bs-preloader__icon
ru kz en

Аюбадам өмір ұзақтығын арттырады

Дәрігерлер өсімдік өнімдерінің көбісі ұзақ өмір сүруге бір қадам жақындататынын айтады. Blood sugar баспасының жазбасы бойынша әңгіме аюбадам туралы. Осы жидектің қара жемістері ағзадағы қабыну процесінде, ыстықта, дене қызуында және жөтелу кезінде көмектесе алатыны айтылады.
Аюбадам өмір ұзақтығын арттырады

Аюбадам иммундық жүйеге «дүмпу» бере алатын полифенолдар сияқты, қуатты антиоксиданттық қосылыстарға бай.  Олар, сонымен қатар, сау иммундық жүйеге қажетті, С дәруменінің үлкен мөлшерін құрайды. Себебі, ол ағзаның қандағы ақ түйіршіктерді шығаруын ынталандыра алады, аюбадам қосылған шәй иммунитеттің қуатты құралы болып табылады.

Аюбадам жидектеріндегі пайдалы антиоксиданттар, биофлавоноидтер және А дәрумендерінің жоғары мөлшері терінің денсаулығын жақсарта алады және оған тегістік пен жарқырау бере алады. Аюбадам сонымен қатар, акнемен күресуге көмектесе алатын бактерияларға қарсы қасиеттерге ие.

Аюбадам қосылған шәй миға қанның баруын жақсартатын және когнитивтік функцияларды күшейтетін, миды ынталандыратын флавоноидтердің үлкен мөлшерін құрайды. Зерттеулерге сүйенсек, флавоноидтердің үлкен мөлшерін тұтыну жасқа байланысты когнитивтік төмендеудің алдын алуға және деменцияның немесе Альцгеймер ауруының басталуын бөгейді. Сонымен қатар, бұл жүректің сау жұмыс істеуіне ынталандыратын және жүрек қан тамырлары ауруларының қатерін төмендете алатын өте жақсы өнім. Әйел адамдардың қатысуымен болған зерттеуге сәйкес, жүрек қан тамырлары ауруларынсыз постменопауза кезінде, антоциандарға бай пайдалы диета жүрек қан тамырлары ауруларының және жүректің ишемиялық ауруының едәуір төмен қаупімен байланысты.

Бұдан бөлек, зерттеулерге сәйкес, аюбадам қосылған шәй қандағы қант деңгейін реттеуге көмектесетін, инсулин тектес қасиеттерге ие. Бірақ, шәйдің қандағы қант деңгейін төмендету бейімділігіне қарай диабеті бар адамдарға пайдалы болғанмен, оны шектеулі мөлшерде ғана қабылдаған жөн, себебі ол қандағы қант деңгейін қауіпті төмен деңгейге дейін түсіруі мүмкін.

Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/napitok-iz-zharoponizhayushhej-yagody-okazalsya-moshhnym-klyuchom-k-dolgoletiyu-428321/

Сурет ашық дереккөздерден

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ауытқыма ыстыққа қалай шыдауға болады
Ауытқыма ыстыққа қалай шыдауға болады

Күн ыстық болғанда ағзаның қызып кетуі – тәуе...

Шетелде Қазақстандықтар қандай жарақаттарды жиі алады
Шетелде Қазақстандықтар қандай жарақаттарды жиі алады

Зерттеу барысында Freedom Life ӨСК мамандары шетелг...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру