Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі екі жағдайда болады: шарттың қолданылуы аяқталғанға дейін өмір сүру және клиенттің қайтыс болуынан кейін.
«Әдеттегідей, сақтандыру шартын жасасу кезеңінде сақтанушы өзі пайда алушылар болып табылатын тұлғаларды анықтайды. Бұл ретте егер сақтанушы сондай-ақ сақтандырылушы болып табылса, мұның әрекет ететінін айта кету маңызды. Мысалы, ата-ананың біреуі ол бойынша өзі сақтанушы және сақтандырылушы болып табылатын сақтандыру шартын жасайды және баланы пайда алушы ретінде көрсетеді», - деп түсіндірді «Евразия» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның баспасөз-қызметі.
Сонымен қатар, жиі пайда алушылар сақтандырылушының мұрагерлері болып табылатын жағдайлар кездеседі. Бұл сақтандыру жағдайы сақтандырылушының қайтыс болуы болып табылатын шарттарға қолданылады. Мұндай сценарий кезінде сақтандыру төлемі барлық заңды рәсімдерді сақтаумен мұрагерлерге жүзеге асырылатын болады.
«Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында пайда алушы ретінде көрсетілген тұлға немесе сақтандырылушының мұрагерлері сақтандырушыға сақтандыру оқиғасының басталуы туралы хабарлама жіберуі тиіс. Содан кейін сақтандыру төлемін жүзеге асыруға өтініш береді. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішке сақтандыру қағидаларымен қарастырылған сақтандыру оқиғасының басталу дерегін растаушы құжаттарды және сақтандыру шартын қоса тіркеу қажет, олардың негізінде сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы мәселені қарайды», - деді «Евразия» ӨСК-да.
Қүжаттардың базалық жинағы:
- өтініш. Менеджердің кабинетінде сол жерде жазуға болады, онда сізге үлгіні береді және сұрақтарға жауап береді. Кейде нотариалды куәландырылған құжат талап етіледі.
- сақтандыру оқиғасының басталуын растайтын құжаттар;
- өтініш берушінің төлқұжаты, сақтандыру полисі және шарт;
- банк шотының деректері.
Барлық құжаттар жиналған кезде оларды сақтандыру оқиғасын тіркеу үшін сақтандырушыға беру қажет. Әдетте төлемдер бірнеше күнде жүргізіледі.
Сурет ашық дереккөздерден