bs-preloader__icon
ru kz

Диетолог тәттінің асыруға болмайтын нормасын айтты

Тәттіні аптасына 1-2 рет қана жеген дұрыс және оның көмегімен балаларды ынталандыруға болмайды, деп хабарлайды РИА Новостиге Мәскеудің денсаулық сақтау департаментінің бас диетологі Антонина Стародубова.
Диетолог тәттінің асыруға болмайтын нормасын айтты

«Барлығына қағида бір – неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. ДДСҰ-ның ұсынымдары бойынша қазір күніне қосылған қанттың 50 грамынан артық тұтыну ұсынылмайды. Бұл ретте қазіргі таңда сарапшылардың көбісі күніне 25 граммнан артық емес қант жеу қажет деп санайды. Салыстырма үшін, құймақтың орташа порциясында – 30 грамм қант бар. Ұсынымдарды сақтау үшін тамақтану рационындағы қанттың және тәттінің мөлшерін қатаң бақылау қажет және кондитер тағамдары мен тәтті газдалған сусындарды шектеу керек», - дейді Стародубова, қандай көлемде тәттіні жеуге болады деген сұраққа жауап бере отырып.

Оның сөзінше, кәмпиттер мен басқа тәттілер – «мерекелік тағамдар», оны аптасына 1-2 рет жеуге болады.

Дәрігер тәттілерге баламасын таңдауға болады деп хабарлайды, мысалы, жеміс-жидектер, немесе қанттың төмен құрамымен тәтті емес десерттің түрлерін, бірақ ол да жиі емес – тәтті тоңба, мармелад немесе пастила. Бұл ретте өнімнің химиялық құрамына және ондағы қанттың құрамына, қарапайым көмірсуға назар аудару қажет.

Дереккөзі: https://ria.ru/20210406/sladkoe-1604378557.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Әйелдер және зейнетақы аннуитеті
Әйелдер және зейнетақы аннуитеті

Ұзақ уақыт бойы зейнеткерлікке шығуға қатысты...

Қазақстандықтардың жалақысы төмендеген – ұлттық статистика бюросы
Қазақстандықтардың жалақысы төмендеген – ұлттық статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынш...

Үндістанда балалардың өмірін сақтандырудың жаңа өнімі ұсынылды
Үндістанда балалардың өмірін сақтандырудың жаңа өнімі ұсынылды

Life Insurance Corporation of India (LIC) жинақталған балалардың...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру