bs-preloader__icon
ru kz en

Правильное питание для продления жизни

Денсаулыққа әрдайым түрлі жасырын себептерден қауіп төнеді, олардың кейбірі мүлдем белгілі бір уақытқа дейін өзі туралы білдірмейді, деп санайды медициналық ғылымдар докторы Ульям В. Ли.
Правильное питание для продления жизни

Дәрігер сонымен қатар диетаның көмегімен қорғауға болатын, ағзаның басты бес қызметі мен жүйелерін атады.

Ангиогенез үшін соя, шәй және көкөністер

Ұзағырақ өмір сүру үшін ағзаның жаңа қантамырларды құруы және жасушалардың өсімі қабілеті арасында оның тепе-теңдігін сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда қатерлі ісіктің және басқа аурулардың пайда болу қаупі ұлғаяды, деді Ли. Ангиогенезді жақсарту үшін ең тиімді азық-түліктердің бірі соя, қара таңқурай, қызанақтар, шәй, анар, ірімшік болып табылады. «Сояны, көкөністерді және шәйді көп тұтынатын Азиядағы адамдарда сүт безінің қатерлі ісігінің және қатерлі ісіктің басқа түрлерінің пайда болу қаупі анағұрлым төменірек», - деп қосады Ли.

Бағаналық жасушалардың регенерациясы үшін балық

Бағаналық жасушалар сүйек майында, өкпеде, бауырда және ішекте бар. Олардың жұмысы ағза тіндерін сақтап тұру, қалпына келтіру және регенерация болып табылады. Осы жасушалардың жұмыс қабілетіне әсер ететін ең жақсы азық-түліктердің бірі ғалымдар майлы балықты атағанын айтты Ли. Мысал ретінде ол Монреал университетінің зерттеуін келтірді, бұл зерттеу балық майына бай диета бағаналық жасушалардың өндірілуін ұлғайтатынын көрсетті. Антиоксиданттарды құрайтын, регенерацияны ынталандырушы басқа азық-түліктер – қара шоколад, қара шәй, қызыл шарап, манго және зәйтүн майы.

ДНҚ-ны қорғау үшін антиоксиданттар

ДНҚ-ның қалпына келу процесін сақтай алатын және жасушалардың қартаюын баяулататын азық-түліктер антиоксиданттарға және түрлі дәрумендерге бай болуы тиіс. Оларға А, С, D, Е, бета-каротин, ликопин, лютеин және селен жатады, деп түсіндірді ғалым. Олардың ағзадағы қорын толтыру үшін рационға асжапырақ, қырыққапат және басқа жапырақ көгін, сондай-ақ сәбізді, брокколиді, апельсинді, жидектерді, қызыл бұрышты, жасымықты, қуркуманы, үрмебұршақты, сардина мен бадамды қосу маңызды деді Ли.

Иммунитетті қорғау үшін дұрыс азық-түліктер

Кейбір азық-түліктерді тұрақты түрде тұтыну қабынуды азайта алады, сонымен қатар әлсізденген иммундық жүйені нығайта да алады, деді дәрігер. Иммундық қорғанысты күшейту үшін ол қабынуға қарсы қасиеттерге ие азық-түліктерді тұтынуға кеңес берді: зәйтүн майы, мүкжидек және жүзім шырыны, қара таңқурай, грек жаңғағы, қызыл мия тамыры, қаражидек және чили бұрышы.

Микробиом үшін ферменттелген азық-түліктер

Лидің сөзінше иммундық жүйені сақтаудың тағы бір қарапайым тәсілі – ішекке көңіл бөлу. Ол микробиом ағзаның табиғи қорғауында маңызды рөлді атқаратынын түсіндірді және оны жақсарту үшін рационға белгілі бір азық-түліктерді қосу қажет. Атап айтқанда, ішекте пайдалы бактериялардың санын улун және көк шәй, киви, бұршақ және қара шоколад көбейте алады. Ерекше пайданы ферменттелген өнімдер әкеледі: кимчи, ашытылған қырыққабат, йогурт және айран.  

Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/kak-prozhit-dolshe-5-prostyh-pishhevyh-privychek-nazval-vrach-967879/

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру