерлер (2%), жарнама мен PR-да жұмыс істейтін клиенттер (1%) жинақтайды», – делінген компания хабарламасында. ӨЖС шарттарының 28%-ын топ-менеджерлер – бас директорлар және олардың орынбасарлары жасайды. Клиенттердің 10% – орта буын басшылары, тағы 10% – мамандар құрайды. Жеке кәсіпкерлер ӨЖС барлық шарттарының 8%-ын, зейнеткерлер мен үй шаруасындағы әйелдер – 13% жасасты.

«Сбербанк страхование жизни» компаниясының мәліметтері бойынша шамамен 30% ӨЖС шарттарын 36-45  жастағы адамдар жасасады. Осы шамада – жалпы санынан 28% – 35 жасқа дейінгі клиенттер құрайды. Клиенттердің 42%-ы 6 жылдан бастап 10 жылға дейін ақша жинақтауға дайын, 22% жинақтарды 11-15 жыл ішінде жинақтарды жасауды жоспарлайды. Клиенттердің бестен бір бөлігі бес жылдық шарттарды ресімдесе, оннан бір бөлігі – 16-20-жылдық шарттарды жасасады.

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Дайын жарма немесе бұзылмайтын сүт 32 аурумен байланысты
Дайын жарма немесе бұзылмайтын сүт 32 аурумен байланысты

Ең үлкен дәлелдерге сәйкес, жарма және сода си...

Зейнетақы аннуитеті шарттары үш есе көп болды
Зейнетақы аннуитеті шарттары үш есе көп болды

2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында қазақстанд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру