bs-preloader__icon
ru kz en

Уилл Смиттің секіруі $200 млн-ға сақтандырылған

Байлығы мен жалақысы олардың бет-әлпетіне немесе сезім органдарына байланысты болған адамдар өздерін жүздеген мыңға, тіпті миллион долларға жиі сақтандыра бастады. Сақтандыру өнімге актерлер ғана емес, барлық адамдар мәжбүр болатын уақыт келді, бұл ретте шекке дейін жететін жағдайлар да орын алады: әйелдер ажырасудан да сақтандырылып жүр, деп forbes.kz хабарлайды.
Уилл Смиттің секіруі $200 млн-ға сақтандырылған

Егер Қазақстанда мұндай сақтандыру туралы ақпаратты жасыратын болса, Батыста бұл мақтаныш сезімін тудырады және пиардың ерекше элементі болып табылады.

Осылайша, жуырда барлық шетелдік баспасөзде атақты голливудтық актер Уилл Смиттің «тарзанкадан» секіруі Lloyd's ең ірі корпорациясында $200 млн (73 млрд теңгеге) сақтандырылғаны туралы жазылды.  Трюкті тікұшаққа сым арқанмен байланған адам банджи-джампинг деп аталатын секіру аясында орындайды, және ол 120 сағ/км жылдамдықпен құлайды.  

Өзінің 50-жылдығына орай актер тікұшақтан тереңдігі 2 км құрайтын Гранд-Каньон сайына тарзанкамен секіруге бел буды. Сарапшылардың пікірінше, мұндай секіру үшін сақтандырушылар $500 мың (182,7 млн теңге) мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын алды – егер секіру нәтижесінде голливудтық актер қаза болса, немесе жарақаттанса, бұл сомаға сақтандырушылар оның табысынан айырылуын өтеп беретін еді.

Секірудің куәгерлері жүздеген адам болды: актердің әйелі мен балалары, жолдастары, сақтандыру компаниясының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, секірудің ұйымдастырушылары, медициналық қызметкерлер және бұл оқиғаны ұялы телефонға түсіріп тұрған қарапайым адамдар.

Lloyd's (немесе Lloyd's of London) сақтандыру корпорациясы – халықаралық іскери беделге және терең тарихи дәстүрлерге ие Ұлыбританиядағы сақтандыру бизнесінің ең ірі ұйымдастырушылық құрылымы.

Фотосурет: uk.blastingnews.com, super.ru сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Үндістанның өмірді сақтандыру нарығының даму болжамы жарияланды
Үндістанның өмірді сақтандыру нарығының даму болжамы жарияланды

Үндістандағы өмірді сақтандыру нарығы тұтыну...

Қазақстанда зейнетақы төлемдері арттырылады
Қазақстанда зейнетақы төлемдері арттырылады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әле...

ӨСК-ге салымдар депозиттерден тиімдірек - Ranking.kz
ӨСК-ге салымдар депозиттерден тиімдірек - Ranking.kz

Ағымдағы жылдың басына Қазақстанда өмірді сақ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру