bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қандай әдет жүрек ұстамасының қаупін төмендете алады

Чиккароне Орталығының профилактикалық кардиология бойынша директордың орынбасары, дәрігер Эрин Мичостың сөзінше жиі жүрек ұстамасының себебі қабыну болады, деп жазады «Профиль».
Қандай әдет жүрек ұстамасының қаупін төмендете алады

«Біз барлығымыз ағзамыздағы созылмалы қабынуды азайту үшін күш салуымыз керек, - дейді дәрігер. – Қабыну қантамырларды тітіркендіреді, түйіншектердің пайда болуына ықпал етеді және ұйысқан қанның пайда болуын қоздырады. Ұйысқан қан жүрекке апаратын күретамырды бұғаттаған кезде бұлшықет оттегінің және қоректік заттардың жеткіліксіздігін сезінеді, мұның нәтижесінде жүрек ұстамасы болады».

Маман қандай тәсілдер ағзада қабынуды төмендетуге көмектесе алатынын айтып берді:

шылым шегуден бас тарту;

дұрыс салмақты ұстау;

физикалық белсенділікті көбейту;

дұрыс тамақтану.

Соңғысын айта отырып, Мичос рационға мына азық-түліктерді қосуды ұсынды:

тұтас дән;

жемістер;

көкөністер;

бұршақ тұқымдастар;

жаңғақтар;

майлы балық.

Бұл ретте Джон Хопкинс Университетінің сарапшылары ағзадағы қабыну қаупін, және тиісінше жүрек ұстамасының қаупін төмендету үшін адамға күніге 20 минут физикалық белсенділік жеткілікті дейді. Бұл жағдайда олардың сөзінше ағзаны қыздыратын кез-келген жаттығу тиімді – мысалы, тез жүру, асықпай баяу жүгіру немесе велосипед тебу.

Бұрын ғалымдар жүрек ұстамасына әкелетін бес түрлі сусынды айтқан болатын. Ауруларды бақылау және олардың алдын алу бойынша АҚШ Орталығының (CDC) деректері бойынша, 5 жүрек ұстамасынан 1-і із-түзсіз өтеді. Алайда бұл ағзаға әсерін тигізген жоқ деуге болмайды.

Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/snizit-risk-serdechnogo-pristupa-predlozhili-20-minutnoj-privychkoj-832524/

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Тырнақтың жағдайы бойынша қатерлі ісікті қалай анықтауға болады
Тырнақтың жағдайы бойынша қатерлі ісікті қалай анықтауға болады

Хирург-онколог Михаил Мяснянкин тырнақтың түр...

"Бір түйме буынына" ставка
"Бір түйме буынына" ставка

Z, Gen Z буынының өкілдері, дыбыстық сигналдар не...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру