Технологиялық стартаптар тек қана портфельді инвесторларды ғана емес, сонымен қатар сақтандыру компанияларын да қызықтырады. InsurTech-шешімдеріндегі пайда болу мен салымдар екі жаққа да тиімді болмақ — біріншілер өз технологияларын дамытуға мүмкіндік алса, екіншілері — сақтандыру нарығында басымдыққа ие бола алады. Алайда стартаптар арасында бәсекелестік өте жоғары. Даму бағыттарын да нарықтың тар және перспективалы сегментерінле таңдау керек. Егер андеррайтинг (сақтандыру тәуекелдерін азайту, сақтандырудың барабар жағдайларын анықтау — «Хайтек») процедурасы туралы айтатын болсақ, онда бұл коммерциялық көлікті сақтандыру болады, ал автоматтандыру саласында блокчейн технологиясы болашағы зор болып отыр. Ресейлік тәжірибе әлемдік тәжірибеден ерекшелінетіні анық, бұны да ескеру жөн.
Андеррайтингке жаңа тәсілдемелері
Андеррайтинг ұғымы бірнеше ғасыр бойы қолданылады. Егер оның негізгі қағидалары өзгертілмей қалса, үрдістің өзі эфолюция жолымен дамып келеді. Соңғы жылдары тәуекелдерді бағалау үшін жаңа аналитикалық және автоматтандырылған құралдар пайда болды. Онымен InsurTech саласында бір қатар жобалар айналысуда. Қомақты мәліметтерді, жасанды интеллектті және ақпараттың жаңа дереккөздерін талдау арқылы олар андеррайтингті автоматтандырады және оны нақтырақ етеді.
Мысалы, денсаулықты және өмірді сақтандыру саласындағы андеррайтинг процедурасына технологиялық тәсілдемелері бар. ForceDiagnostics американдық компаниясы сақтанушыларға талдауды тездетілген режимде тапсыруды ұсынады – үйдің жанындағы супермаркеттерде және дәріханаларда. Сондай-ақ тесттер созылмалы аурулардың болуын да айқындайды. Ал алынған ақпарат клиенттің келісімімен сақтандыру компанияларына жіберіледі. Денсаулықпен қиындықтар (немесе олардың болмауы) туралы мәліметтер клиенттер үшін полистердің тиімді құнын есептеу кезінде және «салауатты өмір салты үшін жеңілдіктерді» ұсыну кезінде маңызды факторға айналады.
Сақтандыруды автоматтандыру және чат-боттар
Автоматизация адамның андеррайтингке, өтінімді қабылдауға, оларды өңдеуге, клиентпен қарым-қатынас жасауға қатысу дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұрын сақтандыру компанияларының қызметкерлері орындаған міндеттердің бөлігін қазір ИТ-шешімдері өзіне алды: салыстырмалы түрде қарапайым чат-боттан жасанды интеллектке дейін.
Клиент тұрғысынан автоматизация – бұл кеңсеге бармау немесе колл-орталығына хабарласпау қажеттілігісіз сақтандыру компаниясымен өзара әрекеттесу. Сақтанушылар үшін қашықтан қызмет көрсетудің «терезесі» баяғыдан мобильді қосымшалар болып табылады. Олар оны қашықтан қызмет көрсету сервистерімен қамтамасыз етеді – оқиға орнынан суретті жүктеу, чатта агентке сұрақ қоюға немесе өтінімді ресімдеуге. Ресейде бұл қосымшалар пайдаланушылар арасында ерекше танымалдылыққа ие болмады және де әлі күнге дейін сақтандырушылар арасында кең таралмады.
Илья Озолин:
"InsurTech инвесторлар үшін тартымды болып қала береді. Мәмілелердің саны өсуде, венчурлық қорлар сақтандыру шешімдері негізінде өз стратегияларын құрайды, ал ірі сақтандырушылар және қайта сақтандырушылар технологизацияның «басты жанкүйердері» болып қалады. Бұның барлығы сақтандыру стартаптарының болашағына сенімділігін арттырып, олардың өсіп, дамуына ынталандырады».
Сақтандыру компаниялары әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді белсенді түрде меңгереді және олар үшін чат-боттарды әзірлейді. Төлемдерді қабылдау, мөлшерлемелерді есептеу және мессенджерде тікелей сақтандыру полистерін сату – бұның барлығын чат-боттар жасай алады. Олар шаблонды жауаптар қайтара алады, бірақ олар жасанды интеллекттің технологияларын да пайдалана алады: оның ішінде клиенттің еркін нысанда қалыптастырған сұрақтар мен наразылықтарын «түсіну».
Чат-боттарды пайдалану технологиясы перспективалы және тиімді болып келеді. NextInsurance стартапында полистердің 70% боттың қатысуымен мобильді телефондар арқылы сатып алынды. Бірнеше InsurTech-стартаптары өз жұмысын «ақылды» чат-боттары айналасында құрай алады, мысалы, Lemonade, ол былтырғы жылы $120 млн тартты.
Блокчейн технологиясы сақтанушылар туралы мәліметтермен бірыңғай тізілімін құрайды. Оған сақтандырушылар, қайта сақтандырушылар және андеррайтерлер бір уақытта қол жеткізе алады. Ақпаратқа және оның өзгеріссіздігінің арқасында компания мәліметтердің шынайылылығын өңдеуге және тексеруге аздау уақыт пен күшін жұмсайды.
IBM 2020 жылға қарай компания-клиент тізбегінлегі барлық әрекеттердің 85% чат-бот арқылы автоматтандырылатындығын болжамдайп отыр. Алайда бұл тауашадағы бәсекелестік өте жоғары.
Сақтандыру процедураларын автоматтандыру үшін блокчейн-әзірлемелері едәуір перспективалы бағыт. Бұл салада автоматтандыруға мүмкіндік беретін мультифункционалды шешімдер және клиент пен сақтандыру компаниясы арасындағы өзара әрекеттесу және ішкі сақтандыру үрдістері (мысалы, клиент бойынша мәліметтерді тексеру) қызығушылықты тудырады.
Қазірше сақтандыру нарығы блокчейнді ғана қарастырып жүр, сондықтан InsurTech-стартаптар өзінің икемділігі мен перспективалы технологияларды пайдалануға дайындығымен орынды болатыны анық.
«Ақылды» құрылғылар сақтандыру құнын төмендетуде
Соңғы кезде «ақылды үй» саласында стартаптармен біпнеше ірі мәміле жасалды – Amazon $1 млрд доллар сомаға Ring «ақылды қоңырауларын» сатып алды; екінші ірі компания AugustHome стартапын алды – ол «ақылды құлыптармен» айналысады. Екі стартапқа да бұрын сақтандырушылар инвестициясын құйды.
Жоғары тәуекелдер және үлкен перспективалар
Маркетплейстер. Сервис-агрегаторлар сақтандыру нарығында ең тиімді ұсынысты іздеу үшін клиенттер арасында танымал құралы болып табылады. Осы салада қайта қаржыландырудың табысты раундтары да бар – былтырғы жылы үнді маркетплейс қаржы қызметтерінен $30 миллионды тартты. Бұл тауаша перспективалы болып табылады, бірақ Ресейде ірі порталмен үлкен бәсекелестіктің тәуекелі бар. Ресей банкі және Мәскеу биржасы маусым айында қаржы өнімдерінің ресейлік маркетплейстің, оның ішінде сақтандыру ұсыныстарының ресейлік маркетплейстің прототипін анонстады. Маркетплейс клиенттерге кең таралған қызметтердің жиынтығын ұсынады: шотарды қашықтықтан ашу, полистерді сатып алы және бағаларды салыстыру.
Автосақтандырудың технологизациясы. Бұл табысты кейстердің үлкен тауашасы. Бірақ тәжірибекөрсеткендей, инвестициялардың барлығы күтілетін нәтиже бере алмайды. Телематикалық жабдықтау Ресейде аз талап етілген өнімдердің бірі (штат кестесін есептемегенде) болып табылады. ал полистерді онлайн-сатудың өсуі ААЖМС (ОСАГО) сегментінде байқалады. Осы салалардың цифровизациялануына инвестициялар – төменгі сұраныстың салдарынан өзін-өзі орнын толтыра алмайтын бұл «ұзаққа» салымдар.
Дереккөзі: https://hightech.fm/2018/07/07/startup
Фотосурет topwar.ru,diginomica.com сайттарынан алынды.