bs-preloader__icon
ru kz

Қаржы ұйымдары бүліктен кейінгі шығындарын есептеуде

Қазақстанға лаңкестік шабуыл кезінде елдің барлық қаржы ұйымдары жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Адамдар оңай олжаны іздеумен банктер мен сақтандыру компанияларының кеңселерін қиратты, банкоматтарды тонауға тырысты. Қазір қаржы құрылымдар әдеттегі режимде жұмыс істеуге тырысып жатыр, қираған бөлімшелерді қалпына келтіруде және көмек көрсетуде, деп хабарлайды "ПроДеньги" сайты.
Қаржы ұйымдары бүліктен кейінгі шығындарын есептеуде

Еліміздің ең ірі банктері Kaspi.kz және Halyk қайтыс болған әлеуетті құрылым қызметшілерінің отбасыларына, бүліктен кейін зардап шеккен, жергілікті билік адамдарына көрсетіп жатқан көмек туралы айтып жатыр, бірақ шығыстар көлемі мен бөлімшелерді, кеңселерді, банкомат желісін қалпына келтіруге шығындардың жалпы көлемін жария етпеді. Әңгімелерде қаржыгерлер жалпы шығын миллиардтаған теңгені құрауы мүмкіндігін айтады, бұл жүйеқұрушы ұйымдарға көп емес.

«Залал есептелді, ол Банктің меншікті күштерімен өтелетін болады. Бұл жерде қаскүнемдердің шабуылына ұшыраған бірнеше банкоматтардың сыртқы зақымдануына қарамастан, бірде біреуінде ішіндегі зардап шекпегенін айту орынды, ол мықты сейфтердің арқасында мүмкін болды», - деді Сбербанк Қазақстан баспасөз қызметінде.

Jusan Bank-те Алматыда бүлік кезінде бес бөлімше, 25 банкоматтар мен төлем терминалдары зардап шеккенін айтты. Қазақстанның басқа қалаларында жоғалтулар жоқ, ал қаңтардағы тәртіпсіздіктерден шығынның нақты сомасы есептелуде.

«Қазіргі таңда ТЖ кезінде зардап шеккен бірқатар банкоматтар мен терминалдарға қолжетімділік жабық болғандықтан, шығынды есептеу әлі жүріп жатыр. Алматыда филиал мен бөлімше зардап шекті – жиһаз, құрал-жабдық және техника (банкоматтар және төлем терминалдары). Алдын ала сома 100 миллионнан сәл астамды құрайды», - деді Нұрбанк баспасөз қызметінде.

Сақтандыру компанияларының көп бөлігінің ғимараттары зардап шеккен жоқ. Nomad Life өмірді сақтандыру компаниясының (ӨСК) бас кеңсесі Республика алаңында орналасқан. Барлығына белгілі, алаңның бүткіл сәулет кешені талқандаушылардың шабуылына ұшырады. «Біз шығындарды есептеу рәсімін бастап кеттік, бірақ нақты соманы атау әзірге ерте, себебі зақымдалған мүлікті бағалау әлі жүргізілген жоқ», - деп пікір білдірді Nomad Life ӨСК баспасөз қызметінде және сақтанушылардан өтініштер әзірге түспегенін айтты. Алайда тәжірибеде адамдар сақтандырушыларға бір ай, жарты жыл, бір жылдан кейін жүгінуі мүмкін.

Халык-Life ӨСК-нің алматылық филиалы орналасқан ғимарат түтіннен зардап шекті. «Осыған байланысты, біз уақытша филиалды Халық банктің ғимаратына көшірдік. Алдын ала баға бойынша біздің компаниямызда елеулі шығындар жоқ», - деп ақпарат берді ұйымның баспасөз қызметі. Компанияда әзірге төтенше жағдай кезінде болған жазатайым оқиға бойынша бір ғана өтініш түскенін айтады, бірақ «құжаттардың ақырғы сараптамасы сақтандыру шартымен қарастырылған барлық құжаттар берілгеннен кейін ғана мүмкін».  


Қазіргі уақытта біз клиенттерімізден қоңырауларды қабылдап жатырмыз. Бізге қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру жағдайы туралы хабарламалар келіп түсті. Сақтандыру жағдайымен байланысты құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін біздің компания зардап шеккен қзыметкерлерге және оларлың асырауындағы адамдарға сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады.

Freedom Finance Life ӨСК біздің клиенттерден қоңырауларды қабылдайды: «Бізге қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру жағдайы туралы хабарламалар келіп түсті. Сақтандыру жағдайымен байланысты құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін біздің компания зардап шеккен қзыметкерлерге және оларлың асырауындағы адамдарға сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады».

Кредит демалыстары және қаржылық көмек

Қаңтардағы қасірет кезінде алматылықтардың көп бөлігі және Қазақстанның бірнеше қалаларының тұрғындары жұмысынан айырылды. Ірі және шағын кәсіпорындар тіпті тоналды, әлі жабық. Бизнес үшін де, адамдар үшін де жұмыссыз тұрудың кез-келген күні жоғалтуларды білдіреді, сондықтан халықты және бизнесті қолдау үшін 10 қаңтарда
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде, зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін беру бойынша бұйрық қабылдады. Барлық банктер ҚНРДА-ның бұйрығына бағынды, бірақ кейбірі адамдардың өтініштерін жеке тәртіпте қарау дайындығы туралы айтты. «Жеке тәртіпте ТЖ кезеңінде зардап шеккен жеке, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге негізгі қарызды және есептелген сыйақыны өтеу бойынша кейінге қалдыруды беру мақсатымен және 2022 жылғы 05 қаңтардан бастап 31 қаңтар аралығында жүгінгендердің өтініштері қаралады», - деп түсіндірді Нұрбанк баспасөз қызметі. 

Енгізілген ТЖ режимі жағдайында қаржылық жағдайы қиындаған клиенттерді қолдау бойынша іс-шаралар аясында, Jusan Bank өз клиенттеріне қолданыстағы кредиттер бойынша кейінге қалдыруды пайдалану мүмкіндігін береді. Кейінге қалдыру жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді. 14 қаңтардағы жағдай бойынша оны 17 ШОБ субъект-клиенттер, сондай-ақ 32 жеке қарызгерлер пайдаланды.   

«Клиенттердің барлық өтініштері жеке тәртіпте қаралатын болады. Қазіргі таңда біз төлемдерді кейінге қалдыруды беру мәселесі бойынша клиенттердің өтініштерінің жоғары санын тіркеген жоқпыз», - деді ВТБ Қазақстанда.

Halyk Bank, Kaspi.kz, Jusan Bank, Банк ЦентрКредит, Қазақстан Альфа-Банкі, Altyn Bank, ВТБ Банкі (Қазақстан) қызметтік міндеттерін атқарған кезде қайтыс болғандардың отбасыларына қолданыстағы кредиттерді жояды. Еліміздің барлық банктік ұйымдары асыраушыларынан айырылған отбасыларды қолдауға және қаланы қалпына келтіруге қаражат аударуда.

«Болған жағдайлардан кейін Халык-Life қызметшілері біркүндік жалақыны аудару есебінен оларға материалдық көмек көрсету түрінде қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау білдіруге шешім қабылдады», - деп бөлісті ұйымның баспасөз қызметінде.


ҚР ІІМ-нің деректері бойынша соңғы оқиғалар барысында әлеуетті құрылымдардың 19 қызметкері мен жұмысшылары қайтыс болған. Отбасылар негізгі асыраушыларынан айырылды, балалар әкесіз қалды. Nomad Life ӨСК бұл отбасыларға екі миллион теңгеден бөледі. «Адам өмірі баға жетпес екенін біле отыра, Nomad Life компаниясы жақындарының қайғысына ортақтасады және ауыр кезеңде оларға жәрдемдесуге ниетті. Жақындары компанияның жақын кеңселеріне жүгіне алады», - деді Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрағасы
Қайрат Чегебаев.

Freedom Support сақтандыру бағдарламасының көмегімен Freedom Finance Life енді әкелері оларға қамқорлық жасай алмайтын балаларға көмектесетін болады. «Бағдарлама шарттары бойынша компания ай сайын қайтыс болған қызметкерлердің балаларының пайдасына олар 18 жасқа толғанға дейін 200 000 теңгеден төлейтін болады. Біздің компаниямыздың міндеті қаржылық қауіпсіздікті және кез-келген күтпеген жағдай кезінде сенімділікті беретін, адамдар үшін қажет сақтандыру өнімдерін жасау», - дегенді айтты ұйымның баспасөз қызметінде.

Айта кетсек, бүлік кезінде адамдар бір апта бойы далаға шыққан жоқ, көптеген дүкендерде азық-түлік таусылған, интернет пен банкоматтар жұмыс істеген жоқ. Мүмкіндік пайда болысымен Freedom Finance Life мұқтаж адамдарға азық-түлік жәшіктерін жинап, жолдады.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетте аннуитет көмектесуі мүмкін 3 белгі
Зейнетте аннуитет көмектесуі мүмкін 3 белгі

Мамандар зейнетке шыққаннан кейін тұрақты таб...

Жеке жинақтар нарығындағы жаңа бағдар
Жеке жинақтар нарығындағы жаңа бағдар

Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларына...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру