bs-preloader__icon
ru kz
✕

ЭЫДҰ өмірді сақтандырушылар төлемінің өсуін күтуде

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізген талдау көрсеткендей, өмірді сақтандыру компанияларының сыйлықақылары биыл қысқарады, бірақ төлемдер өседі, деп жазады Reinsurance News.
ЭЫДҰ өмірді сақтандырушылар төлемінің өсуін күтуде

ЭЫДҰ атап өткендей, 2018 жылдың соңғы тоқсанындағы құлдыраудан кейін сақтандырушылар 2019 жылы сыйақы өсімін тіркеді. Бұдан басқа, қор нарықтарының жаһандық қалпына келуі оларға пайдасын тигізді.

2020 жылғы наурыз айының соңына қарай жағдай өзгерді: коронавирус індеті басталды, түрлі елдердің үкіметтері карантин режимін енгізді, қор нарықтары құлдырады. ЭЫДҰ-ның алдын ала деректері бойынша пандемияның әсері жыл соңына дейін өмірді сақтандырушыларға теріс әсер ететін болады.

«Австралиялық реттеушінің (APRA) тоқсан сайынғы деректері жалпы сыйлықақылардың төмендеуін көрсетеді. АҚШ-тың бірінші тоқсандағы статистикасы оң болды, бірақ үкіметтің шектеулеріне байланысты ол жыл соңына қарай өзгереді, - деп ЭЫДҰ релизінде хабарланады. – Айта кетейік, COVID-19 өршуі қаржы нарықтарына теріс әсер етті, бұл 2020 жылы сақтандырушылардың инвестицияларына әсер етуі мүмкін».

Дереккөзі: https://www.reinsurancene.ws/covid-19-a-threat-to-insurers-positive-momentum-oecd/

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтар қандай алаяқтық схемалармен жиі кездеседі
Қазақстандықтар қандай алаяқтық схемалармен жиі кездеседі

"Касперский зертханасы" Қазақстан тұрғындарын...

Өмірді сақтандыру – бұл өлімге дайындалу емес
Өмірді сақтандыру – бұл өлімге дайындалу емес

Латвия тұрғындарының жартысы арнайы жүргізіл...

Табысты алмастыру коэффициенті Қазақстанда 44%-ға жетті
Табысты алмастыру коэффициенті Қазақстанда 44%-ға жетті

Қазақстанда қазіргі табысты алмастыру коэффи...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру