bs-preloader__icon
ru kz en

БЖЗҚ қаражаты қандай бағалы қағаздарға салады

2020 жылғы наурыз айының соңындағы жағдай бойынша, БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 11,7 трлн теңгені құрады, деп жазады Ranking.kz.
БЖЗҚ қаражаты қандай бағалы қағаздарға салады

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі ең үлкен үлесті инвестициялаудың тұрақты және кіріс құралы болып табылатын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары құрайды: 42% немесе 4,9 трлн теңге. Бұл ретте 2015 жылы олардың үлесі 46%-ға тең болды. 2020 жылдың 1 сәуіріне теңгемен номинацияланған ҚР МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 8,0%-ды, АҚШ долларында – жылдық 4,4%-ды құрады.

Сонымен қатар, егер 2015 жылдың наурыз айының соңында зейнетақы активтерінің портфеліндегі ҚР ұйымдарының БҚ үлесі 31,3%-ға жеткен болса, ағымдағы жылдың ұқсас кезеңінде үлесі 27,2%-ды құрады, ал сомасы бір жыл ішінде 11%-ға, 3,2 трлн теңгеге дейін өсті. Өз кезегінде, БЖЗҚ зейнетақы қоржынындағы ТОП-3 құралдың құрамына кіретін шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі бес жыл ішінде 1,4%-дан 12,9%-ға дейін ұлғайды. Депозиттерде орналастырылған қаражат үлесі 2015 жылы 14,7%-дан 2020 жылы 5,3%-ға дейін төмендеді.

2019 жылғы қарашада зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға және соның салдарынан ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының кірістілігін арттыруға бағытталған жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде зейнетақы активтерінің валюталық қоржынының бір бөлігін шетелдік басқарушы компанияларға кезең-кезеңмен беру процесі іске қосылды. Жалпы қоржынды сыртқы басқаруға беру үшін төрт халықаралық компания таңдалды.

Нәтижесінде, егер 2019 жылғы наурызда сыртқы басқарудағы активтер үлесі БЖЗҚ инвестициялық портфелінде 1%-дан аспайтын болса, 2020 жылы ол 3,3%-ға немесе 385,3 млрд теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 59,8 млрд теңгеге жетті, бұл жалпы соманың 9%-ын құрайды және табыстың маңыздылығы бойынша үшінші болып есептелетін бап болып табылады. Жалпы алғанда, зейнетақы активтерін сыртқы басқаруға беру екі жыл ішінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Зейнетақы активтерінің валюталық портфелінің ағымдағы мақсатты бөлінуіне сәйкес, шетелдік басқарушы компанияларға беруге жоспарланған қаражаттың жалпы көлемі 2,8 млрд құрайды.

2020 жылдың наурыз айының соңында БЖЗҚ инвестициялық портфелінің шетел валютасында номинацияланған үлесі бір жыл ішінде 32,4%-дан 36,1%-ға дейін өсті, ал сома 4,2 трлн теңгеге жетті. 2020 жылғы наурыз айының соңында БЖЗҚ инвестициялық портфелінің шетел валютасында номинацияланған үлесі бір жыл ішінде 32,4%-дан 36,1%-ға дейін өсті, ал сома 4,2 трлн теңгеге жетті Бұл ретте портфельдің жалпы көлемінің 32,1% (ең үлкен бөлігі) АҚШ долларына тиесілі. Сонымен қатар, ұлттық валютадағы инвестициялар ағымдағы жылы 64% немесе 7,5 трлн теңгені құрады (бір жыл бұрын – 67,6%).

Жалпы алғанда, БЖЗҚ инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының 84,2%-ы «ААА» - дан «BBB-» дейінгі халықаралық шәкіл бойынша бағалы қағаздар / эмитент рейтингімен тәуекелдің ең төменгі деңгейіне жатады. Өз кезегінде, халықаралық шәкіл бойынша рейтингі бар «ВВ+» рейтингтен «В−» рецйтингке дейінгі қаржы құралдары 14,7%-ды, «В –» төмен – 0,6% құрады. Рейтингтік бағасы жоқ қаржы құралдары тек 0,4% құрайды. Демек, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі сенімді қаржы құралдарынан тұрады және азаматтардың жинақталуы толық сақталуда деп айтуға болады.

Мұнай нарығында коронавирус пен баға соғыстарының таралуына байланысты ағымдағы жылы әлемдік қор биржаларының индекстері соңғы жылдары ең төмендей түсті. Бұл ретте БЖЗҚ инвестициялық портфельі оң нәтижемен қалды. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында есептелген инвестициялық кіріс көлемі 667,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 есе көп (112,6 млрд теңге). БЖЗҚ салымшылары үшін зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 11,87%-ды, инфляция 6,4%-ды құрады. Осылайша, зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік оң болып табылады және 5,5%-ды құрайды. Теріс сыртқы әсерді нивелирлеу зейнетақы активтері портфелін әртараптандыру, оның ішінде портфельдің валюталық бөлігін ұлғайту, сондай-ақ инвестициялар географиясын және қаржы құралдары спектрін кеңейту бойынша жасалған жұмыс мүмкіндік берді.

Дереккөзі: http://www.ranking.kz/ru/a/infopovody/pensionnye-aktivy-naseleniya-priblizilis-k-12-trillionam-tenge-uvelichivshis-za-god-na-21

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«МАК» ӨСК» АҚ жекешелендірілетін нысандардың тізімінен шығарылды
«МАК» ӨСК» АҚ жекешелендірілетін нысандардың тізімінен шығарылды

26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының экон...

Қазақстандықтар өз өмірін екі есеге жиірек сақтандыра бастады
Қазақстандықтар өз өмірін екі есеге жиірек сақтандыра бастады

2019 жылдың басынан бастап өткен жылғы сәйкес ке...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру