bs-preloader__icon
ru kz en

Әзірбайжанда ерікті сақтанды түрлері бойынша көрсеткіштер жақсарды. Сақтандырушылардың қосынды сыйақылары өсті

Қаржылық нарықтарды қадағалау жөнінде палата (ҚНҚП) хабарлауынша, Әзірбайжанда 2018 жылдың қаңтар айында сақтандырушылардың қосынды сыйақылары 82 млн 760 мың манат құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 17% жоғары.
Әзірбайжанда ерікті сақтанды түрлері бойынша көрсеткіштер жақсарды. Сақтандырушылардың қосынды сыйақылары өсті

Есеп беру кезеңіне ерікті сақтандыру түрлері бойынша сақтандырушылардың сыйақылары 71 млн 858,8 мың манат құрады, бұл 2017 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштерге қарағанда  21,6% жоғары.

 Сақтандырудың бұл санатына нарық бойынша барлық сыйақылардың 86,8% шақ келді. Бұл ретте өмірді сақтандыру бойынша сыйақылар 16 млн 702,6 мың манат, өмірден басқа басқа сақтандыру бойынша - 55 млн 156,2 мың манат  құрады.

Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сыйақылар 2018 жылдың қаңтар айында 10 млн 901,2 мың манат құрады (6,1% азаю).

2018 жылдың қаңтар айына сақтандырушылар сақтандыру жағдайлар бойынша өтеу үшін 22 млн 988,1 мың манат бағыттады, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерге қарағанда 14,2% аз.

Есеп беру айына міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандырушылардың төлемдері 17 млн 992,9 мың манат (21,2% азаю) немесе нарық бойынша барлық өтемақылардың 78,3% құрады. Бұл ретте өмірді сақтандыру бойынша төлемдер 10 млн 995,5 мың манат, өмірден басқа сақтандыру бойынша - 6 млн 997,4 мың манат құрады.

Міндетті сақтандыру бойынша төлемдер 2018 жылдың қаңтар айында  4 млн 995,3 мың манат құрады (26,5% өсу). «PASHA Sigorta» 2018 жылдың қаңтар айында   Әзірбайдандағы 21 сақтандыру компанияларының ішінде ең көп сыйақылар көлемін - 41 млн 233,7 мың манат жинағаны есте қаларлық оқиға, бірақ оның үлесіне ең көп төлемдер көлемі де шақ келді - 4 млн 869,4 мың манат.

Әзірбайжанда Міндетті сақтандыру бойынша бюро мүшелері болып табылатын,  он алты сақтандыру компаниялары (ISB), 2018 жылдың қаңтар айында   өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда автоазаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша (ААЖМС) сыйақыларды 14,4%-ға  5 млн 513,5мың манатқа дейін ұлғайтты.

Жалпы ААЖМС үлесіне есеп беру кезеңіне 6,7% сақтандырушылардың сыйақысы және  2018 жылдың қаңтар айына  50,6% міндетті түрлері бойынша сыйақылар шақ келді.

2018 жылдың қаңтар айында сақтандырушылардың ААЖМС бойынша төлемдері 4 млн 54,2 мың манат (32,5% өсу) немесе есепті айға сақтандырушылардың барлық төлемдерінің 17,6% құрады. Жалпы ағымды жылдың қаңтар айына сақтандырудың міндетті түрлері бойынша өтемақылар 81,2% құрады. ААЖМС Әзірбайжанда сақтандырушылар сыйақы жинайтын сақтандырудың негізгі түрлерінің үштігіне кіреді. Тек медициналық сақтандыру және өмірді жинақтық сақтандыру бойынша ғана сақтандырушылар 2018 жылдың қаңтар айында  ААЖМС қарағанда көбірек сыйақы алды.

2017 жылы Әзірбайжанда сақтандырушылар ААЖМС бойынша сыйақыларды 14,5%-ға 92,6 млн манатқа дейін ұлғайтты.

ААЖМС бойынша мүлікке келтірілген зиян кезіндегі сақтандыру төлемі 5 мың манат, денсаулыққа тигізген зиян бойынша сақтандыру сомасы бір адамға 5 мың манат, бір сақтандыру жағдай бойынша жалпы  шек – 50 мың манат құрайды. Яғни, ААЖМС бойынша сақтандыру өтемінің максималды сомасы 55 мың манат құрауы мүмкін.

 Лада Евграшина, Г.Р.

 Ақпарат көзі: http://www.1news.az/news/uluchshilis-pokazateli-po-dobrovol-nym-vidam-strahovaniya-v-azerbaydzhane

Фотосурет көзі: http://ru.axar.az/news/zdorove/213288.html

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру – қарапайым сөзбен
Өмірді жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру – қарапайым сөзбен

Ұзақ мерзімді инвестициялау туралы, немесе өм...

Канададағы өмірді сақтандыру
Канададағы өмірді сақтандыру

Әдетте адамдар сақтандыруға ақы төлеуді, өсие...

Кофе қатерлі ісіктен қорғай алады
Кофе қатерлі ісіктен қорғай алады

Аустралиялық ғалымдар тұрақты түрде кофе тұты...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру