bs-preloader__icon
ru kz

Ипотекалық сақтандыру немесе өмірді сақтандыру: қайсысы жақсырақ

Өзіңіз және ертеңгі күніңіз үшін сенімділікке өз денсаулығыңыз бен өміріңізге жауапкершілікті толық өзіңізге алып қана қол жеткізуге болады. Өмірді сақтандыруды таңдап, өмірдің кез-келген өзгерістерінен өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіруге болады. Calgary Herald басылымының мақаласында тұрғын үйді сатып алған кезде өмірді ипотекалық сақтандыру мен мерзімді сақтандырудың артықшылықтары мен кемшіліктері талданды.
Ипотекалық сақтандыру немесе өмірді сақтандыру: қайсысы жақсырақ

Ипотекалық несие рәсімдеген кезде көбісі сақтандыру шартына банктен келісімді тезірек және оңай алу үшін ғана қол қоюға келіседі. Ипотекалық несиелердің 90%-ы 10 жылдан артық мерзімге жасалады.

Ипотекалық сақтандыру

Тұрғын үйді сатып ала отырып, сіз бәлкім тіпті қиын өмірлік жағдайда да жақындарыңыз бен өзіңіз баспанасыз қалмайды деп есептейсіз. Дәл осы туралы сақтандыру компаниясы ойлай алады.

Ауыр жағдайларда сақтандыру компаниясы кредиттің төленуі бойынша міндеттемені ішінара немесе толық өзіне ала алады. Қарыз алушының отбасы далада қалмайды және қарыз міндеттемелерінің ауыртпалығын алмайды. Банк те, басқа тұлғалар да жылжымайтын мүлікке талап етпейтін болады.

Табыс табудың уақытша қабілетсіздігі болған жағдайда қарыз алушы сақтандыру компаниясынан қаржылық қолдауды ала алады.

Көбінесе қарыз алушы пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне сене алады. Осылайша сақтандырумен бірге қарыздың қорытынды сомасы неғұрлым жоғары пайызбен, сақтандырусыз қарыз сомасына қарағанда біраз көбірек болады. Кредит бойынша бір жарна есебінде айырмашылық тіпті болмашы болады.

Егер сіз ипотекалық несиені мерзімінен бұрын өтесеңіз, сақтандыру компаниясы сізге қорғаудың нақты әрекет еткен мерзіміне сүйене отырып төленген жарналардың бөлігін қайтара алады. Қанша ақшаны және қандай шарттармен қайтара алатыныңыз жөнінде сақтандыру шартында көрсетілген.

Мерзімді сақтандыру

Тұрғын үйді сатып алған кезде өмірді сақтандырудың неғұрлым қарапайым түрі – мерзімді сақтандыру. Мұндай полистер сақтандырушы сақтандырылушы қайтыс болған кезде, сақтандырылушының пайда алушысына сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасын төлеу міндеттемесін өзіне қабылдайтынын, ал сақтанушы компанияға сақтандыру сыйлықақыларын тұрақты түрде төлеу міндеттемесін өзіне қабылдайтынын білдіреді.  

Сыйлықақының мөлшері мен кезеңділігі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді – мысалы, ай сайын бірдей сомалармен жыл бойы. Төлеу тәсілін таңдау сақтандыру шартын жасаған кезде анықталуы тиіс.

Әдетте сақтандыру шарты бір жыл мерзімге жасалады және оның қолданылуын ұзартуға болатын шартты құрайды. Сақтандырылушы бір жылға қартайғандықтан және оның денсаулық жағдайы кері жаққа қарай өзгеруі мүмкін болғандықтан, сақтандырушы сақтандыру шартының жеке ережелерін қайта қарау және егер сақтанушы мен сақтандырылушы бұған келіспейтін болса, басқа талаптарда келесі жылға оны қайта жасау құқығын өзіне қалдырады.

Дереккөзі: https://calgaryherald.com/moneywise-pro/barry-choi-mortgage-insurance-vs-life-insurance-whats-better-for-you

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Тимур Турлов «Freedom Finance Life» ірі қатысушысы болды
Тимур Турлов «Freedom Finance Life» ірі қатысушысы болды

Осы жөнінде ҚР Ұлттық банкі өзінің ресми сайты...

Ресейліктер ұзақ мерзімді сақтандыру өнімдеріне қызығушылық танытуда
Ресейліктер ұзақ мерзімді сақтандыру өнімдеріне қызығушылық танытуда

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өмірді сақтан...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру