bs-preloader__icon
ru kz en

Тарихтағы 10 ең оғаш сақтандырулар

Бүкіл әлемде адамдар неден сақтандбайды дейсіз. Бөтен баладан немесе қалыңдықтың алтарьда «бас тартуынан». Құрғақ заңнан және бөгде ғаламдықтардың ұрлауынан сақтану жағдайлары да белгілі. Сақтандыру тәжірибесінде адамдар өздерін демалыстағы қолайсыз ауа райымен байланысты қауіптерден сақтандыруды қалайтын жағдайлар да жеткілікті. Ал кейбір эксклюзивті ішімдікті бағалаушылар, өздерінің шарап коллекцияларының қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін аз емес қаржы салуға дайын. Сақтандырушылардың айтуларынша, егер де мәселе бірегей құндылық немесе денсаулық жайлы болса, жалпы тәртіптен ерекшелену мүмкіндіктері бар.
Тарихтағы 10 ең оғаш сақтандырулар

1. Сақина ерекше бақылауда

Танымал халықаралық компанияның клиенттерінің бірі Майамида HarryWinston бірегей зергерлік сақинаны 650 000 долларға жұбайына сый ретінде сатып алған. Осы санатты кез келген құндылықтар тәрізді, сақина сейфте жылына кем дегенде 240 күн сақталынуы қажетті нақты мекен-жайға байланып сақтандырылған. Сондай-ақ сейф орналасқан нысанның бөлімшелері және инженерлік жүйелері сақтандырылған. Келісім шарттары бойынша сақина орналасқан мекемеде, күзет және өрт сигнализациялары орналасқан. Сүйіктің үшін не жасамайсың!

2. Страдивари скрипкасы

Алайда бұл ережелер үнемі сақталына бермейді. Мысалы, бірегей құрал – 1700-1720 жылдары «алтын Страдивари» кезеңінде құрылған ең құнды түпнұсқалар қатарына енетін Страдивари скрипкасын алайық. Оның иесі скрипканы нақты шекараға байлаусыз сақтандыруды сұрады. Бұл жайлы «Ингосстрах» компаниясының  VIP-клиенттерінің сақтандыру басқармасының басшысы Ирина Пономарева хабарлайды.

Құралдың тарихи және мәдени құндылығын ескере отырып, компания оны сақтандыру қорғанымен қамтамасыз етті. Осымен қатар сақтандыру нысанына осы тәрізді бағдарламаларға тән ерекше көтерме коэффициенттер қолданылмады.

3. Роллс-ройс үшін ААЖМС

Тіптен автоазаматтық жауапкершілікті сақтандыру тәрізді «тривиальды» түрлерде де мүлдем оғаш жағдайлар  болады. Бірде Rolls-RoyceGhost автокөлігінің иесі сақтандырушыға автокөлікті касако бойынша ең аз мерзімге сақтандыру өтінішімен келді. Автокөлік үнемі гаражда орналасты, алайда 1 ғана кешке, иесін  кешкі асқа жеткізу үшін, орнынан кетуі қажет болды.

4. Шарап коллекциясы

Өнімдер және ішімдіктерді сақтандыру сақтандыру компанияларының стандартты тәжірибелеріне ене бермейді, алайда бірқатар клиенттер үшін ерекшелік бар. Бірде бір сақтандыру компаниясы клиенттердің бірінің қаладан шет үйінің арнайы жабдықталынған шарап қоймасында орналасқан шарап коллекциясын сақтандырды. Сақтандыру бағдарламасы, жағдай сақтандырылған үй және онда орналасқан мүліктермен болуы шартында, зақымдау немесе мүлікті өрт не болмаса үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде жоғалту жағдайларында туындайтын шығында орнын толтырады.

5. Мысық креслода, планшет еденде

Телефондар, смартфондар және басқа да гаджеттерді сынудан сақтандыру отандық сақтандырушылар тәжірибесіне берік енді. Бұл түрдегі төлемдер жиі кездеседі және де ең ойламаған себептерге байланысты. Мысалы, телефонды бала сындыруы, ал планшетті – мысық сындыруы мүмкін. Бұл текті жағдайлар расында-ақ жиі кезігеді және сақтандыру компаниялары клиенттерге шығындарының орнын толтырады.

Физикалық тұлғалардың «АльфаСтрахование» мүліктерді сақтандыру департаментінің директоры Ирина Карнаева тәжірибесімен бөліседі: «Гаджеттерді сақтандырудың бір бағдарламасы бойынша біз тек құзыретті органдар анықтамалары негізінде ғана шығындарға өтеу жасаймыз. Клиент полицияға өзінің баласы телефонын шақты деп жүгінген. Анықтама бізге әкелінді. Нәтижесінде клиент өтем ақы алды».

6. Қаптаманың өтімсіздігі

Ал екінші бір клиент ештеңе де алмады. Бойжеткен телефон жарнамада айтылғандай  су өткізбейтіндігі рас па екендігін тексергісі келген. Сақтандырылушының өтінішінен: «Телефонды өтімсіздікке тексердім, өтімсіз болмай шықты, сұйықтыққа толып  қалды» сақтандырушы өтем жасаудан бас тартты. Эх сол бір қара ниет жарнама-ай!

7. Ауа-райы сыбырлайды

Қолайсыз ауа райынан сақтандыру – сирек жағдай емес. Ол жиі саяхатшылардың сақтандыру полисіне енеді. Бұл тәуекелді жекелей де сақтандыруға болады. Мысалы, сіз жарты жыл бойы демалыс уақытын тостыңыз, ал жылы жағажайда жаңбыр басталды. Бұл жағдай бойынша өтем жасау бірден сіз сақтандырушыға жауын немесе дауыл тұруы жайлы хабарландырған жергілікті газетті әкелгенде орындалады,

8. Түйеден құлау

Жол сапар уақытындағы қайғылы жағдайдан сақтандыру  - пайдасы кем де кем емес зат, ең мүмкін емес жағдайлардан  сақтану мүмкіндігін береді.

Осылайша «АльфаСтрахования» сервистік қызметіне 55 жасар әйел адам жанның қылын шертетін жағдаймен жүгінді. Кипрде есекпен экскурсия уақытында, жануардан құлап түскен. Куәгерлердің (немересі және әже) айтуларынша, есектер ақылға қонымсыз мінез-қылық көрсеткен, бір нәрседен қорқып қалған, «дүрбелең» нәтижесінде есектерден бірінің үстіне бірі құлап, 20 артық адамдар зардап шеккен.

9. Банан дәмі бар сақтандыру

Анекдотты еске түсіретін тағы да бір жағдай,- дәл сол сервистік қызметке 33 жастағы ер адам жүгінген: Таиланда жүргенде банан жеп тісін сындырған. Сақтандыру компаниясы зиян шегушіге өтем ақы төлеген. 

10. Марс құдайлары және  Путин асфальты

 «Согласия»  клиенті қатардан тыс сақтандыру жағдайына ұшырады – теңіз саяхаты кезінде есінен адасқан. Ер адам айналасындағыларға, өзін – Марс құдайымын және кеме маған тиесілі деген. Сондай-ақ, оны теңіз саяхатына Әлемдік теңізді асфальттау тапсырмасын беріп Владимир Путин аттандырды деп нандырды. Сақтандыру компаниясы оның президент тапсырмасын орындауын күтпеді, оны ем алу үшін ауруханаға бағыттады.

Оларда қалай? Әлемдік тәжірибе

Бірқатар шет елдік  компаниялар клиенттерін бензин құнының жоғарылауынан сақтандырады. Сақтандырушы егер де бензин құны 15% аса өсетін болса, қосымша шығындар орнын жылына 20 еуроға толтыруға міндеттенеді.

Өзіңізді есіктің кездейсоқ жабылуынан сақтандырғыңыз келмейді ме? Бар болғаны жылына 18 еуроға танымал еуропалық компаниялардың бірі құтқарушылар бригадасын шақыруға және жаңа құлып сатып алуға жұмсайтын 100 еуроға дейін төлем жасауға міндеттенеді.

Ал Hullberry компаниясы егер сіз лифтіде тұрып қалсаңыз, 75 еуро төлеп жоғалтқан уақытыңыздың орнын толтырады. Шынына келсек, күмәнді табыс, себебі сақтандыру жылына 12-28 еуро тұрады, ал лифтіде тұрып қалу мүмкіндігі өте аз.

Лотореядағы сәтсіздіктен де сақтануға болады. Егер де сіз 52 реттен кем емес ойнап бірде бір рет ұтпасаңыз, онда сақтандырушыдан 2,5 мың еуро аласыз. Төлем жасау мүмкіндігі – 1:4900, бұл алты сандық лотереяда бас ұтысты жеңу мүмкіндігі 1:14000000 екендігін ескергенде жаман емес..

Құрғақ заңнан сақтандыру құны бар болғаны 12 еуро, егер елде құрғақ заң енгізілетін болса шығынды өтеу  500 еуро болады.

Айта кететін жайт, сол 12 еуроға бөгде ғаламдықтардың ұрлауынан сақтана аласыз. Қызметкерлері өте көңілді еуропалық компаниялардың бірінің келісімшартында, сыйақы төленеді «егер де сақтанушыны оның еркінен тыс Жерден бөгде ғаламдықтар ұрлап кететін болса» делінген. Дәрігерлер және әуе-ғарыштық органдардан (!) анықтамаларды ұсынғаннан кейін жерден тыс саналы «құрбанға» 5мың еуро беріледі.

Айтпақшы, егер де сіз темір торға қамалудан қорқатын болсаңыз, сәйкес сақтандыру келісімшартын рәсімдеудің мәні бар. Бірқатар компаниялар осы қызмет түрін көрсетеді. Біле жүріңіз: сондай-ақ жасырын камерадан сақтандыру тәжірибесі де бар. Бұл тәрізді жеке өмірге опасыз араласуға төлем – 1000 еуро және одан артық моральдық нұқсанға байланысты.

Және де біздің сүйіктілер! Алтарь алдында сізге «жоқ» деп айтудан сақтану (100 еуроға дейінгі төлем) және бөтен баладан сақтану (500 еуро төлем). Егер де сіз екінші жартыңызға сенбесеңіз, осы тәуекелдерден сақтана аласыз. Әрине, сомма аса көп емес, алайда достармен бірнеше кештер өткізуге жетерлік.

Дерек көзі: https://finance.rambler.ru/sovety/strahovanie/10-samyh-strannyh-strahovok-v-istorii/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қаржылық жоспарлау: жеке өсуге Инвестициялар
Қаржылық жоспарлау: жеке өсуге Инвестициялар

Қаржылық жоспарлау әр адамның өмірінде маңызд...

Білім беру үшін сақтандыру
Білім беру үшін сақтандыру

АҚШ-та ата-аналар балалардың білім алуына үш қ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру