bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтарды қатерлі ісік дерті құртады: ҚР қай өңірлерінде өмір сүру қауіптірек

Негізінен бұл қауіпті дерт әйелдерге жармасады – бұл ауру басқа органдарға қарағанда сут бездерін жиірек зақымдайды деп today.kz хабарлайды.
Қазақстандықтарды қатерлі ісік дерті құртады: ҚР қай өңірлерінде өмір сүру қауіптірек

Today.kz редакциясы қатерлі ісікпен ауруының өсуіне Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісі қалайша әсер ететіндігін мәселесінің басын ашты.

Достарыңның немесе туыстарыңның бірі қатерлі ісік туралы, оған генетикалық бейімділігі туралы, өйткені біздің экологиямыз өзгергені туралы қаншалықты жиі естіп жүрсіз? Шың мәнісінде Қазақстанның онкологиялық тізілімінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері ойыншаонкологиялық ауруға шалдыққан 176 мың адам тіркелген. Жыл сайын 27 мың науқас қатерлі ісіктен көз жұмады.

Қатерлі ісікке шалдығудың жоғары ықтималдылығы ата-бабаларынан берілетін – генетикалық бейімділік, көптеген зиянды әдеттері бар адамдарда болады, сондай-ақ экологияның жағдайы да үлкен әсер етеді. Егер генетикалық бейімділікпен және салауатсыз өмір салтымен бәрі түсінікті болса, экологиямен жағдай басқаша болады.

Қазақстанның экологиясы әлі де талай жақсартуды қажет етеді. Шөлге айналу, жердің азуы, ландшафттың жұтаңдануы, нашар өңірлерде мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының дамуының төменгі деңгейі, Іле, Сырдарья оңтүстік өзеңдерінің бассейндерінде судың азаюы да қазақстандықтардың денсаулығына әсер етеді.

Оған қоса Арал теңізінің ауданы азайып, Балқаш көлі де кішірейіп жатыр.

Қазақстанда жеткілікті деңгейде тазаланбайтын және сүзгіленбейтін жетілмеген жабдықты пайдаланатын өңдеуші және энергетикалық кәсіпорындардың кесірінен ауаның ластануы мәселесі орын алуда. Мұндай экологиялық катаклизмдер Қарағанды және Павлодар облыстарында ауқымды деңгейде байқалады.

Медициналық сақтандыру қорының мәліметтері бойынша Қарағанды облысында 3769 адам «қатерлі ісік» диагнозымен тіркелді. Павлодар облысы да онкологиялық ауруға шалдыққандардың өлімі бойынша бірінші қатардан орын алуда. Науқастар санының өсуі облыс аумағында өнеркәсіп қарқынды түрде дамып келетіндігімен шарттасқан. Павлодардың маңайындағы тұрғындар түрлі кәсіпорындардан қауіпті массаларының кері әсеріне ұшырайды.

Химиялық және мұнай химиялық өнімді, қара және түрлі-түсті металлды өндірушілерінен, тау кен өнеркәсібінің зауыттарынан зиянды және улағыш қалдықтар да тұрғындардың денсаулығы үшін өте қауіпті. Бұл өндірістердің көбісі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.

Медициналық сақтандыру қорының мәліметтеріне сәйкес 2017 жылы онкологиядан 14 170 астам қазақстандық қайтыс болды. Қатерлі ісіктен өлімнің ең жоғары деңгейі ШҚО-да – 4235 адам, ОҚО-да – 3057 адам, Алматыда – 4031 адам өлді.

Онкологиялық аурулар бойынша өсудің динамикасы туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2018 жылғы маусымның соңында айтқан болатын: «Аурулардың құрылымында негізгі үлесті сүт безінің ісігі құрайды – 13,8 пайыз, өкпенің қатерлі ісігі – 11,8 пайыз, асқазанның қатерлі ісігі – 8,6 пайыз. Бұл ретте қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың 70 пайызы – бұл еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар болып табылады».

Сонымен қатар министр Қазақстанда науқастардың емделуі мен бақылануын мониторингілеу үшін ақпараттық жүйелер толықтай енгізілмегендігін, сонымен қатар радиологиялық бейнелерді архивтеу және жіберу үшін медициналық жүйелер жоқ екендігін хабарлады. Бұның бәрі, министр атап көрсеткендей, қатерлі ісікті табысты емдеу үшін кедергі келтіріп отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрліктің мәліметтері бойынша Қазақстанда онкологиялық ауруларды тиімді емдеуге 2019 жылы Павлодар қаласында радиологиялық корпусымен онкодиспансердің ашылуы мүмкіндік береді. Сонымен қатар Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының құрылуы жоспарлануда.

Қазақстанда қатерлі ісікті диагностикалау және емдеу тегін – мемлекет есебінен жүргізілетіндігін естен шығармау керек. Ауру бар болғанда, оны уақтылы диагностикасын жасау үшін скринингтен немесе медициналық тексеруден тұрақты түрде өту маңызды болады. Ең бастысы уақытты өткізіп алмау керек.

Дереккөзі: http://today.kz/news/zdorove-i-krasota/2018-07-11/767776-rak-ubivaet-kazahstantsev-v-kakih-regionah-rk-zhit-opasnee-vsego/

Фотосуреттер allmoldova.com, informburo.kz сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
100 жыл: XXI ғасырда туылған адамдар үшін өмірдің жаңа ұзақтығы?
100 жыл: XXI ғасырда туылған адамдар үшін өмірдің жаңа ұзақтығы?

2150 жылға қарай биомедициналық ғылым мен дәрі-д...

Freedom Life бес жылдығын атап өтті
Freedom Life бес жылдығын атап өтті

Бес жыл бұрын Freedom Finance life брендімен команда өз ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру