bs-preloader__icon
ru kz en

Nomad Life ұтыс ойынның аясында екінші автокөлікті табыстады

«Nomad Life» өмірді сақтандыру компаниясы ZOLOTO NOMADOV және ZOLOTO NOMADOV Invest салымшылары арасында акцияның екі кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтады. Бұл жолы жаңа Toyota Corollaның иесі Талдықорған қаласының тұрғыны Людмила Шацкая болды.
Nomad Life ұтыс ойынның аясында екінші автокөлікті табыстады

Акцияның бірінші кезеңі 20-шы шілдеде, ал екіншісі – 16-шы қыркүйекте басталды. «Қазіргі таңда үшінші кезең өтіп жатыр, ал 16-шы желтоқсаннан бастап 15-ші қаңтарға дейін – төртінші кезең болады. Осы жылдың шілдесінен бастап келесі жылдың қаңтарына дейін ZOLOTO NOMADOV және ZOLOTO NOMADOV Invest полистерін сатып алған клиенттер автоматты түрде екі автокөлік ұтыс ойынының қатысушылары болады» - деп түсіндіреді «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Мади Шалгимбаев.

Лотерея билетінің реттік нөмірі клиент салған әрбір $10 мың.-ға беріледі. «Осы жазда біздің Орал қаласынан клиентіміз Toyota Camry 70 ұтып алды. Үшінші автокөлік қаңтарда ойнатылатын болады. Бірақ, жаңа көлік - Nomad Life-тің жалғыз жүлдесі емес. Осы жолы жүгіріп жаттығу құралы, көзге, басқа, арқаға және аяққа арналған массажерлар, сонымен қатар, екі чекап ойнатылды» - дейді Мади Шалгимбаев.

Бұған қоса, Nomad Life клиенттері Қазақстанның немесе Оңтүстік Кореяның үздік клиникаларының бірін өздігінен таңдайды. Өйткені, чекап деп отырғанымыз – өз денсаулығын, уақыты мен қаражатын бағалайтын адамдарға арнайы жасалған профилактикалық кешенді тексерілу. Осылайша, сақтандыру компаниясы қазақстандықтарды салауатты өмір салтымен байланысты пайдалы әдеттерге дағдыландыруға тырысады.

«Біздің клиенттеріміз – ертеңгі күнін, өзі және өз жақындары үшін «қаржылық қауіпсіздік кепілдігі» туралы ойлайтын адамдар. Өздеріңіз ойлап қарасыңыздар, ZOLOTO NOMADOV полисі жылдық 3.41%-ға дейін жыл сайынғы долларлық пайдаға немесе сақтандыру жағдайы орын алған кезде дереу төлемге кепілдік береді» - деп, басқарма төрағасының орынбасары анығын айтады.

Осы ұтыс ойыны сонымен қатар қазақстандықтар арасында инвестициялық сақтандыру немесе unit-linked - біздің еліміз үшін жаңа өнімді танымал етуге бағытталған. ZOLOTO NOMADOV Invest-тің түбегейлі айырмашылығы – инвестициялық портфельді өздігінен таңдау мүмкіндігі, бұл кез-келген адамға болашақ кірісті өздігінен анықтауға мүмкіндік береді. Әдеттегі депозиттен немесе кепіл пайдасы бар жинақтаушы сақтандырудан айырмашылығы unit-linked тұрақты әлдеқайда үлкен пайданы береді.

«Біз 5 мыңнан аса қаржылық құралдарды талдадық және кіріс түсу және тәуекелдер тұрғысынан, әлемнің ең ірі және сенімді компанияларының басқаруындағы тартымды инвестициялық портфельдерді таңдадық. Бүгінгі күні, Nomad Life-пен шарт жасасу арқылы, артық комиссия мен төлемсіз әлемнің ең табысты фармацевтикалық және өндіруші компанияларының, АҚШ-тың 500 ірі компанияларының ортақ иеленушісі болуға болады» - дейді сұхбаттасушы. Айта кетерлігі, депозиттен айырмашылығы полистің иесі кез-келген уақытта жеке кабинеттен құнды қағаздардың жағдайын, олардың бір күнде қанша «табыс тапқанын» көруге болады.

«Nomad Life нарыққа қазақстандықтар үшін үйреншікті болып кеткен өнімдерге түсінікті және сенімді баламасын ұсынды. Бірақ, депозиттерден айырмашылығы сақтандыру полисі ажырасу кезінде бөлінбейді, сот бұл инвестицияларға тыйым салуға құқысыз, сондай-ақ мемлекет өмірді сақтандыруды құптауына байланысты -  түскен табысқа салық салынбайды», - деп, қорытындылайды сарапшы.

Бұл екінші ұтыс ойыны және компания басшыларының сөзінше, осындай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп отырылатын болады.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК тағы да позитивте
ӨСК тағы да позитивте

Мамыр айында сыйлықақылар үштен біріне өсті...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру