Қазіргі таңда парламент мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (МБЖЖ) аясында өмірді жинақтаушы сақтандыруды қаражаттандыруды болжайтын заң жобасын қарау үстінде. Сақтандырушылар ол келесі жылдың сәуірінде күшіне енетінін болжауда, ал әзірге қазақстандықтар бірнеше банктерде мемлекет жыл сайын 9%-ға дейін мөлшерлемеге 5 немесе 7% меншікті сыйлықақысын «қосатын» білім беру депозитін аша алады. «Сақтандыру сыйлықақысының субсидиясы 5%-ды құрайды, егер көп балалы отбасы (4 бала және одан көп) болса онда 7%. Бұл өнім депозиттен анағұрлым қызықтырақ, себебі ол өз жиынтығында білім алуға қаражатты жәй ғана жинап қоймай, сонымен қатар, сақтандыру қорғауына кепілдік береді», - деп түсіндірді «Халык-Life» ӨСК-нің басқарушы директоры Виталий Любимов. – Мысалы, төлеуші қайтыс болған немесе оның мүгедектігі жағдайында сақтандыру төлемі білім алуға ақы төлеуді қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, банк салымынан айырмашылығы, сақтандыру өнімі бойынша кепілдік беру сомасы бойынша шектеу жоқ. Кепілдік беруге қатысты айтсақ, МБЖЖ аясында жүзеге асырылатын өмірді сақтандыруды СТКҚ кепілдік берілетін сақтандыру түрлерінің тізбесіне қосу болжануда».
Өткен ғасырдың ортасынан бастап әлемнің дамыған елдерінде өмірді сақтандыру компаниялары мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын қолдайды. Мысалы, отбасында бір ғана ата-ана болса, онда бүгінгі және келешек жас ұрпақ үшін жауапкершіліктің салмағы тек оған ғана түседі. Мұндай отбасы денсаулықпен қиын мәселелер туындау жағдайына қаржылық қауіпсіздік кепіліне мұқтаж. Өмірді сақтандыру полисі асыраушы денсаулығынан айырылған және ол қайтыс болған жағдайда отбасының әл-ауқатын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Біздің елімізде жалақы жиі «қара күнге» қаражатты алып қалуға мүмкіншілік бермейді.
Сондықтан, сақтандырушылар қаражаттандыруы бар екі әлеуметтік өнімді енгізумен жұмыс істеуде. «Бірінші өнім – бұл балалар үшін өмірді жинақтаушы сақтандыру полисін сатып алу. Мемлекет 18 жасқа келгенде ата-ана кәмелетке толған балдарына бастау беруге мүмкіндігі болуы үшін сақтандыру сыйлықақыларын қаражаттандыра алатын еді», - деп түсіндірді спикер. Мұндай полис ата-ана қайтыс болған жағдайда баланың табысына да кепілдік беретін болады.
Екінші өнім Батыспен ұқсас зейнетақы жоспарларын енгізуді болжайды. «Бұл халықты болашақ зейнетақыға жарналарды төлеуге ынталандырады, себебі бұл жинақтарды да мемлекет қаражаттандыруы мүмкін. Біздің еліміздің бюджеті аясында шығыстар үлкен емес, бірақ шоғырланымдық әсер маңызды болады, өйткені халық зейнетақы жоспарларын құра бастайды және өз болашағын қамтамасыз етеді», - дейді Виталий Любимов.
АҚШ-та зейнеткерлер үш-төрт көзден табыс алады. Олардың біріншісі – әлеуметтік сақтандыру, басқалары – меншікті зейнетақы жоспарлар. Мұндай жолы егде жаста ертеңгі күнге алаңсыз өмір сүру үшін мүмкіндік беретін тұрақты табыстарға кепілдік береді. «Өмірді сақтандыру – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, олар 10-20 жылға мезгілдік кешеуілді болжайды. Сақтандырушылар клиенттерге табысты қамтамасыз ету үшін қаражатты экономикаға салады және халық шаруашылығының түрлі салаларында ірі инвесторлар болады. Яғни, өмірді сақтандырудың әлеуметтік маңызды өнімдерін қаражаттандырудан адамдар, қор нарығы, мемлекет, кәсіпкерлер ұтыста болады. Әзірге барлығы бұл мәселенің маңыздылығын түсінбейді, бірақ біз қайсарлық танытып, сақтандырудың әлеуметтік түрлері бойынша субсидиялар болуына қол жеткізетін боламыз», - деп түйіндеді спикер.
Сурет ашық дереккөздерден