АҚШ-та өткізілген зерттеу оптимисттер үлкен ықтималдықпен, өмірге неғұрлым негативті қарайтындарға қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін көрсетті. Біріне бірі тәуелсіз екі бақылаудың деректері талданды – біріншісі медбике-әйелдерді, екіншісі – ардагер-ерлерді қамтыды. Дәрігерлер олардың физикалық және психикалық денсаулығын бағалады, сондай-ақ тұрақты түрде зиянды әдеттері туралы сұрақтар қойып отырды.
Зерттеу орта есеппен неғұрлым оптимистік ерлерде және әйелдерде, олардан азырақ оптимистік топқа қарағанда, күтілетін өмірдің ұзақтығы 11-15%-ға көбірек, ал 85 жасқа дейін өмір сүру ықтималдығы айтарлықтай жоғары екенін көрсетті. Зерттеумен жұмыс істеген, Бостон университетінің Медициналық мектебі психиатриясының адъюнкт-профессоры Левина Ли: «Біздің нәтижелеріміз оптимизмнің жоғары деңгейі ұзақ өмір сүруге және сау қартаюға ықпал ете алатынының мүмкіншілігін болжамдайды» дейді.
Бұл ретте, америкалық психиатрлар әлі де дәл қандай себеппен оптимизм өмір ұзақтығына әсер ететінін нақты анықтаған жоқ. Болуы мүмкін түсініктердің арасында – оптимисттерге салауатты өмір салтын ұстану оңайырақ және олар денсаулыққа қауіпті депрессияға азырақ шалдығады. «Басқа зерттеулерден алынған бастапқы деректер неғұрлым оптимистік адамдардың әдетте мақсаттары бар және оларға жететініне сенімді екенін, мәселелерді шешуде неғұрлым тиімді және күйзеліс жағдаяттары кезінде өз эмоцияларын жақсы реттей алатынын көрсетті», - дейді Ли.
Сурет ашық дереккөздерден