bs-preloader__icon
ru kz

Сингапурда сақтандыруда гендерлік айырмашылықтан бас тарту бойынша петиция іске қосылды

Онлайн-петиция еркектер мен әйелдер үшін CareShield Life ұзақ мерзімді сақтандыру бағдарламасы бойынша тең сақтандыру сыйлықақыларын талап етуде, деп ukrstrahovanie.com.ua хабарлайды.
Сингапурда сақтандыруда гендерлік айырмашылықтан бас тарту бойынша петиция іске қосылды

Петицияны құру бастамасы CareShield Life бағдарламасы бойынша сақтандыру сыйлықақыларын есептеу кезінде жыныстық белгі бойынша айырмашылықты белгілейтін шешімді болдыртпауға қол жеткізгісі келген белсенділер тобына тиесілі.

The Straits Times басылымы хабарлағандай, алдағы сақтандырудың ұзақ мерзімді сызбасы 2020 жылдан бастап 40 жасқа дейінгі сингапурдықтар үшін міндетті болады.

Аға мемлекеттік денсаулық сақтау министрі Ами Хордың сөзінше, сыйлықақылардағы айырмашылық еркектерге қарағанда әйелдердің өмір сүру мерзімі ұзақ болады, осыған сәйкес олар ұзақ кезең бойы көмекке зәру болады. Петиция бастамашылары «әйелдерді ұзақ өмір сүргендері үшін жазалап жатыр» деп наразылық танытып отыр.

CareShield Life ұсынған тарифтеріне сәйкес 30 жастағы еркек сыйлықақы ретінде дәл осы жастағы әйелдер үшін SG $ 253 сингапурдық доллармен салыстырғанда SG 206 сингапурдық долларды төлейді.

Алдында сақтандыру сыйлықақыларын есептеу кезінде айырмашылықтар мәселесі бойынша парламентарий мен шенеуніктер арасында туындаған келіспеушіліктер туралы хабарланды.

Дереккөзі: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/v-singapure-zapushhena-petitsieya-ob-otmene-gendernyih-razlichiy-v-strahovanii

Фотосуреттер uehali.com, voyagers1000.wordpress.com сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Unit-Linked өнімінің инвестициялық стратегиясын қалай таңдаймыз?
Unit-Linked өнімінің инвестициялық стратегиясын қалай таңдаймыз?

Өткен жылы қазақстандықтар Unit-Linked – өмірді ин...

Green tea reduced the risk of early death in stroke and heart attack survivors
Green tea reduced the risk of early death in stroke and heart attack survivors

The observations of scientists show that green tea is not so useful for people with a...

АҚШ-тағы өмірді салттық (жерлеу) сақтандыру
АҚШ-тағы өмірді салттық (жерлеу) сақтандыру

АҚШ-та лайықты жерлеудің орташа құны зиратта о...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру