bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстан шетелдіктер үшін сақтандыру нарығын ашуда

Осы жылдан бастап шетелдік сақтандырушылар Қазақстанда жеңілдетілген рәсім бойынша филиалдар аша алады. Шетелдік компаниялар қалай жұмыс істейтіні туралы ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төраға орынбасары (ҚНРДА) Мария Хаджиева айтып берді.
Қазақстан шетелдіктер үшін сақтандыру нарығын ашуда

Біздің еліміздің аумағында қаржы қызметін бастау үшін шетелдік қаржы ұйымы филиалды ашуға рұқсат алып, содан кейін ҚНРДА-дан тиісті лицензияны алуы тиіс.

«Шетелдік сақтандыру ұйымдарының филиалдары сақтандыру төлемдеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болуы және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-мен қатысу шарты болуы қажет. Филиалдар жасаған шарттар бойынша төлемдер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қаражаты есебінен кепілдендірілетін болады, филиал жабылған жағдайда сақтандырудың кепілдік берілген сыныптары аясында сақтандыру шарттары бойынша үздіксіз төлемдерді жүзеге асыруға және сақтандыру портфелінің құрамына кіретін міндеттемелерді орындау бойынша мирасқорлықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді қаржы реттеушісінің төраға орынбасары.

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін шетелдік филиал резерв ретінде қабылданатын активтерді құрып, оларды сенімділіктің жоғары деңгейі бар Қазақстанның екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотына орналастыруы қажет. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының жиынтық активтерінің сомасы 5 млрд АҚШ долларына баламалы сомадан төмен болмауы тиіс, бұл ретте жұмыс тәжірибесі – сақтандырудың барлық саласы мен сыныптарында 10 жылдан кем болмауы керек.

Бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы жалпы сақтандыру саласы бойынша немесе өмірді сақтандыру, сонымен қатар тиісті лицензияларды алу шартымен қазақстандық сақтандыру компаниялары үшін ұқсас қайта сақтандыру қызметі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыра алады.

Бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарын пруденциялық реттеу қайтадан құрылатын сақтандыру ұйымы үшін талап етілетін Жарғы капиталының ең төмен мөлшері орнына ұқсас мөлшерде (1,5 млн АЕК бастап 10,5 млн АЕК дейін) АПР-дың ең төмен мөлшерін белгілеуді қарастырады. Қаражат халықаралық шкала бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің «ВВ+» төмен болмайтын немесе Moody's Investors Service және Fitch рейтингілік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингісі бойынша ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарына орналастырылады.

Бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметіне тексеріс жүргізген кезде агенттік шетелдік қаржылық қадағалау органынан ақпарат алуға құқылы. Бұл ретте, бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктер анықталған жағдайда, агенттік одан аудит жүргізуді талап ете алады.

«Бейрезидент-сақтандыру ұйымы шетелдік қаржылық қадағалау органының рұқсаты негізінде, ерікті түрде қызметін тоқтата алады. Сонымен қатар, агенттікпен лизенциядан айыруға байланысты мәжбүрлі түрде тоқтатады. Бірақ, айтып өткендей, бұл жағдайда клиенттердің қолданыстағы шарттары бойынша төлемдері кепілдендірілген. Қызметті тоқтату негіздері – бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Қазақстан-Республикасы заңнамасын бұзуы, лицензиядан айыру немесе бейрезидент-ұйымның таратылуы болып табылады» - деп түйіндейді Мария Хаджиева.  

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру