bs-preloader__icon
ru kz en

ӨСК өсімге дайын

ӨСК сыйлықақыларының жылдық динамикасы тежеуді бәсеңдетуде.
ӨСК өсімге дайын

2022 жылғы маусымның қорытындылары бойынша ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақылары өткен жылдың осы кезеңіне 11,6%-ға түсімді көрсетті, ал жылдық көріністе мамырдың қорытындылары бойынша сыйлықақылар 14,3%-ға қысқарды. Жиынтық түрде ӨСК 161,4 млрд теңге, ал Unit-linked өнімі бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін ескеріп – 165,4 млрд теңге жинады. «Nomad Life» ӨСК Unit-linked өмірді инвестициялық сақтандыру өнімін ұсынатын жалғыз өмірді сақтандыру компаниясы болып қалады. Маусымда бұл өнім бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі 4 млрд теңгені құрады. 2022 жылғы шілденің басына өмірді сақтандыру саласында «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі Unit-linked сатуларды ескеріп 26,6% құрады.

«Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылар динамикасы маусымның қорытындылары бойынша жылдық көріністе мамырдың қорытындылары бойынша 10,7%-ға жылдық динамиканың төмендеуіне қарсы 6,9%-ға дейін төмендеді. Дегенмен, мамырға қатысы бойынша сыйлықақылар 22,1%-ға өсті. Жалпы ӨСК 84,4 млрд теңге сыйлықақылар жинады. Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылар ӨСК жиынтық портфелінде (Unit-linked өнімі бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін ескеріп) 51%-ды алуды жалғастыруда. Осы сегментте сыйлықақыларды жинайтын тоғыз ӨСК-ден екі ӨСК сыйлықақылардың теріс жылдық өсімін көрсетті. Мамырға қатысы бойынша барлық ӨСК сыйлықақылардың оң динамикасын көрсетті.

«Өмірді сақтандыру» сыныбының көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып табылады. Ол сыйлықақылар портфелін 34,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, алайда оның сегментте нарықтық үлесі өзгерген жоқ және 40,4% деңгейінде қалды. Екінші позицияда «Nomad Life» ӨСК тұр, сақтандырудың осы сегменті бойынша оның портфелі 21,6 млрд теңгеге дейін өсті, ал нарықтық үлесі 25,6% құрады. «Еуропалық сақтандыру компания» ӨСК (ЕСК) өмірді сақтандыру сегментінде үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. Маусымның қорытындылары бойынша ӨСК 17,5 млрд теңгеге дейін өсті, ал сегментте  нарықтық үлесі мамырдағы 15,5%-дан 20,8%-ға дейін ұлғайды.

2022 жылғы маусымның қорытындылары бойынша «Аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылар динамикасы жылдық көріністе 44,8%-ға қысқарды, бұл 48,8%-ға сыйлықақылардың мамырдағы жылдық қысқаруына қарағанда азырақ. Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жинықтық портфелі ӨСК жиынтық сыйлықақыларында 25,2%-ды ала отырып, 41,7 млрд теңгені құрады. «Зейнетақы аннуитеттері» сыныбы бойынша сыйлықақылар жылдық көріністе 37,1 млрд теңгеге дейін 48,7%-ға түсті. Сыйлықақылардың қысқаруы дегенмен мамырдың қорытындыларынан әлсіз болды, ол кезде жылдық көріністе сыйлықақылар 53%-ға төмендеген.

2022 жылғы маусымның қорытындылары бойынша аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегменттерінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Аннуитеттік сақтандыру бойынша компанияның сыйлықақылар портфелі 13,6 мрлд теңге сыйлықақыларға дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 12,9 млрд теңгеге дейін өсті. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі 32,6%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 34,8%-ды құрайды. «Halyk life» ӨСК 12,1 млрд теңге портфельмен аннуитеттік сақтандыруда, оның ішінде 10,5 мрлд теңге портфельмен зейнетақы аннуитеттері бойынша екінші позицияны алады. Аннуитеттік сақтандыруда, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша жиынтық сыйлықақыларда ӨСК үлесі тиісінше 29,1% және 28,5%-ды құрайды. «Freedom Life» ӨСК сегментте үшінші позицияда қалып отыр. Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК сыйлықақылар портфелі 8 млрд теңгеге дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 7,4 млрд теңгеге дейін өсті. Аннуитеттер сегментінде ӨСК нарықтық үлесі 19,3%-ға дейін, ал зейнетақы аннуитеттерінде - 20,2%-ға дейін өсті. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде сыйлықақыларды жинайтын сегіз ӨСК-ден алтауы жылдық көріністе жинақтардың төмендеуін көрсетті.

2022 жылғы маусымның қорытындылары бойынша «Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар жинағы мамырдағы 7,1% жылдық өсіміне 1,7%-ға (жылдан жылға) өсті. Жиынтық түрде ӨСК 2,6 млрд теңге жинады. ЖЖА сегментінің көшбасшысы 976,4 млн теңге портфельмен, осы сегменттің 37,5%-ын ала отырып, «Halyk life» ӨСК қалады. 22,6% нарықтық үлеспен, 588,5 млн теңгеге көлемдігі бойынша екінші портфель «Nomad Life» ӨСК-де. «KM Life» ӨСК ЖЖА сегментінде үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. Маусымда компания сыйлықақыларды 413,8 млн теңгеге дейін ұлғайтты және ЖЖА сегментінің жиынтық сыйлықақыларында 15,9%-ды алады.

«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті 2022 жылғы маусымда жылдық көріністе «Өмірді сақтандыру» саласының сегменттері арасында тағы ең көп өсімді көрсетті. Динамика мамырдағы 127,5% жылдық динамикаға қарсы 2021 жылдың осы кезеңіне 141,9%-ды құрады. Ақшалай көріністе ӨСК жиынтық жинақтары 2 млрд теңгеден асты. Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып табылады, ол портфелін 855 млн теңгеге дейін ұлғайтты және мамырдың қорытындылары бойынша 35,8%-ға қарсы сегменттің 40,9%-ын алады. Екінші позицияда 625,8 млн теңге портфельмен және 29,9%-ға нарық үлесімен «Halyk life» ӨСК тұр. Үшінші позиция сыйлықақылардың 469 млн теңгесін жинаған және сегменттің 22,4%-ын алатын «Freedom Life» ӨСК-де.

ӨСК бөлігінде жиналатын, жазатайым оқиғадан сақтандыру бойынша (ЖО) жинақтар жылдық көріністе мамырдағы 25,8% түсімге қарсы 2022 жылғы маусымда жылдық көріністе 5,1%-ға түсті. Ақшалай көріністе ӨСК 8,89 млрд теңге жинады. «Freedom Life» ӨСК 2,8 млрд теңге портфельмен және сегментте 31,6% ала отырып, сегментте көшбасшы болып табылады. Екінші позицияда 2,2 млрд теңге сыйлықақылар көлемімен және 25% сегментте үлесімен ЕСК ӨСК тұр. «Halyk life» ӨСК сегментте 2,1 млрд теңге портфельмен және 24,4%-ға нарықтық үлеспен үшінші позицияда қалып отыр.

«Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ҚЖОМС) секторында сыйлықақылар 2022 жылғы маусымның қорытындылары бойынша жылдық көріністе мамырдағы 31,5% (жылдан жылға) өсімге қарсы 37,9%-ға өсті. Жиынтық түрде ӨСК 24,4 млрд теңге жинады. Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып қалады, оның портфелі 6,6 млрд теңгеге дейін, ал сегментте үлесі - 27%-ға дейін өсті. Сегменттің екінші ірі сақтандырушысы сыйлықақылардың 4,8 млрд теңгесін жинаған және 19,7%-ға нарықтық үлесті алатын, «Halyk life» болып табылады. 4,6 млрд теңге жинаған және 18,9%-ға нарықтық үлесті алатын «Nomad Life» ӨСК – ҚЖОМС сегментінің үшінші ірі сақтандырушысы.

ӨСК бөлігінде ауру жағдайына сақтандыру бойынша (ЕМС) сыйлықақылар 2022 жылғы маусымда жылдық көріністе мамырдағы 110,3% жылдық өсімге қарсы 122,9%-ға өсті. ӨСК бөлігінде ЕМС бойынша сыйлықақылардың жиынтық портфелі 1,87 млрд теңгеге дейін өсті. «KM Life» ӨСК 1,34 млрд теңге портфельмен сегменттің көшбасшысы болып қалады – сыйлықақылардың айлық өсімі - 0,2%, жылдық - 88,5% құрады. Әлсіз айлық динамика сегментте ӨСК-нің нарықтық үлесіне теріс әсер етуде, ол мамырдағы 79,3% және сәуірдегі 83,3%-ға қарсы 71,6%-ға дейін қысқарды. Көшбасшы үлесінің төмендеуі ең алдымен екінші позицияда келе жатқан ЕСК ӨСК-нің портфелінің өсімімен байланысты. Компанияның портфелі мамырдағы 19,6% және сәуірдегі 15,8%-ға қарсы 27,1%-ға дейін нарықтық үлесін ұлғайтып, 508,8 млн теңгеге дейін өсті. «Freedom Life» ӨСК 16,3 млн теңге портфельмен және мамыр мен сәуірдің қорытындылары бойынша 0,6% үлеске қарсы 0,9% нарықтық үлеспен, ӨСК бөлігінде сегментте үшінші позицияны алады.

2022 жылғы маусымда ӨСК жиынтық активтері мамырдағы 19,8%-ға жылдық өсімге қарсы 23,9%-ға дейін жылдық өсімді үдетті және 833 млрд теңгеден асырды. Сақтандыру резервтері жылдық көріністе 604,7 млрд теңгеден асып, мамырдағы 22,6% (жылдан жылға) қарсы 25,1%-ға ұлғайды. ӨСК меншікті капиталы 148,5 млрд теңгеге дейін, өткен жылдың осы кезеңіне 17,7%-ға өсті. Бұл мамырдың қорытындылары бойынша 9,9%-ға жылдық өсімнен жоғары.

 

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру секторының динамикасы туралануда
Өмірді сақтандыру секторының динамикасы туралануда

2022 жылғы ақпанда ӨСК сыйлықақылар түсімінің қ...

Қазақстандағы сақтандыру нарығы 2018 жылы 10%-ға артады.
Қазақстандағы сақтандыру нарығы 2018 жылы 10%-ға артады.

Мұндай пікірді Алматы қ. «Орталық Азиядағы сақ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру