bs-preloader__icon
ru kz
✕

Үндістандағы өмірді сақтандыру бұрынғы көрсеткіштерге қайта оралады

Сарапшылардың пікірінше, қысқа мерзімді перспективада өмірді сақтандыру саласының өсуі экономиканың әлсіз көрсеткіштерімен тежелетін болады, бірақ орта және ұзақ мерзімді перспективада ӨСК бұрынғы көрсеткіштерге қайта оралады, деп жазады The Financial Express.
Үндістандағы өмірді сақтандыру бұрынғы көрсеткіштерге қайта оралады

Коронавирустың өршуі және іскерлік белсенділіктің кейіннен бұғатталуы өмірді сақтандыру компанияларына кері әсерін тигізді. «Наурыз және сәуір айларында Үндістанның ең ірі өмірді сақтандырушылары да саладағы сыйлықақылардың теріс өсімін тіркеді - минус 29%. Саланың өсуі қысқа мерзімді перспективада коронавирустың теріс салдарымен тежеледі деп ойлаймын», - деп мәлімдеді Edelweiss Tokio Life Insurance бас директоры Сумит Рай.

Халықтың COVID-19 туралы хабардар болуының артуымен өмірді сақтандыру полистеріне сұраныс өсе бастайды. Нарық қатысушылары көптеген адамдар ӨСК қызметін сатып алуға ниет білдіретінін айтады. «Мамыр айында цифрлық арналар арқылы сатылым өсті. Материалдық қиындықтарға қарамастан адамдар полистер ала бастады. Кейде бұл өте арзан өнімдер, кейде адамдар өтемі көп полистер сатып алады», - деп бөліседі компания басшысы.

Сарапшы ұзақ мерзімді перспективада сақтандыру нарығы ұлғаяды, себебі компаниялар икемді болуды үйреніп, сақтандыру өнімдерін делдалдарсыз және агенттерсіз сатуды үйренді.

«Біз әлеуметтік қашықтықтау нормаларын ұстануымыз керек және клиенттермен өзара іс-қимыл едәуір дәрежеде цифрлық формада жүргізілетін болады. Барлық сала технологиялық инновацияларға шоғырланады», - деді Рай.

Дереккөзі: https://www.financialexpress.com/money/insurance/life-insurance-sector-to-see-growth-coming-back-to-normal-levels-in-medium-to-long-term-edelweiss/1997057/

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК сыйлықақылар жинағының өсімін көрсетті
ӨСК сыйлықақылар жинағының өсімін көрсетті

2021 жылғы қаңтар-қарашада өмірді сақтандыру на...

Зейнетақыны ертерек қалай алуға болады және нені ескеру қажет
Зейнетақыны ертерек қалай алуға болады және нені ескеру қажет

Көптеген қазақстандықтар зейнетақыны тек бел...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру