bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақтар АҚШ үкіметінде жұмыс істеп жатыр

Америкада қазақ ұлт өкілдері әртүрлі іс-әрекет салаларында келтірілген.
Қазақтар АҚШ үкіметінде жұмыс істеп жатыр

Біздің отандастарымыздың арасында бизнесмендер, дәрігерлер, банкирлер, музыканттар, такси жүргізушілері және басқалары бар. Бірақ, Қазақстанның  бұрынғы азаматтары оардан елдің тіршілігінің маңызды мәселелері тәуелді, құнды қызметкерлер болып табылатын АҚШ  федералдық үкіметінде жұмыс істейді екен. Біздің мақала кейіпкерлері – АҚШ актуарийлер Палатасының мүшесі Махмуд Сағындық пен оның жұбайы  Жанна Сағындық, АҚШ үкіметінің актуарийі болып табылады.

 Бұл фотосуретке 100 жылдам астам уақыт болды. Ол Мэриленд штатында Сағындық жанұясының америкалық үйінде сақталуда. Суретте Раимжан Марсеков – алғашқы қазақ заңгерлері мен көсемсөзшілердің бірі. Ол Семей облысында туылған, 1902 жылы Санкт-Петербургте Императорлық университетті тәмамдап, өз отынанда өңірлік сотта жұмыс істеген. Қоғам қайраткері және «Алаш» қозғалысының қатысушысы Раимжан Марсеков 1937 жылы ағаларымен бірге атылған. Олардың жанұясын 1952 жылы ақтап шығарған. Өзінің арғы атасын бұрынғы қазақстандық, қазірде АҚШ-та тұратын Махмуд Сағындық мақтан тұтады.  

Махмуд Сағындык, АҚШ актуарийлер Палатасы мүшесі:

-Мен Семейде туылғанмын, Мәскеуде Халық достығы университетін математика мамандығы бойынша оқыдым. Университетті аяқтаған соң мен математика бойынша кандидаттық диссертация қорғадым, Алматыда ҚазҰУ-де геометрия кафедрасында және Алматы мемлекеттік униврситетінде доцент болып жұмыс істедім.

Махмудтың жұбайы да математик. Жанна дифференциалдық теңдеулер бойынша диссертация қорғаған, Халық шаруашылығы институтында және Алматы бизнес мектебінде  оқытқан. ҚазҰУ профессоры Өмірсейт Хафизов Шариповтың қызы және академик, физико-математикалық ғылымдар докторы Құлжабай Абдықалықович Қасымовтың оқушысы керемет маман ғана емес, сонымен қатар Махмудтың пікірлесі, өмірлік серігіне айналды. 10 жыл отанында жұмыс істеген соң, жас ғалым Сағындық оқуын АҚШ-та жалғастырады. 2000 жылы Кентукки университетінде ол докторлық диссертация қорғайды да, кейінірек актуарий профессорын меңгереді.

Махмуд Сағындык, АҚШ актуарийлер Палатасы мүшесі:

- Бұл АҚШ-та өте беделді мамандық  және  емтихандарды аяқтау шін 10-15 жылды қажет етеді. 2000 жылдан бастап, мен өмірді, жылжымайтын мүлікті, денсаулықты сақтандыру компаниясында жұмыс істей бастадым. 2009 жылы АҚШ Федералдық үкіметі жұмысына, Денсаулық сақтау Министрлігі актураийіне көштім.

АҚШ-та алғашқы өмір сүру жылдары қиын болды. Ғылыми атақтары бар қалыптасқан мамандар жаға жерлерді мекендей бастады, ағылшын тілін үйрене бастады. Себебі Мәскеу Халық достығы университетінде Махмуд француз тілін оқыған, ал Жанна неміс тілін меңгерген.

Жанна Сағындык, АҚШ үкіметі актуарийі:

- Біз барлығын жоқтан бастадық. Махмуд докторант болды. Біз әрбір центті санаған күндеріміз де болды. Біз үйді өте сағындық және осында білім алған соң, барлығын үйренеміз де Қазақстанға қайтып келеміз деп ойладық. 2007 жылдың өзінде  біз шынайы Қазақстанға қайтып келетін ойымыз болды. Біздің математика мамандығымыз осында ғана өте  сұраныста болды, әлімнің басқа жерінде ондай сұраныс жоқ.

Махмуд Сағындык, АҚШ актуарийлер Палатасы мүшесі:

- Мен математикамен қалай да абстрактілі түрде айналысқанысды түсіндім, бірақ ең қиыны – бұл шынайы өмір мәселелері. Біз есептеулер жүргіземіз, АҚШ Конгрессіне көмектесеміз. Біздің рөліміз заң жобаларын әзірлеу емес, техникалық қолдауға негіздделеді. Заң жобалары қаржылық-тұрақты болуы үшін.

 2009 жылы Махмуд пен Жанна АҚШ денсаулық сақтауында реформаларды әзірлеуге және қаржылық талдауға қатысты. Осы жерде олардың математикалық статистика, бухгалтерік есеп және қаржылық моделдеу білімдері қажет болды.

Жанна Сағындык, АҚШ үкіметі актуарийі:

- Махмуд қарт адамдарды, 65 жастан асқан адамдары сақтандыру бойынша есептеулермен айналысатын топта жұмыс істейді, ал мен ауқатсыз халық тобын сақтандыру мәселелерімен айналысатын топта жұмыс істеймін. Біз 110 миллион халыққа қатысты есептеулермен айналысамыз. Оның 70 миллионы  ауқатсыз халық тобы және 50-60 миллионы – қарт адамдар. Бұл шамамен триллион доллар.

Ерлі-зайыпты Сағындыө Американың 50 штаты үшін есептеулер мен болжамдар жүргізеді. Мысалға осы күндері  АҚШ федералдық үкіметі актуарийлер кеңсесінен әріптестерімен бірге  олар тұмаумен ауру және есірткіге тәуелділік бойынша мәліеттерді жинап жатыр.

Жанна Сағындык, АҚШ үкіметі актуарийі:

- Қазіргі күні Америкада опиоидтарды қолдану мәселесі зор. Үкіметтік деңгейде бұл мәселе қозғалып жатыр. Егер түбегейлі шаралар қолданбаса, күрделі салдар туындайды. Біз нашақорлыққа шалдыққан науқастарды емдеуге кететін шығындарды есептеу жұмыстары жүргізіп жатырмыз.  

Махмуд Сағындык, АҚШ актуарийлер Палатасы мүшесі:

- Қазақстанда денсаулық сақтауда, зейнетақы саласында өзекті мәселелер бар екенін білемін, әрине актуарлық есептеулер көмектесер еді. Мен өз пікірім бойынша актуарлық кәсіп қоғам деңгейін сипаттайды деп есептеймін.

 Осы жылдары олар үлкен табыстарға жетті. Қаржылық тәуекел-менеджер халықаралық сертификатының иегері Махмуд Америка және Британ Актуарицлер Палатасы мүшесі болды. Ал Жанна АҚШ ең үздік мемлекеттік қызметкері және жұмысқа қосқан ерекше және бірегей үлесі үшін марапат иегері болып табылады.

Жанна Сағындык, АҚШ үкіметі актуарийі:

-20 жыл Америка Құрама Штаттарында өмір сүріп, біз Америка өте алуан түрлі десек болады. Біз алдымен Кентукки штатына келдік, содан кейін Махмудтың жұмысына  байланысты біз Пенсильванияға, содан соң Индианаға көштік. Огайода тұрдық, содан соң осында Мэрилендке Вашингтон және Балтимор ауданына келдік.

Махмуд Сағындык, АҚШ актуарийлер Палатасы мүшесі:

- Біз жасаған өмір жолын жиі ойланамын. Жеке мен Қазақстанда туылдым, онда 17 жыл тұрдым, содан соң Мәскеуге кеттім, онда 10 жыл тұрдым, Қазақстанға қайтып келдім де 10 жыл жұмыс істедім, ал қазір АҚШ-та 20 жылдан астам тұрып жатырмын. Менің ойымша, біз әлемнің азаматы болып табыламыз.

Жанна Сағындык, АҚШ үкіметі актуарийі:

- Бұл жерде өте жақсы Қазақ-америка қауымдастығы бар. Біздің отанымызбен байланысымыз толық құнды болды.  

Махмуд Сағындык, АҚШ актуарийлер Палатасы мүшесі:

- 5000-дай қазақтар Вашингтон айданында тұрады.

Жанна Сағындык, АҚШ үкіметі актуарийі:

- Біз Наурызды тойлаймыз. Бізде қазақ жерлестігімен ұйымдастырылған қазақ тілі мектебі, хор  бар.

Махмуд Сағындык, АҚШ актуарийлер Палатасы мүшесі:

- Қазақ даласы жетпейді. Мен әрбір отаныма барған айын, пойызға отырып, Қазақстан даласын қараймын. Біз Қазақстан мен АҚШ арасындағы жақсы қатынастарға қуаныштымыз. Әсіресе, жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтын келуі мен оның АҚШ Президентімен кездесуі. Жобалар көп. Бұл екі елдің ынтымақтастығының нығаюына үлкен қадам болатынына сенімдіміз.

Мұзит ар жағындағы осы қалыптасқан қазақ жанұясының жетістіктері осындай. Сағындық жанұясының білімдері мен тәжірибесі әлемнің ең  дамыған елінде қажет болғаны жақсы.

Авторлар: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Ақпарат көзі: http://24.kz/ru/news/social/item/222059-kazakhi-rabotayut-v-pravitelstve-ssha

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Балық майы қандай аурулардан қорғайды
Балық майы қандай аурулардан қорғайды

Нутрициолог Екатерина Михайленко РИА Новости...

Ұзақ өмір сүруге қандай өнімдер ықпал етеді
Ұзақ өмір сүруге қандай өнімдер ықпал етеді

Ұзақ өмір сүру үшін таңғы асқа майлы емес йогу...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру