Өмірді сақтандыру институты әлемде ең берік және тұрақтылардың бірі болып табылады, себебі ӨСК банктерден ерекшелігі кредиттер бермейді. Дағдарыстар кезінде банктер жиі қарыздарды қайтара алмайтыны, ол банкротқа әкелетіні барлығына мәлім. Мысалы, тәуелсіздік жылдарында
Қазақстанның қаржы нарығында 136 банк таратылған. Бес жылда ЕДБ саны тоғызға қысқарған.
ӨСК бағалы қағаздарға және өзге өтімділігі жоғары құралдарға үйлестірілген инвестициялар есебінен клиенттерге жоғары табысты қамтамасыз етеді. «Жинақтаушы сақтандырудың артықшылықтары тегінде өмірді сақтандыру және қаражатты жинақтаудан басқа, клиент инвестициялық табысты және ӨСК-нің табысына қатысуды алады. ӨСК- лердің көбісі инвестициялық стратегияда консервативтік тәсілді ұстанатынына қарамастан, компанияларда үйлестірілген тәсіл мен қаржы құралдарын сауатты басқарудың арқасында клиенттің табысын өсіру мүмкіндіктері бар», - деп түсіндіреді Сентрас Коммеск Life-тің Басқарма төрайымы Гульжан Джаксымбетова. Жоғары табыстан бөлек, сақтандыру полисінің иесіне ӨСК-нің қорғауы әрекет етеді, сол себепті сақтандыру жағдайы басталған кезде компанияның клиенті немесе бенефициар төлемдерді алады.
Халықаралық тәжірибеде өмірді сақтандыру компаниялары зейнетақы қорларымен бірдей ең тұрақты қаржы институттары болып табылады. Өмірді сақтандыру саласы қызметінің ерекшелігі кейінгі өмір бойылық аннуитеттік төлемдермен капиталдың ұзақ мерзімді шоғырлануын
болжайды. «Мұны меншікті капиталдың мөлшеріне, төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі, өтімділігіне, активтердің сапасы мен әртараптандыруға, тұрақты түрде стресс-тесттерді, қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің барабарлығына тесттерді өткізуге қатысты
реттеуіш қоятын неғұрлым қатаң талаптар түсіндіреді», - дейді Nomad Life-тің Басқарма төрағасы Кайрат Чегебаев.
Қорытындысында, тәуелсіз Қазақстанның бар болуы уақытында өмірді сақтандыру саласында тек бір ғана сақтандыру компаниясы таратылды. «Кейбір әлеуметтік маңызды өнімдер бойынша сақтандырушылар сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып
табылады, ол азаматтар үшін төлемдерді сақтап қалудың қосымша кепілдігін береді. ӨСК сондай-ақ қайта сақтандыру компанияларының қызметтерін белсенді пайдаланады, оның ішінде қаржы тұрақтылығының ең жоғары рейтингілерімен шетелдік компаниялардың. Сонымен, біз
Қазақстан Республикасында өмірді сақтандырушылар бүгінгі күні айтарлықтай сенімді деп санаймыз», - дейді KM Life-та.
Қазақстандық өмірді сақтандыру компанияларын халықаралық рейтингілік агенттіктер бағалайды, мысалы, S&P, AM Best, Fitch және басқалары. Шетелдік сарапшылар компания қызметінің көрсеткіштерін талдау негізінде (төлемқабілеттілігі, қаржылай тұрақтылық, инвестициялық қызмет және басқасы) сенімділік бағаларын қояды және бірнеше жылға компанияның дамуын болжайды.
Реттеу
Төлемқабілеттілігі және кредитті төлеу қабілеттілігінің бағасы сақтандырушының өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі туралы талдауға мүмкіндік береді. Солай қаржылық қадағалау ӨСК-нің кейбір қаржы көрсеткіштерін реттейді. Мысалы, нақты төлемқабілеттілігінің нормативі компания егер бір күнде барлық клиенттерге сақтандыру төлемін жүзеге асыру қажет болатын кезде өзінің міндеттемелерін қаншалықты өтей алатынын көрсетеді.
«Сақтандыру компаниясы өз міндеттемелерін өтеу үшін қаржы құралдарын қаншалықты жылдам іске асыра алатынын көрсететін өтімділігі жоғары активтердің нормативі. Осы көрсеткіш жоғары болған сайын, соғұрлым осы активтердің өтімділігі жоғары, - дейді Халык-Life-тің Басқарма төрайымы Жанар Жубаниязова. – Инвестициялық табыстың деңгейі компания инвестициялық қызметті қаншалықты табысты жүргізіп отырғанын көрсетеді. Инвестициялық табыс жоғары болған сайын, соғұрлым компанияның меншікті капиталының өсімі көп болады».
Меншікті капиталдың мөлшері қаржы тұрақтылығы туралы талқылауға мүмкіндік береді. Меншікті капиталдың мөлшері көп болған сайын, соғұрлым сақтандыру компаниясы дағдарыстар кезінде нарықтың ауытқуларына орнықты болады, ал бұл дегеніміз компания өзінің капиталы есебінен көп шығындарды өтей алатынын білдіреді.
Осы барлық деректер тұрақты түрде Ұлттық Банктің сайтында жарияланады. Өмірді сақтандырушылардың инвестициялары Бағалы қағаздар нарығында өмірді сақтандыру компаниялары жұмысының негізгі қағидалары - өтімділік, сақталуы, табыстылық, сол себепті инвестициялық шешімдер қаржы құралы эмитентінің тәуекелін талдауды, макроэкономикалық ортаны және эмитент, сала, ел бойынша активтердің әртараптандыруын ескеріп қабылданады.
«Сол үшін ӨСК-нің ол жерде тәртібі жеткілікті болжамды, бірінші кезекте сенімділік талаптарымен анықталады. Бизнестің ерекшелігін ескере отырып, өмірді сақтандырушыларда «ұзақ» міндеттемелер және өз міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін сенімді ұзақ мерзімді қаржы құралдары қажет. Нәтиже ретінде, бүгінгі күні ӨСК өз активтерінің үлкен бөлігін мемлекет
және квазимемлекеттік сектордың компаниялары эмиттеуші орташа мерзімді және ұзақ мерзімді құралдарға инвестициялайды», - деп пікір білдіреді Nomad Life-тің Басқарма төрағасы.
ӨСК-нің инвестициялық активтері сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеледі. Жіктелудің негізгі параметрі эмитенттің кредиттік рейтингі болып табылады. «Мысалға, егер шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес қарыздық бағалы қағаздары халықаралық шкала бойынша «ВВВ-»- ден төмен рейтингілік бағасы болса, онда осы активтердің барлық 100% сапалы және өтімді ретінде жіктелетін болады, ал егер олардың «ВВ+» бастап «ВВ-» дейін төмен рейтингілік бағасы болса, онда осы активтердің 85% ғана сапалы және өтімді болып саналады, қалған 15%
пруденциялық нормативтерге жүктеме түсіретін болады», - дептүсіндіреді Халык-Life-тің Басқарма төрайымы.
Осылайша, реттеуіш талаптар сақтандыру компанияларына өздеріне жоғары кредиттік тәуекелдерді алуға мүмкіндік бермейді, ал олардың қолайлы деңгейі ғана. Өмірді сақтандырушылардың инвестициялық портфелі жиі зейнетақы қорларының инвестициялық портфеліне ұқсас – бұл табысы ұдайы өсетін сенімді құралдар. «Әдетте сақтандыру ұйымдары өмірді сақтандыру бойынша өнімдерді жасаған кезде тиянақталған табыстылықты анықтайды. Тиісінше, сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелінің орташа табыстылығы ӨСК-
нің өнімдері бойынша табыстылықтың тиянақталған деңгейінен кем бола алмайды. ӨСК өнімдері бойынша сыйақы төлеу қажеттілігіне байланысты біздің ойымызша тиянақталған кірістілікпен мемлекеттік қарыздық бағалы қағаздар, дефолттың төмен деңгейімен корпоративтік қарыздық бағалы қағаздар және ірі компаниялардың үлестік бағалы қағаздары кіретін инвестициялаудың консервативтік стратегиясы неғұрлым тиімді», - деген сенімде Сентрас Коммеск Life-тің Басқарма төрайымы.
Халықаралық тәжірибе
АҚШ-та өмірді сақтандыру нарығында 797 компания жұмыс істейді. Соңғы 13 жылда барлығы 3,7% таратылған. Бұл ретте елдің қаржы секторынан бұл уақытта 9,32% құрылым кетті. Бұл көрсеткіш өмірді сақтандыру нарығында баламаға қарағанда үш есе көп. 2016 жылы сақтандырудың барлық түрлері бойынша әлемдік сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық 28,58%-ын АҚШ сақтандырушылары жинады, ол қаражаттың шоғырлануының жоғары деңгейін, сондай-ақ Солтүстік Америка нарығына тән тәуекелдердің бағасын көрсетеді.
Жапонияның үлесінде сақтандыру қызметтері әлемдік нарығының 9,96%, ол бірінші кезекте ел халқының өмірді сақтандыру шарттарына инвестициялық өнім ретінде қызығушылығын танытумен түсіндіріледі. 466 млрд доллар мөлшерінде жиналған сыйлықақылар көлемімен. Қытай үшінші орынды алады (сақтандыру қызметтерінің әлемдік нарығының 9,85%), бұл 2000 жылдың осы көрсеткіш бойынша 16 орында болған кезден, елеулі бұзып шығуы болды.
Жыл сайын ГФР-де 400 миллионға жуық сақтандыру шарттарын жасайды. Бұл елдің әрбір тұрғыны үшін (балаларды қосқанда) орташа 5 полистен келеді. Сақтандыру компаниялары өткен жылы немістердің өмірді сақтандыруға салған сомалары 11,3%-ға өскенін атады. Жалпы
Германияның тұрғындары бұл қызметке 102 млрд евро төлеген.
Ұлыбританияда сақтандыру қызметтері жақсы дамыған: сақтандыруды банкте, Интернетте барлық мүмкін сайттарда және тіпті супермаркетте сатып алуға болады. Егер сіздің денсаулық жағдайыңызды жақсы деп бағалауға болса, өмірді сақтандырудың бірнеше түрі бар.
1. Уақыттың белгілі мерзіміне сақтандыру – сіз қайтыс болған жағдайда уақыттың белгіленген мерзімінде сақтандыру сомасының бүткілін төлеу жүргізілетін, өмірді сақтандыру жоспары. Сақтандырудың кейбір жоспарлары бойынша сондай-ақ төлемдер жүргізіледі, тіпті егер ажалды
диагноз қойылса.
2. Ипотекалық кредиттің қорғалуы. Өмірді сақтандырудың бұл түрі мерзімінен бұрын қайтыс болған жағдайға ипотекалық кредит бойынша төлемдерді қауіпсіздендіру үшін арнайы жасалған. Бұл жоспар бойынша сақтандыру сомасының төленуі уақыт өте келе сіздің ипотекалық кредит
төлемдеріңізге пропорционал азаяды.
3. Қауіпті ауру кезінде өмірді сақтандыру. Қазіргі таңда, өкінішке орай 65 жасқа жеткенше ажалды аурумен ауыру ықтималдығы өскен. Өмірді сақтандырудың бұл жоспары бойынша қатерлі ісік, жүрек ұстамасы, инсульт жағдайында сіздің қорғалуыңызға кепілдік беріледі – бұл аурулар
жағымсыз әрине, бірақ сіз өзіңізді және өз отбасыңызды қамтамасыз ете алатыныңызды біле тұра өзіңізді тыныш сезіне аласыз және медициналық шығындарды ойламайсыз.
Өмірді сақтандырудың француздық жүйесі үлкен емес салымдармен бірге сақтандыру жағдайлары кезінде қомақты төлемді білдіретінімен тартымды. Өмірді тәуекелді сақтандыру – бұл ұзаққа жасалатын шарт, ең азы 4-5 жылға, бірақ әдетте 10 жыл, тіпті 20 жылға жасалады.
Сурет ашық дереккөздерден