Йена қаласындағы (Германия) Фридрих Шиллер университетінің ғалымдары 1990 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңді қамтып алып, бұл зерттеуді жүргізді. Олардың мәліметтері бойынша, ең зиян тамақ ол ТМД тұрғындарында – олар көкөністі аз жеп, зиянды тағамды жапыра жейді екен.
Жасалған рейтингке сәйкес ас қорытумен байланысты аурулардан өлімнің деңгейі бойынша бірінші орынға Өзбекстан ие болды, онда сарапшылар атап көрсеткендей, дұрыс емес тамақтанудың құрбаны болып 100 мың халыққа 394 адам табылды.
Рейтингтің екінші орнына 100 мың халыққа 376 адам көрсеткішімен Түркменістан орналасты. Үшінші орынға Қырғызстан ие болды (зиянды тағамнан 350 өлім тіркелді).
Содан соң рейтингте Украина (349), Молдова (328), Әзірбайжан (319), Беларусь (313), Тәжікстан (310) орналасты.
Рейтингтің тоғызыншы орнында Қазақстан орналасты. Республикада германиялық зерттеушілер 100 мың халыққа 306 өлімді тіркеді. Оныншы орында – Ресей (291) орналасты.
Ал дұрыс емес тамақтанудан Испанияда және Израильде ең аз адамдар қайтыс болған, деп зерттеуде көрсетіледі.
Мәселе нені жеп жүргенімізде емес, тамақ жемей жүргенімізде екен.
Зиянды тамақ туралы осындай ұқсас қорытындыларға Сиэтл қаласында (АҚШ) Денсаулық көрсеткіштері мен оны бағалау институтынан зерттеушілер келді, деп www.thelancet.com сайтына сілтеме жасап, life.ru жазады.
Ғалымдар әлемнің 195 елінде халықтың тағамын талдап шықты. Олардың мәліметтері бойынша зиянды тағам ғаламшардағы әрбір бесінші өлімнің себебіне айналды (22%). 2017 жылы оның кесірінен 10,9 миллион адам қайтыс болды. Негізінен бұл жүрек-қан тамырлары аурулары, екінші типтегі диабет және қатерлі ісік. Салыстыратын болсақ, қысыммен болған мәселелер 10,4 миллион адамның өліміне әкеліп соқты. Шылым шегу – 8 миллион адамның өліміне себеп болды.
Негізгі мәселе біз нені жейтінімізде емес (қант және трансмайлар), біз нені жемей жүргенімізде (көкөністер мен жеміс-жидектер). Зерттеушілер көкөністер мен жеміс-жидектерде бар дәрумендер мен минералдарды қабылдамау басты қасіретке айналды айтып бағады.
Негізгі факторлар арасында тұзды, қызыл және өңделген етті, сонымен қатар тәтті сусындарды артық мөлшерде тұтыну аталып көрсетіледі. Бұл пікірге қарсы авторлар адамдардың мезгілсіз өлімнен қорғай алатын жаңғақтар мен дәндерді, теңіз өнімдерінен омега-3 майлы қышқылдарды, сонымен қатар сүт пен өзекті елемеушілікті көрсетеді.
Зерттеушілер қазіргі заманда бірде бір ел дұрыс тамақтанбайтынын атап көрсетеді. Бұл мәселеде бірінші орынға жерорта теңізі елдері ие болып отыр, олардың тұрғындары көп мөлшерде көкөністі, жеміс-жидекті, жаңғақ пен бұршақтарды жейді. Дәл осы аймақта дұрыс емес тамақтанудан өлімнің ең төменгі деңгейі тіркелген.
Өңірлік деңгейде, мысалы, 2017 жылда барлық пайдалы тағамды пайдалану бүкіл әлемде оңтайлы деңгейден төмен болды. Орталық Азияда көкөністерді пайдалану, табыстың жоғары деңгейімен Азиялық-Тынықмұхит өңіріндегі теңіз өнімдерінде омега-3 майлы қышқылдарды, Кариб алабындағы, тропикалық Латын Америкада, Оңтүстік Азияда, Сахараның оңтүстігіне қарай Батыс Африкада және Сахараның оңтүстігіне қарай Шығыс Африкада бұршақтарды пайдалану ғана ерекшелік болып табылды. Пайдалы емес тағам топтары арасында натрий мен тәттілеу сусындарды пайдалану барлық өңірлердегі оңтайлы деңгейінен жоғары болды. Қызыл етті пайдалану ең жоғары деңгейі Австралияда, Оңтүстік Латын Америкада және тропикалық Латын Америкада болды. Табысы жоғары Солтүстік Америкада, содан соң Азиялық-Тынықмұхит өңірінде және табысы жоғары Солтүстік Америкада өңдірілген етті көп пайдаланады екен. Трансмайларды ең көп пайдалануы табыс деңгейі жоғары Солтүстік Америкада, Орталық Латын Америкада және Андта Латын Америкада байқалады.
Ер адамдар, әдеттегідей, әйелдерге қарағанда, пайдалы және пайдасыз тағамды едәуір көп пайдаланды. Зерттеу нәтижелері тәттілеу сусындарды және бұршақ тағамдарды көбірек жастар пайдаланытын көрсетті, бірақ жас ұлғайған сайын бұл үдеріс төмендетіледі.
Израильде, Сиэтл қаласы ғалымдарының мәліметтеріне сәйкес өлімнің көрсеткіші ең төмен екен, ол 100 мың адамға 89 ғана жағдайды құрайды. Екінші орында Франция, Испания және Жапония. Ұлыбритания және оның 127 өлім жағдайлары 23-орында, АҚШ 100 мың адамға 171 оқиғамен 43-орынға шықты. Тізімнің соңында Өзбекстан орналасқан, онда 100 мың халыққа 892 өлім жағдай тіркелген.
Ғалымдардың пікірінше, тағам туралы мәліметтер аралас дереккөздерінен алынды, және ол барлық елдер үшін қолжетімді болмады, сондықтан бұл олардың бағалауының статистикалық белісіздігін арттырады.
Қазақстан: мәселе дәстүрлі аста емес
Қазақстанда да осындай зерттеулер өткізілгенін атап өткен жөн. Осылайша, Қазақ тағамтану академиясының мәліметтері бойынша республикада әрбір бесінші бала 14 жасқа дейін денесінің артық салмағынан, ал әрбір оныншы бала – семіздіктен зардап шегеді. Ал бұның барлығы тамақтану рационында жеміс-жидектердің жоқтығынан және тұрақты емес таңғы астарынан туындайды. Зерттеу көрсеткендей, таңғы асты қалалық балалардың 40%, ал ауылдық балалардың 60% ішпейді екен. Тек қана әрбір үшінші қазақстандық оқушы күн сайын 400 грамм құрайтын жеміс-жидектердің міндетті нормасын жейді екен.
Сол арада теріс өмір салты және пайдасыз тағам 82% жағдайда қан айналымы мен қатерлі ісік аурулардың пайда болуының себебі болып табылады, деп ғалымдар көрсетеді. Ал ішімдікке салыну 60-тан астам аурудың дамуына әсер ететіні анық.
Дұрыс тамақтану бойынша сарапшылар атап көрсеткендей, мәселе қазақстандырқтардың дәстүрлі асында емес. Ұлттық тағамдар шын мәнінде біздің халқымыздың дастарқанында тек мерекелік күндер мен ерекше жағдайларға арнап жасалады.
Тағамның зиянды әсерін төмендету үшін мамандар тұздың, майдың, қанттың, ұннан жасалған тағамдардың күнделікті пайдалануын бақылауға кеңес береді. Осылайша, денсаулығы жақсы адам үшін күніне тұздың нормасы – 1 шай қасығы, ал гипертония ауруы бар адамға – екі есе аз тұз нормасы. Ал етке келетін болсақ, майсыз етке артықшылық беріп, майлы еттен бас тарту керек, сондай-ақ балық және бұршақ – нақат, лобия, жасымық – тағамдарын өз мәзіріне көбірек қосу керек.
Сонымен қатар тамақты буға пісіру немесе қуырмай, оны қақтап пісіру маңызды болады. Және де дастарқанда үнемі көкөнісітер мен жеміс-жидектер болуы тиіс. Осылайша, ғалымдар балғын салаттарды кемінде күніне екі рет жеуді ұсынады. Бірақ майонезсіз. Жеміс-жидектерге келетін болсақ, оны әдеттегі тамақпен араластыруға болмайды, оның нәрлі заттары ішектерге сіңіп кетуі үшін тамақтың алдында немесе тамақтанудың арасында жегені дұрыс. Олар еттен тезірек қорытылады, ал олардың асқазанда араласуы нәтижесінде бұзылуы мен ашуы үрдістері басталуы мүмкін, сондықтан бұл ағзаға пайдалы дәрумендер туралы айта алмаймыз.
Шұжықтарды, тәтті нанды, торттарды, фастфудты және газдалған сусындарды абайлап жеу керек. Адамдар тамақтанып отырып, өзінің ағзасына пайдамен қатар зиянды да келтіруі мүмкін екендігін естен шығармаңыз.
Фотосурет: e-history.kz, inbusiness.kz.
Дереккөздері:
https://www.thelancet.com/journals/lancet/article/PIIS0140-6736(19)30041-8/fulltext