bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру жөніндегі қаржы кеңесшісі қалай болуға болады?

Журналистика. ЖКО. Өмірді сақтандыру
Өмірді сақтандыру жөніндегі қаржы кеңесшісі қалай болуға болады?

Тағдырдың жазуымен және сақтандыру нарығында жұмыс істеудің барлық артықшылықтарын анықтап, журналист мамандығын өзгертті. Іскерлік ақпарат орталығы Kapital.kz тілшісімен сұхбатта  “Fortune Invest” ЖШС қаржы кеңесшісі Заирова Гүлнар сақтандыру нарығына оны өмірдегі қандай жағдайлар әкелгені және неліктен оның қоржынында өмірді сақтандыру негізгі өнім болатындығы жайында айтты.

— Гүлнар, сіз менің әріптесім екенсіз…

— Иә, бұрын  (күлімдейді).

— Оқиғаңызды айтып беріңізші.

— Меніңше, менің оқиғамда ешқандай өзгешелік жоқ, алайда тағдырдың іздері білінеді. Журналистикадан кететінімді ешқашан ойлаған жоқпын. Павлодарда журналдардың біреуінде бастық-редактор болып жұмыс істедім. Бір мезетте теледидар нарығын баурау үшін Астанаға баруға шештім. Осының бәрі 2009 жылы Астанада болған. Мен апатқа ұшырадым, өзім рульде отырғам және ЖКО өзім кінәлімін. Нәтижесінде  —жараланған бет,оның сол жағында титан пластинасы, аурухана төсегінде бір жарым жыл өткіздім. Осы оқиға мені мамандығымнан шығарып тастады. Дәрігердің маған қойған алғашқы сұрағы есімде: сіздің сақтандыруыңыз бар ма? Әрине сақтандыру нарығына қызығушылық бірден пайда болған жоқ. Өмірді сақтандыру сияқты өніммен айналысу шешімі өзім сияқты кеңесшімен сөйлескеннен кейін пайда болды. Апатты бастан өткізгеннен кейін оның өте қажет, пайдалы өнім екендігін түсіндім.Еңбек нарығында  ұзақ уақыт сұранымсыздық өз әсерін тигізді. Сақтандыру нарығында мансабым осылай басталды.

— Бүгінгі күнде сіз сақтандыру компаниясында жұмыс істемейсіз.

— Дұрыс айтасыз, мен брокерлік агенттікте жұмыс істеймін, сақтандыру компанияларымен бірге қызмет жасаймыз, сақтандыру полистерін сатамыз. Нақты өмірді сақтандыруда маманданамыз. Бұл өнімнің дұрыс атауы «өмірді сақтандырудың ерікті жинақтаушы қоры».

— Өнімнің өзі туралы толық айтып берсеңіз.

—Белгілі бір уақытқа адам қажетті соманы жинай алады (баланың жоғарғы оқу орнына түсуі, балалардың тойы немесе зейнетке шығу),сонымен қатар  денсаулығына немесе өміріне байланысты жағымсыз күтпеген жағдайлардан сақтандыру арқылы қорғануға мүмкіндігі бар. Әр клиент өз талаптарын ескере отырып, мерзімді өзі таңдайды. Жинау туралы айта кетсек, ол жерде кірістердің екі түрі қарастырылады: кепілдікті негізгі кіріс және дивиденттерді есептеу мүмкіндігі, басқаша айтқанда, инвестициялық кіріс.

— Нақты мысал келтірсек. Нақты сомалардан нақты пайданы есептеп көрейік .

— Сөйтейік. Клиентпен жеке жұмыс жасағанда, оның жеке деректері: жынысы, жасы, жыл сайынғы сыйлықақы сомасы, басқаша айтқанда, жарна сомасы, сақтандыру мерзімі, денсаулық жағдайы, өмір салты және басқалары өңделеді. Мысалы, сап-сау  40  жастағы әйел сақтандырудың 20 жыл мерзімін таңдап, жыл сайын сақтандыру компаниясына өз атынан  200 000 теңге салса, онда одан қандай пайда табады? Біріншіден, келісімшартқа қол қойылған күннен бастап өмірді қорғау мүмкіндігін және 20 жыл ішінде 4 жарым миллион теңге алады. Алланың қалауымен клиентімізде бәрі жақсы болсын, оны мен барлығына шын жүректен тілеймін. Ол өзінің жиналған 4 миллионын ғана емес, сонымен қатар 3 миллион шамасында дивиденттер алады. Барлығын қосқанда, зейнет жасына келген кезде ол 7 миллион теңге шамасында алады.

— Сәл түсініксіз болып тұр. Адам өз өмірін сақтандырады және өлім жағдайында оның жанұясы нақты ақша алады ма? Немесе ол ауырғанда денсаулығын сақтандырады ма ?

—«Өмірді сақтандыру» өніміне қосымша опция – 11 қауіпті аурудан денсаулықты сақтандыру. Ол сіз айтқандай жарақаттар, 11 қауіпті аурудың ішінде  —онкология, инсульт, инфаркт, бүйрек жетіспеушілігі және басқалары бар. Құдай басқа бермесін, ондай диагноз қойылса. Ақша болса, жеңілдеу ғой. Сақтандыру төлемдерімен шетелдік қызмет көрсету мен ем алу мүмкіндігі болады.

Сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда сол 4 миллионды кім алады?

— Егер кез келген себептен адам қайтыс болса, қаражатты оның жанұясы немесе полисте  көрсетілген тұлға алады. Сақтандырылған адаммен бәрі дұрыс болса, онда оның ақшасы жоғалып кетпейді, олар банктегі депозит сияқты шотта жатады. Сақтандыру мерзімінің аяғында адам ақшаны пайызбен қайтарып алады.

— Ерікті сақтандыру туралы айтып жатырмыз.  Ол қандай жағдайда міндетті болады?

— Өз өмірімнен мысал келтірейін. Ұлым «Барыс» ұлттық хоккей клубында ойнайды. Спортсмендер өз өмірі мен денсаулығын жазатайым оқиғадан сақтандыру керек.Бұл міндетті емес, бірақ  спортсменді сақтандырусыз жарыстарға жібермейді.  Алайда  сақтандырудың осы түрі жинақтаушы емес . Бұл жеке әңгіме.

— Сұраныс туралы айта кетсек, қазіргі кезде осы өнім қай жерде көбірек танылған: заңды тұлғалар арасында ма әлде корпоративтік секторда ма?

— Менің ойымша, ерікті жинақтаушы сақтандыру заңды тұлғаларды қызықтырады. Біріншіден, бұл ұзақ мерзімді жинаудың оңтайлы әдісі және сол мерзімде — сақтандыру арқылы қорғау. Адам жауапкершілікті қоғамға, мемлекетке немесе басқаға артпай, өз өміріне, жанұясының амандығына, балаларының болашағына дұрыс қарау керек.

— Гүлнар, соңғы 9-10 жылдағы сақтандыру нарығына талдау жүргізейік. Осы уақыт ішінде «өмірді сақтандыру» өніміне сұраныс қалай өзгерді? Және осы немесе басқа үрдісті қалай түсіндіруге болады?

— Сол уақытты қарастырсақ, жылдан жылға жинақтаушы сақтандырудың танымалдылық үрдісі айқын көрінеді. Көптеген себептерден сақтандыру компанияларына сенім өсуде: сақтандыру жағдайы болған кезде кешіктірушіліксіз, бюрократтық кідірістерсіз мерзімді төлем төленеді, сақтандыру жағдайы болмаған кезде салынған ақша мен инвестициялық кірістердің қайтарылатынын адамдар көреді. Осы адамдар өздеріне, отбасы мүшелеріне және т.б. бағдарламаны қайта ашады. Соңғы он жылда біздің отандастар шетелге турист ретінде ғана емес, сонымен қатар жұмыс бабымен, оқуға жиірек баратын болды. Жұмысқа тұрған кезде олар өмірді сақтандыру мәселелеріне тап болады.  Отанға қайтып келген кезде өмірді сақтандыруға түсіністікпен қарайды. Сақтандыру қызметімнің тәжірибесі бойынша  клиенттерімнің көбісі шетелде ұзақ уақыт болатындығын айтқым келеді. 2001 жылы бүкіл нарықтағы клиенттер жарналарының сомасы 70 миллион теңге шамасында құраса, қазір бір айдағы сыйлықақы ол сомадан әлдеқайда көп. Қазақстандықтар өздеріне жағымсыз сұрақ қоюды үйреніп келе жатқан сияқты: «Егер маған бірдеңе болса, онда балаларыммен, қарт әке-шешеммен не болады?»

— Алайда шетел әріптестеріңіздің нәтижелеріне әлі алыс шығар. Батыс елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы өмірді сақтандырудың танымалдылығы туралы айтып тұрмын.

— Айырмашылығы көп. Мысалы, Жапония тұрғындарының 100% сақтандырылған, Германияда да солай, Америкада адам сақтандырылмаса, онда далаға да шыға алмайды. Олардың сақтандыру түрлері әртүрлі, дене мүшелерін, дауыс желбезектерін, шашын сақтандырады. Таяуда АҚШ-та бір адам инопланетяниндердің басқыншылығынан тәуекелдерді сақтандырған.

— Қазақстанда осындай ұсыныстармен клиенттер кездескен жоқ па?

— Ешқашан. Қазақстандықтарға негізі айтатыным: өмірді сақтандыру, жинақтаушы бағдарлама  — бұл заман талабы. Дене мүшелерін сақтандыруды сұраған адамдар кездескен жоқ. Келісімшарт бар, ол стандартты. Өмір мен денсаулықтың бағасы сияқты анайы форматтың мәдениетін жоғарылату үшін қазір көп жұмыс істеп жатырмыз.

— Қолдан келіп жатыр ма? Жалпы таяудағы жылдарда өмірді сақтандыруға сұраныс туралы  болжамыңызды естігіміз келеді.

— Танымалдылық өсіп келеді, қазақстандықтар өз өміріне дұрыс қарайды, олар балаларын жақсы көреді, өз жанұясының болашағы туралы ойлайды және ертеңіне жауапкершілікпен қарайды.

— Сақтандырылған адамдардың жалпы санынан өліммен аяқталғандар пайызының статистикасы бар ма?

— 10 мың адамға 5 сақтандыру жағдайлары шамасында, бұл өліммен аяқталғандар, жарақаттар. Әрине пайызы үлкен емес, әйтпесе сақтандыру компаниялары қаусайтын еді.

— Ал, салымға кепілдіктер ше? Қаржы салудың қауіпсіздігі қандай жағдайда?

— Егер банк банкротқа ұшырайтын болса, онда салымшы минимум 10 миллион теңге алады, бұл Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру  қорының қайтарып беретін кепілдікті сомасы. Біздің жағдайда Ұлттық банк тұлғасында кепілгер - мемлекет болып саналады, бірақ, бұл жерде тиянақталған мөлшерлеме емес, кез келген шектеусіз сома. Кейбір сақтандыру компанияларының тағы бір кепілгермен келісімдері бар. Ол сақтандырудың әлемдік нарығындағы көшбасшысы - неміс қайта сақтандыру қоғамы Hannover Re.  Егер бірдеңе болса, онда ол да белгілі міндеттемелерді өзіне алады.

— Түсінгенімше келесі сұрағыма да анық жауап бар. Алайда, сұрайын: өз өміріңізді сақтандырдыңыз ба?

— Әрине, менің жанұямда 5 сақтандыру полисі бар, күйеуімде 2, өзімде 2 жинақтаушы бағдарлама, біріншісі зейнет жасыма, екіншісі ұлымның тойына дайындық, ол қазір 14 жаста. Және тағы бір жинақтаушы сақтандыру депозиті үлкен қызымда.

— Гүлнар, сізге сәттілік тілеймін. Сұхбатыңызға рахмет!

АВТОР: Гаухар Ануарбек

Дереккөз: https://kapital.kz/finance/64416/kak-stanovyatsya-finansovymi-konsultantami-po-strahovaniyu-zhizni.html

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандыру нарығы өзгерістерге дайын
Сақтандыру нарығы өзгерістерге дайын

Алматыда сақтандыру секторының топ-менеджмен...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру