bs-preloader__icon
ru kz
✕

Үй шаруасындағы әйелдерге өмірді сақтандыру полисі не үшін қажет

Тіпті сіз каскадер емес, қарапайым үй шаруасындағы әйел болсаңыз да, Сіз өмірді сақтандыру бағдарламаларын қарастыру керексіз, деп CRCO жазады.
Үй шаруасындағы әйелдерге өмірді сақтандыру полисі не үшін қажет

«Дау тудырмайтын ақиқаттың бірі күндердің күнінде біз қайтыс боламыз, – дейді сақтандыру брокері және Shell Life Mutual президенті Райан Шелленбергер. Біз бұл күн туатынын білеміз, бірақ қашан екенін білмейміз. Өмірді сақтандыру біздің отбасымызды осы кепілдік шындықтан қорғайды».
Сондықтан әрбір американдықта полис болуы керек. Әсіресе отбасын қамтамасыз ететін адамға сақтандыру қорғанысының болуы маңызды - бұл әдетте күйеулер. Алайда біздің елде үй шаруасындағы әйелдердің еңбегі жиі құнсызданады. Әйелдердің төмендегідей күнделікті міндеттері бар:

- баланы мектепке дайындау;

- үй жинау;

- үтіктеу;

- азық-түлікті сатып алу;

- мектептегі волонтерлік;

- ас дайындау және т.б.

Әр әйелдің міндеттері әр түрлі, бірақ қарапайым істер тізімінен оның отбасындағы функцияларының маңыздылығын түсінуге болады. Шындыққа тура қарайық – балаларға қамқор болу өте күрделі және қымбат тұратын жұмыс. Күні бойы жұмыста жүрген әке үшін бұл қызметтерді қатар алып жүру мүмкін емес, екінші ата-ананың жоқтығы қаржылық жағынан отбасыға үлкен әсер ететіні, сөзсіз. Бұл жағдайда (айырылу сезімін кішіретпей) адамдарға қаржылық қолдау қажет болады.

«Өмірді сақтандыру, жақындары үшін қаржылық қауіпсіздік парашюті болуы тиіс. Өйткені, өмірді сақтандыру – Сіздің отбасыңыздың қорғалғанына көз жеткізудің ең жақсы жолы», – деп қорытындылайды Шелленбергер.
Дереккөзі: https://www.castlerockco.com/why-its-important-for-stay-at-home-moms-to-have-life-insurance/

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ұлыбританиядағы ипотекалық сақтандыру
Ұлыбританиядағы ипотекалық сақтандыру

Ұлыбританияда өз ақшана жылжымайтын мүлік сат...

МБЖЖ шеңберінде өмірді сақтандыру қалай жұмыс істейді
МБЖЖ шеңберінде өмірді сақтандыру қалай жұмыс істейді

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) ...

ҚР Ұлттық Банкі: өмірді сақтандыруға қызығушылықты дамыту қажет
ҚР Ұлттық Банкі: өмірді сақтандыруға қызығушылықты дамыту қажет

Қазақстанның Ұлтты Банкі елімізде «unit-linked» ин...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру