2021 жылдың тоғыз айында ӨСК сыйлықақыларының динамикасы жылдық көріністе 75,4%-ды құрады. Қаңтар-қазандағы жиналған ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақылары 314,6 * млрд теңгеге жетті.
103,1 млрд теңгеге сыйлықақылардың ең көп портфелін «Halyk life» ӨСК алды. Компанияның өмірді сақтандыру нарығындағы үлесі 32,8%-ды құрайды. Өмірді сақтандыру компаниялары арасында активтер (232,8 млрд теңге), сақтандыру резервтері (172,1 млрд теңге) және үлестірілмеген табыс (9,2 млрд теңге) бойынша көшбасшы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Ол сақтандыру резервтерінің көлемі бойынша ҚР бүткіл сақтандыру нарығында көш бастап келеді. Өмірді сақтандыру саласында «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі 32,2%-ды (101,3 млрд. теңге*) құрайды. «Nomad Life» ӨСК Unit-linked өмірді инвестициялық сақтандыру өнімін ұсынатын өмірді сақтандыру бойынша жалғыз компания болып табылады, 2021 жылғы қазанның қорытындысы бойынша компанияның портфелі 9,1 млрд теңгеге ұлғайды.
2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша «Өмірді сақтандыру» сегменті өмірді сақтандырудың тез өсуші және ең көлемді сыныбы болып қалады. «Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылардың жылдық өсімі 94,9%-ды құрады, жылдық көріністе сыйлықақылар 143,1 млрд теңгеге жетті. Сыйлықақылардың өсімін осы сегмент көшбасшыларының жоғары жинақтары қамтамасыз етті: жылдық көріністе «Halyk life» ӨСК портфельді 107,8%-ға, «Nomad Life» ӨСК 98,6%-ға ұлғайтты. Сегіз ай қатарынан сыйлықақылардың ең көп өсімін «Standard Life» ӨСК көрсетіп отыр: қазанда сыйлықақылар 239%-ға (жылдан жылға) өсті.
«Өмірді сақтандыру» сегментінің көшбасшысы 62,4 млрд теңге портфель жинаған, бірақ бұл сегментте үлесін 43,7%-ға дейін төмендеткен «Halyk life» ӨСК болып қалады. Көлемі бойынша екінші 47,5 млрд теңгеге портфельді «Nomad Life» ӨСК жинады, сегментте нарықтағы үлесін 33,2%-ға дейін ұлғайтты. «Еуропалық сақтандыру компания» ӨСК (ЕСК) өмірді сақтандыру бойынша үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. 2021 жылғы қазанның қорытындысы бойынша ӨСК сегменттің 15,8%-ын ала отырып, портфелді 22,6 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.
2021 жылдың қазан айының қорытындылары бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақылары өсімнің қарқынын төмендетуді жалғастыруда. Сақтандыру жинақтары 80,3%-ға өсті, ал қыркүйекте жинақтар 85,9%-ға, тамызда 96,4%-ға (жылдан жылға) өскен. Зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақылар динамикасы жылдық көріністе тамыздағы 90,8%-ға және 101,9%-ға (2020 жылдың ұқсас кезеңдеріне) өсімге қарсы, 80,3%-ға өсімді көрсетіп, сондай-ақ төменге бағытталды. Аннуитеттік сақтандыру және оған кіретін зейнетақы аннуитеттері барлық ӨСК жинақтарының мықты есебінен өсті, алайда олардың бір бөлігі ғана нарықтан жоғары динамиканы көрсетті. Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақылары абсолюттік көріністе 112,4 млрд теңгені, зейнетақы аннуитеттері бойынша – 106,4 млрд теңгені құрады.
Аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегменттерінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. 2021 жылғы қаңтар-қазанның қорытындылары бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК сыйлықақыларының көлемі 36 млрд теңгеге дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 35 млрд теңгеге өсті. Қазанның қорытындысы бойынша «Nomad Life» ӨСК аннуитеттер сегментінің 32%-ын, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 32,9%-ды алады. Көлемі бойынша екінші аннуитеттік сыйлықақылар портфелі аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 31,1 млрд теңгесін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 28,8 млрд теңгесін жинаған «Halyk life» ӨСК-де. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде ӨСК үлесі 27,7%-ды, зейнетақы аннуитеттері сегментінде 27,1%-ды құрады. Үшінші позиция сыйлықақылардың 14,7 млрд теңгесін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 14,4 млрд теңгесін жинаған «Евразия» ӨСК-де. 2021 жылдың он айының қорытындысы бойынша «Евразия» ӨСК «Аннуитеттік сақтандыру» сыныбында 13,1%-ға, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 13,5%-ға үлесті алады.
«Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша сыйлықақылар динамикасын 4,3 млрд теңгеден асырып, жылдық көріністе тоғыз айдың қорытындысы бойынша 21,9%-ға және сегіз айдың қорытындысы бойынша 23,4%-ға (жылдан жылға) қарсы 20,1%-ға дейін төмендетті. ЖЖА сегментінің көшбасшысы 36,3% нарықтық үлеспен, 1,5 млрд теңгеге дейін сыйлықақылар портфелін ұлғайтқан «Halyk life» ӨСК қалады. Екінші орында «Nomad Life» ӨСК тұр, оның сыйлықақылар портфелі 933,4 млн теңгеге дейін өсті, ал нарықтық үлесі 21,7%-ды құрады. Үшінші позицияға сыйлықақылардың 514,3 млн теңгесін жинаған «KM Life» ӨСК қайтып оралды және осының есебінен сыйлықақылары 512,5 млн теңгені құраған «Standard Life» ӨСК-ні озып шыға алды. 2021 жылдың он айының қорытындысы бойынша «KM Life» ӨСК ЖЖА сегментінің 11,9%-ын, «Standard Life» ӨСК ЖЖА сегментінің 11,89%-ын алады. Сегмент көшбасшылары үштігінің үлесі 2021 жылдың он айының қорытындысы бойынша да қысқаруды жалғастырды, және тоғыз айдағы 71,5%-ға және сегіз айдағы 71,9%-ға қарсы 69,9%-ды құрады.
2021 жылғы қазанда «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегментінде сыйлықақылар динамикасы жылдық көріністе қыркүйектегі 36,1% өсімге қарсы 27,3%-ға дейін құлады. Абсолюттік цифрлармен ӨСК сыйлықақыларының жиынтық портфелі 1,69 млрд теңгеге дейін жетті. Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып қалуды жалғастыруда. Қазанда ӨСК сыйлықақылар портфелі 849,7 млн теңгеге дейін өсті, алайда нарықтық үлесі қыркүйектегі қорытындылар бойынша 52,9%-ға қарсы 50,2%-ға дейін қысқарды.
«Halyk life» ӨСК 713,3 млн теңге жинап, осы сегментте сыйлықақылар жинағы бойынша екінші орынды алады. Компания сыйлықақыларды өсіруді жалғастыруда, сегментте оның нарықтық үлесі қазанның қорытындылары бойынша қыркүйектегі 39,5%-ға қарсы 42,1%-ды құрады. 98,1 млн теңге портфельмен үшінші позицияда 5,8%-ға нарықтық үлесті ала отырып, «Nomad Life» ӨСК тұр. 2021 жылдың он айының қорытындысы бойынша «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сыныбы бойынша ірі ӨСК үштігі 98%-ды жинады.
ӨСК бөлігінде жиналатын жазатайым оқиғадан сақтандыру (ЖО) бойынша сыйлықақылар 2020 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,4%-ға өсімді көрсетіп, 2021 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 14,78 млрд теңгені құрады. Қазанда сегментте көшбасшы ауысты. Бірінші позицияға сыйлықақылардың 4,3 млрд теңгесін жинаған және сегменте нарықтағы үлесін қыркүйектегі 28,6%-ға қарсы 29,2%-ға дейін ұлғайтқан, «Freedom Finance Life» ӨСК шықты. Бұрынғы көшбасшы - «KM Life» ӨСК 4 млрд теңге көлеммен екінші орынға түсті, компания бесінші ай қатарынан портфельдің өте әлсіз динамикасын көрсетіп отыр, нәтижесінде оның нарықтық үлесі қыркүйектегі 30,8%-ға қарсы 27,6%-ға дейін қысқарды. Үшінші позицияға сыйлықақылардың 3 млрд теңгесін жинаған және сегментте үлесін қыркүйектегі 20,4% үлеске қарсы 20,6%-ға дейін ұлғайтқан ЕСК ӨСК орнықты.
2021 жылғы он айдың қорытындысы бойынша «Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар тоғыз айдың қорытындысы бойынша 6,4%-ға (жылдан жылға) өсімнен динамиканы төмендетіп, 6,2%-ға өсімді көрсетті. ЖОМС бойынша ӨСК жиынтық портфелі 33,4 млрд теңгеге жетті. ЖОМС сегментінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады, оның портфелі 8 млрд теңгеден асып түсті және ӨСК-ге сегментте 24,2%-ға нарықтық үлесті қамтамасыз етеді. «Halyk life» ӨСК қазанның қорытындысы бойынша портфель үлкендігі бойынша екінші ЖОМС сақтандырушысы болып табылады: ол сыйлықақылардың 7,39 млрд теңгесін жинады және сегментте 22,1%-ды алады. Үшінші орынға 5,8 млрд теңге жинаған және сегментте 17,4%-ға үлесті алатын, «Евразия» ӨСК жайғасты. ЖОМС сегментінің көшбасшылары – ӨСК үштігінің нарықтық үлесі 2021 жылғы он айдың қорытындысы бойынша қыркүйектің қорытындыларымен салыстырғанда өзгерістерге ұшырамай, 63,7%-ды құрады.
ӨСК бөлігінде жиналатын ауру жағдайына сақтандыру (ЕМС) бойынша сыйлықақылар жинағы 2021 жылғы он айдың қорытындылары бойынша компаниялар 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындылары бойынша көрсеткен 78%-ға қарсы 66,3%-ға дейін өсімнің жылдық қарқынын бәсеңдетті. Жылдық көріністе сыйлықақылар 1,75 млрд теңгеден асып түсті.
«KM Life» ӨСК сыйлықақылардың 1,4 млрд теңгесін жинап, бұл ретте қайтадан нарықтық үлесін қысқартып, ӨСК арасында сегменттің ірі сақтандырушысы болып қалуды жалғастыруда. 2021 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша «KM Life» ӨСК-нің портфелі қыркүйектің қорытындысы бойынша 83,8%-ға қарсы, ӨСК бөлігінде ЕМС сегментінде 80,3%-ды алады. Үлестің қысқаруы қыркүйекке қатысы бойынша 3,3%-ға сыйлықақылардың әлсіз динамикасымен және жылдық динамиканың бәсеңдеуімен шартталған: 2021 жылғы он айдың қорытындылары бойынша сыйлықақылар 40,9%-ға өскен, ал тоғыз айдың қорытындысы бойынша өсім 55,7%-ды құраған.
ӨСК бөлігінде ЕМС сыйлықақыларының жинағы бойынша екінші орынды 294,6 млн теңге жинаған және сегментте үлесін қыркүйектегі 13,3% үлеске қарсы 16,8%-ға дейін ұлғайтқан, ЕСК ӨСК алады. Үшінші орынды 26,1 млн теңге жинаған, алайда сегментте нарықтық үлесін ұлғайтпаған «Halyk life» ӨСК ұстап тұр. 2021 жылдың қазан айындағы қорытындылар бойынша ӨСК бөлігінде ЕМС бойынша «Halyk life» ӨСК-нің үлесі қыркүйекке қатысы бойынша өзгерген жоқ.
2021 жылдың он айының қорытындылары бойынша ӨСК жиынтық активтері өсімде 28%-ға дейін, ақшалай көріністе 733,7 млрд теңгеге дейін жылдамдады. Сақтандыру резервтері 515,5 млрд теңгеге дейін жетіп, 27,3%-ға ұлғайды. ӨСК меншікті капиталы 142 млрд теңгеге жетіп, 2020 жылдың осы кезеңіне 32,2%-ға көбірек болды.
* Unit-linked бойынша сыйлықақылар жинағын ескеріп ( ҚР ҰБ сайтында өнім бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі бойынша анықтамалық деректер ретінде көрсетілген)
Сурет ашық дереккөздерден