bs-preloader__icon
ru kz en

Ресей сақтандырушылары ипотекалық сақтандыруда бірыңғай мөлшерлемеге қарсы шықты

РФ Премьер-министрі Михаил Мишустин Министрлер Кабинетінің бір мәжілісінде ағымдағы ипотекалық мөлшерлемелер тым жоғары деп мәлімдеді және үкіметті жағдайды өзгертуге шақырды.
Ресей сақтандырушылары ипотекалық сақтандыруда бірыңғай мөлшерлемеге қарсы шықты

Вице-премьер Марат Хуснуллин ипотека құнын өмірді сақтандырудың бірыңғай мөлшерлемесін енгізу есебінен төмендетуге болатынын мәлімдеді. Сбербанк бас аналитигі Михаил Матовников Сақтандыру жаңалықтар агенттігіне ипотека кезінде тұрғын үйді сақтандыру міндетті емес деп мәлімдеді. Сақтандырудың болмауы несие бойынша мөлшерлеменің ұлғаюына әкеп соқтырмайды, деп атап өтті ол. Сақтандыру мөлшерлемелері, ең алдымен, жасына байланысты қарыз алушының өмірін сақтандыруды қамтиды.

«Кейбір банктер тіпті қарыз алушыға медициналық куәландыру жүргізеді және осыған орай оларға жеке тәуекел факторларына байланысты мөлшерлемелер ұсынады. Бұл жерде мемлекет тарапынан бірыңғай мөлшерлемені орнату қалай көмектеседі, мен өте түсінбеймін», – деп Сбербанктың өкілі таң қалды.

Бүкілресейлік сақтандырушылар одағында (БСО) сақтандыру бойынша бірыңғай мөлшерлемесі жақсы нәтижеге әкелмейді деп санайды. «Сақтандырушылар тарифті тағайындай отырып, нақты тәуекелдерді бағалайды және тарифтің мөлшері осы бағалауға байланысты». ОСАГО реформасын мысал ретінде келтіре отырып, БСО тарифті жекелендіру жағына ауытқу міндетті «автогражданка» полисінің бағасын 2019 жылы 5%-ға төмендетуге алып келгенін көрсетті.

«РЕСО-Гарантия» компаниясында ұсынылған шара бәсекелестіктің төмендеуіне әкеледі деп санайды.

«Ингосстрах» бөлшек бизнес дирекциясының басшысы Виталий Княгиничев оның компаниясындағы ипотекалық сақтандыруға арналған ең төменгі тариф 0,1%-ды құрайтынын, бірақ клиенттердің бір бөлігі үшін айтарлықтай жоғары (6 есеге дейін) болатынын атап өтті. «Ипотекалық сақтандыру саласында біз бірыңғай мөлшерлемемен жеке банктермен жұмыс істеуге тырыстық. Нәтиже бізге ұнамады да, біз бұл тәжірибені тоқтаттық», – «Ингосстрах» компаниясында естеліктермен бөлісті.

«Альфастрахование» компаниясында бүгінгі күні нарықтың әр түрлі ойыншыларынан кепілді тұрғын үйді сақтандыру бойынша мөлшерлемелер шамамен бір деңгейде белгіленгенін және орташа есеппен 0,10-0,12%-ды құрайтынын мәлімдеді, бұл жеткілікті төмен көрсеткіш болып табылады. Сақтандырушы сондай-ақ бұл шара оң нәтижеге әкелмейтінін айтты.

«Росгосстрах» компаниясы да қарсы. Сақтандырушының өкілдері реттеушінің негізгі мөлшерлемесінің төмендеуі сақтандырушылардың тарифтеріне қарағанда кредиттер бойынша мөлшерлемелердің өзгеруіне едәуір әсер ететінін айтты.

 «Согласие» сақтандыру компаниясының Андеррайтинг және өнімдерін басқару департаментінің директоры Андрей Ковалёв ипотека кезіндегі стандартты сақтандыру шарттары бойынша бірінші пайда алушы – сақтандыру жағдайы кезіндегі кредиттік шарт бойынша талаптар мөлшерінде банк болып табылатынын атап өтті. Қалған қаражат – егер олар бар болса – қарыз алушыға немесе оның мұрагерлеріне аударылады. «Орташалау қашанда тәуекелі аздау клиент тәуекелі жоғары клиент үшін төлейтін жағдайға алып келеді. Және бұл ипотека қол жетімділігінің төмендеуіне әкеледі», – деді Андрей Ковалёв.

«Эксперт РА» рейтингтік агенттігінің бағалауы бойынша ипотекалық сақтандыру көлемі 2018 жылы 37,9 млрд. теңгені құрады (+21,9 %).

Ұлттық рейтинг агенттігінің (ҰРА) сақтандыру рейтингтері басқармасының басшысы Татьяна Никитина Ресей Банкінің статистикасында ипотекалық сақтандыру бөлек бөлінбейтінін атап өтті. Ол қарызгерлердің өмірін сақтандыруда, азаматтардың мүлкін сақтандыруда, жауапкершілікті сақтандыруда және қаржылық тәуекелдерді сақтандыруда ескеріледі. Сондықтан тікелей жария есептіліктен Ресейдегі ипотекалық сақтандыру көлемі туралы қорытынды жасау қиын, деп атап өтті сарапшы.

Дереккөзі: http://www.asn-news.ru/news/72780#ixzz6EHafSPKt

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды       

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өткенсіз болашақ жоқ
Өткенсіз болашақ жоқ

Мемлекеттік орталық музей (МОМ) ірі «Nоmаd Life» Ө...

АҚШ-та өмірді сақтандыру полисі бойынша алаяқтықтың жаңа түрі табылды
АҚШ-та өмірді сақтандыру полисі бойынша алаяқтықтың жаңа түрі табылды

Екі адамға өмірді сақтандыру компанияларынан ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру