Егер сақтандыру нарығы туралы айтатын болсақ, диджитализация тақырыбын тек жалқаулар ғана қозғамаған болса керек. Көпшілік түрлерді бүгінде қайткенде де онлайн режимге көшіруге тырысып бағуда, агент пен сақтандыру делдалы ғұмырының соңына таяп қалған, қырылып бара жатқан түрге айналуда.
Шынымды айтсам, мен де көп уақыт бойы агенттер туралы осындай пікірде болып келгенмін. Бірақ адамдар мен дамып келе жатқан технологияларды бақылай келе, қатты күмәндана бастадым.
Машиналардың дамуы мен олардың мүмкіндіктері әлдеқайда ілгеріледі. Мен тіпті, бүгінде біз цифрлық революцияны бастан кешірудеміз деп те айтар едім. XVIII—XIX ғасырлардағы интустриялық революциядан кейін, бұл сөзсіз адамзаттың экономикалық дамуындағы ең елеулі бетбұрыс.
Бұл жолы машиналар қол еңбегінің бір бөлігін ауыстыруды уәде етумен ғана шектеліп отырған жоқ. Олар адамның өзін ауыстыруды мақсат етуде. Бұған нейрондық желілер деп аталатын өздігінен үйренетін компьютерлер үлгісінде көз жеткізуге болады. «Ғажайып жәшік» «Го» ойынында адам баласын әйтеуір жеңіп тынды, мидың чиптен басымдылығының соңғы қамалы алынды.
Егер деректер соншалық айқын болса, онда неліктен барлығымыз осы күндері бағдарламалау немесе робототехника негіздерін меңгеру үшін техникалық университеттердің парталарын тоздырып жүрген жоқпыз?
Өзім үшін бұл сұраққа жауап тапқандаймын.
Біріншіден, бизнес адамдардың арасында жасалады. Ешбір индустриялық төңкеріс бұл қағиданы өзгерткен жоқ, керісінше, тіпті күшейте түсті. Мәмілелер күннен күнге ірілеу, сатулар – неғұрлым бұқаралық, өнімдер – анағұрлым күрделірек болуда. Екіншіден, біздің қандай да бір нәрсені сатып алу туралы шешімдеріміздің кем дегенде 80% сезім-күйге негізделеді — әйтеуір, психологтар осылай деп жатады.
Мейлі, ОСАГО, ал біраз уақыттан кейін каско да бірқатар қораптағы өнімдермен бірге автоматтандырылады деп болжап көрейік — бұл әбден заңды әрі қисынды жағдай. Ал бұдан күрделірек бизнеспен не болмақ? Өндіріс, сауда және өзге бизнеске қатысты сақтандыру өтелімдері ше? Жеке және заңды тұлғалар үшін жаңа кибертәуекелдер мен вирустық шабуылдардың салдарынан софт пен хардтың зақымдалуы, деректердің ұрлануы сияқты жаңа технологиялардың басқа салдарымен байланысты жағдайларда не болмақ? Мұны кибер-ДМС деп атайық. Осы жаңа сақтандыру өнімдері қазіргі кезде батыс нарықтарында өте өзекті. Ал болашақта қанша жаңа өнімдер пайда болуы мүмкін? Мысалы, нанороботтардың қоршаған ортаға әсері. Мәселен, бүгінде кір жуғанда бүкіл ластықты жоятын наноұнтақ ойлап табылды. Кіріміз тазарды, әрине, ал бұл нанороботтар суағарлар арқылы өзендер мен көлдерге түскен кезде нені жояды? Бұл кімнің жауапкершілігі, оны қалай сақтандырамыз?
Ал өмір, денсаулық және зейнетақы сақтандыруы ше? Мен бұл тұста банктердің кредиттерге қоса беретін 80—90% комиссиясы үшін пайдасыз қораптарды штамптауын айтпаймын, меңзеп отырғаным – негізгі тәуекелдердің нақты ұзақ мерзімді қомақты өтемі. Мұндай өнімдер үшін керегі жекеленген техникалық тәсіл ғана емес: аталған тәуекелдерден сауатты қорғаныс ең алдымен осындай оқиғалардан қорқынышты азайтады.
Сондықтан, менің ойымша, құрғақ сұрақтармен, автоматтандырылған ұсыныспен бұл мәселені шешу мүмкін болмайтын сияқты. Өмір – тылсым дүние ғой.
Ал компьютердің қолынан бұл келе қояр ма екен? Мен білсем, оны адамның миымен салыстыруға да келмейді. Әрине, ол «Го» ойынында адамнан озып өтті. Бірақ тек 19Х19 алаңында. Ал адам бірден 18Х18 немесе кез келген басқа тақтаға еш қиналмастан ауысып кете бере алады. Ал машина олай істей алмайды. Ол іс жүзінде «бір станокшы» және ол әрбір тапсырманы тек нүктелік тәсілмен, өзі үшін жазылған бағдарлама шегінде ғана орындай алады. Оңға немесе солға сәл ауытқу оны тұйыққа тірейді. Бұған қоса, компьютерлерді өздігінен оқыту технологиялары 30 жылдан бері бар, олардың жаппай ендірілуі үшін жылдамдық қана жетіспей келген. Бірақ олар әзірше тұйыққа тірелген. Әрбір міндет енгізілген тар параметрлерде шешіледі. Егер олар өзгерсе немесе ережелер өзгеретін болса, адам көмегінсіз болмайды.
Демек, бәрі бұрынғыдай. ХІХ ғасырдың басындағы ағылшындар мен немістерге ұқсап, машиналармен күресудің қажеті жоқ. Бұл машиналар кейін жұмыс орындарын жоюдың орнына жаңаларын тудырды. Және бұл жәйттар сол кезде болған тоқыма саласында орын алған.
Сақтандыру салсындағы сатулармен де солай болмақ. Тек агенттер мен өзге сатушыларға, сондай-ақ сақтандыру компанияларына міндетті сақтандыру түрлері мен қораптық өнімдер ағынында, осындай жағдай өмір бойы жалғасады деген оймен отыра бермей, одан әрі даму керек. Бұл жағдай ұзаққа созылмайды. Ал жаңа мүмкіндіктер қатары арта түспек. Болашақ осыны ұғынғандардың үлесінде.
Агенттер құрып бара ма? Агенттік желі жасасын! Немістің ескі бір мәтелінде айтылғандай, «өлген деп есептелгендер ұзағырақ өмір сүреді».
Автор: Александр Май, «Единый агент» ЖШҚ президенті
Дерекнама: http://www.banki.ru/news/columnists/?id=10301298