bs-preloader__icon
ru kz en

Өзбекстанның ТОП-10 сақтандыру компаниялары нарықтың 76,4% алып отыр.

2017 жылы көптеген сақтандыру компаниялары сақтандыру сыйақыларының көлемі бойынша біршама оң нәтижелерге жете алды. 27 сақтандыру компанияларының ішінде 23 компания сақтандыру сыйақыларының көлемі бойынша оң нәтижеге жетті.
Өзбекстанның ТОП-10 сақтандыру компаниялары нарықтың 76,4% алып отыр.

2017 жылы көптеген сақтандыру компанияларының көбі  сақтандыру сыйақыларының көлемі бойынша біршама оң нәтижелерге жете алды. 27 сақтандыру компанияларының ішінде 23 компания сақтандыру сыйақыларының көлемі бойынша оң нәтижеге жетті. Өзбекстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес  2017 жылдың қорытындысы бойынша нарық көшбасшыларының алдыңғы үштігінде өзгерістер  болды.

 «Кафолат Сақтандыру компаниясы» АҚ орнына көшбасшылар үштігіне "Gross Insurance" ЖШҚ кірді. Нәтижесінде нарықта бірінші және екінші орынды«Uzagrosugurta» АҚ(14,5%) және «Uzbekinvest» ЭИСҰК АҚ(14,1%) алды. Үшінші орынды нарықта 8,8% үлесімен "Gross Insurance" ЖШҚ иеленді. Төртінші және бесінші  орынды «Кафолат Сақтандыру компаниясы" (8,7%) мен "O’zbekinvest Hayot"  ЖШҚ (6,8%) алып отыр. Жиналған сақтандыру сыйақылары бойынша көшбасшылардың бірінші ондығын нарықта 3,3% үлеспен "Euroasia Insurance" СК ЖШҚ БК аяқтайды.

САҚТАНДЫРУ СЫЙАҚЫЛАРЫ БОЙЫНША ТОП-10

№ п/п

Сақтандыру ұйымының аталуы

 Сақтандыру сыйақылары 

(млн. сум)

 % есебімен өзгеруі

 Нарықтағы үлесі

1

"Узагросугурта" АҚ

134 295,3

94,1

14,5

2

"Узбекинвест" ЭИСҰК

130 832,1

125,9

14,1

3

"Gross Insurance" ЖШҚ

81 269,5

220,4

8,8

4

" Кафолат Сақтандыру компаниясы" АҚ

80 344,1

106,7

8,7

5

"O’zbekinvest Hayot" ЖШҚ

63 517,4

176,6

6,8

6

"Alfa Invest" ЖШҚ БҰ

61 905,7

160,3

6,7

7

"Alskom" АҚ

46 070,9

118,6

5,0

8

"New Life Insurance" ЖШҚ

44 677,5

274,8

4,8

9

"Asia Inshurans" ЖШҚ

35 247,6

108,6

3,8

10

"Euroasia Insurance" СК ЖШҚ БК

30 608,1

196,8

3,3

 

 

Нарықта алғашқы үш көшбасшы бойынша шоғырлану деңгейі 37,3% құрады. Алғашқы бес сақтандыру компаниялары бойынша осы көрсеткіш 52,9%, ал алғашқы он компаниялар бойынша – 76,4% құрады. ТОП-10 кірмеген сақтандыру компанияларының үлесі 0,4%-дан 3,0% дейін құрады.

Сақтандыру төлемдері жағынан нарық  салыстырмалы сыйақыларға қарағанда аса шоғырланған болып табылады. Мысалы, 2017 жылдың қорытындылары бойынша алғашқы үш компанияның нарықта сақтандыру төлемдері бойынша көлемі 57,7% құрады және  үш компания мәліметтерінің құрамы сақтандыру сыйақылары бойынша көшбасшылар құрамынан ерекшеленеді. Мысалы, 2017 жылдың қорытындылары бойынша сақтандыру төлемдері бойыгша көшбасшылар үштігіне «Uzagrosugurta» АҚ (34,5%), "O’zbekinvest Hayot" ЕХҰ БК  (13,9%) және "New Life Insurance"  ЖШҚ (9,2%) кірді. Өмірді сақтандыру саласында іс-әрекетті жүзеге асыратын компаниялардың төлемдері бойынша алғашқы көшбасшы үштігінде бұл оның іс-әрекетінің ерекшелігіне негізделген. Себебі, сақтандырудың жинақтаушы түрлері бойынша портфельдің өсімі төлем көрсеткіштерінің ұлғаюына алып келеді.

Осыған орай, өмірді сақтандыру іс-әрекетін жүзеге асыратын компаниялар бойынша төлемдер көлемін жалпы сақтандыру саласымен салыстырмаса да болады.  Сақтандырудың бір саласында іс-әрекетті жүзеге асыратын компаниялардың төлемдері көлемін салыстырған жөн.

САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІ БОЙЫНША ТОП-10  

№ п/п

Сақтандыру ұйымының аталуы

Сақтандыру төлемдері

(млн. сум)

% есебінде өзгеруі

Нарықтағы үлесі %

1

"Узагросугурта" АҚ

93 251,5

317,0

34,5

2

"O’zbekinvest Hayot" ЖШҚ

37 616,0

185,0

13,9

3

"New Life Insurance" ЖШҚ

24 965,1

224,6

9,2

4

"Кафолат Сақтандыру компаниясы" АҚ

23 895,7

137,2

8,9

5

"Узбекинвест" ЭИСҰК

20 311,6

135,3

7,5

6

"Аlfa Life" ЕХҚ БҰ

12 428,0

382,8

4,6

7

"Gross Insurance" ЖШҚ

11 405,2

628,9

4,2

8

"Alskom" АҚ

11 307,6

241,2

4,2

9

"Alfa Invest" ЖШҚ БҰ

7 128,9

153,1

2,6

10

"Кapital Sug’urta" АҚ

6 349,6

109,5

2,4

 

 

Егер жоғарыда келтірілген пікірге негізделсек, онда нарықта «Uzagrosugurta» АҚ (34,5%) сақтандыру төлемдері бойынша көшбасшының келесі тұрған компаниядан, яғни «Кафолат Сақтандыру компаниясынан» асып кетуі өте көп және 25,7 пайыздық тармақ құрайды, ал бұл компанияның барлық  төлемдерінің үлесі тек 8,9%.

Алғашқы бес сақтандыру компаниялары бойынша сақтандыру төлемдері бойынша шоғырлану 74,1%, ал алғашқы он компания бойынша – 92,1% құрайды. Сақтандыру төлемдерін жүргізген және ТОП-10 кірмеген сақтандыру компанияларының үлесі 0,05%-дан 1,8% құрайды.

Ақпарат көзі: https://uzreport.news/insurance/top-10-strahovih-kompaniy-uzbekistana-zanimayut-76-4-rinka

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру