bs-preloader__icon
ru kz en

Бізге зәйтүн майы неге қажет

Сарапшылар зәйтүн майының бірінші сығындысының шекті көлемі денсаулыққа пайдалы деген ортақ пікірге келді, деп жазады РБК.
Бізге зәйтүн майы неге қажет

Зәйтүн ағашы жемісінің майы 14%-ға қаныққан майлардан және 11%-ға омега-3 пен омега-6 секілді көп қанықпаған майлардан тұрады. Бірақ онда жалпы құрамның 73%-ын құрайтын, моноқанықпаған олеин қышқылы көп.

Зерттеулер соңғысы қабынуды төмендететінін және қатерлі ісік ауруларының алдын алуға әсер ете алатынын растайды. Сонымен бірге, моноқанықпаған майлар жоғары температураларға төзімді, сол себепті май тіпті қуыру кезінде де пайдалы болып қалады.

Зәйтүн майы артритпен күресуге көмектеседі. Құздамалық артрит – иммундық жүйе бұзылған кезде ағзаның сау жасушалары зақымдалатын және буындар бұзылатын, аутоиммундық ауру. Тағамдарға зәйтүн майын қосу қышқылдандыратын үдерісті азайтуға көмектеседі және қабынуды басады. Дәрігерлер оны балық майымен үйлестіруге кеңес береді, мұндай коктейль буындарды шынықтырады, ауырсынудан арылтады және артрит кезінде қолдардың қозғалмай қалушылығын төмендетеді. 

Ғалымдар зәйтүн майы қандағы қант деңгейіне және инсулинге сезімталдылыққа жақсы әсер етеді деп санайды. Мұны 418 адамның зерттеуі растайды, оның нәтижелері бойынша жерорта теңіздік диета екінші типтегі диабеттің даму қаупін 40%-дан артығына төмендетті.

Дұрыс тамақтану үшін қалған элементтер – ақуыз бен көмірсулар – рационда үйлестірілген болуы тиістігін ескергеніңіз маңызды.

Дереккөзі: https://style.rbc.ru/health/5de60c7c9a794762e8cf85ce

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Теріс табыстылық сақтандырушылардың инвестицияларын өзгертеді
Теріс табыстылық сақтандырушылардың инвестицияларын өзгертеді

Әлемдік сақтандыру секторы шамамен $ 33 трлн қа...

Өмірді сақтандырудағы гендерлік алшақтық
Өмірді сақтандырудағы гендерлік алшақтық

Royal London сақтандырушысы жүргізген зерттеу бойы...

S&P Қазақстанның өмірін сақтандыру нарығын оң бағалайды
S&P Қазақстанның өмірін сақтандыру нарығын оң бағалайды

S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Ағымдағы жағ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру