bs-preloader__icon
ru kz en

Жинақтаушы сақтандыру едәуір ыңғайлы болуда

Өткен жылдың аяғында Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Оларға сәйкес өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша салық салу тетігі өзгертілді – қосарланған салық салу тәуекелі алынып тасталды. Бұл ретте екінші деңгейлі банктердің депозиттерге салық салу ұқсастығы бойынша принцип пайдаланылды.
Жинақтаушы сақтандыру едәуір ыңғайлы болуда

- Өмірді жинақтаушы сақтандыруға қатысты салық салу бойынша тұжырымдамалық өзгерістер жасалды. Бұл өзгерістерді сақтандыру нарығы ұзақ күтті және олардың келісілуін салық салу саласында уәкілетті мемлекеттік органдардың қолдауына қол жеткізді, - дейді «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі Елена Тайтуголева.

Оның сөзінше, сақтандырушылардың ұсыныстары өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша салық салу схемасын жеңілдетуге және оны банктік депозиттерге салық салу жүйесіне теңдестіруге ғана қатысты болды, нәтижесінде бұрын болған қосарланған салық салуды жоюға мүмкіндік берді. Бұл қазақстандықтарға қорланымды қалыптастыру үшін қосымша уәждеме ретінде қызмет етіп, өмірді сақтандыру саласының дамуына түрткі болуы тиіс.

Аталған өзгерістерді қабылдаған уақытқа дейін, 2018 жылғы қаңтар айына дейін өмірді жинақтаушы сақтандырудың салық салу жүйесі салықты шегеру негізінде, яғни сақтандыру жарналарын ЖТС (жеке табыс салығы) босату (ЖТС салық салуға жататын табыс сомасынан жарна сомасын шегеру) негізінде құрылған болатын. Бұл орайда мұндай шегеруді қолдану үшін сақтанушы өзінің жұмыс орнындағы бухгалтерияға шегеруді қолдану туралы өтінішті және растау құжаттарын (сақтандыру шарты, сақтандыру сыйлықақыны төлеу туралы құжат) ұсыну қажет болатын.

Салық салу заңнамасында өмірді жинақтаушы сақтандыру шартарының барлық түрлеріне, сақтандыру шартын жасасу күніне тәуелді емес өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша барлық ӨСК клиенттеріне өз әсерін тигізді. Алайда ЖТС түзетілуі (жеке тұлғаның табыстарынан алып тастау) тек өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерге қатысты ғана, және де олар бойынша сақтандыру сыйлықақылары өз пайдасына жеке тұлғамен және (немесе) қызметкердің пайдасына жұмыс берушімен төленген, сонымен қатар сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемдеріне қатысты қарастырылған.

Бұл ретте мынадай жағдайларға назар аудару қажет. Сонымен, ЖТС (жеке тұлғаның табысынан алып тастау) төмендегідей жағдайларда қолданылмайды:

- егер сақтанушы, сақтандырылған тұлға және пайда алушы сақтандыру шарты бойынша бір тұлғаға сәйкес келмейді. Бұл жағдайда ЖТС ҚР СК 329-бабының 3-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымымен жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдердің асып кету сомасынан сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақылары сомасына есептеледі;

- өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату (бұзу) кезінде сатып алу сомасының төленуін жүзеге асыру. Ерекшелік: ҚР СК 319-бабы 2-тармағының 11-тармақшасына сәйкес – ҚР заңнамасында қарастырылған тәртіпте сақтандыру ұйымына жолданған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сатып алу сомалары жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды;

- зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша мерзімдік (жыл сайынғы, тоқсан сайынғы, ай сайынғы) төлемдерді жүзеге асыру, өйткені ҚР СК 329-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары БЖЗҚ-та және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында зейнетақы қорланымы есебінен төленген сақтандыру ұйымдарымен жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс болып есептелінеді.

Сонымен қатар 2017 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған ҚР Салық кодексінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу мерзімімен кейінге қалдырылған нормалар бар. Осындай нормалардың бірімен өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату (бұзу) кезінде сақтандыру ұйымдарымен жүзеге асырылатын сатып алу сомаларына қатысты ЖТС (жеке тұлғаның табысынан алып тастау) түзету қарастырылған.

Айтпақшы

Халықаралық тәжірибеде сақтандырудың «ұзақ» шартын ынталандыру үшін «кіруде» және «шығуда» жеңілдіктер ұсынылады. Бұл сақтандыру сыйлықақы сомасынан салықтық шегеру. Сақтандыру шартының қолданылуы соңында ынталандыру – бұл сақтандыру төлемдері бойынша салық жеңілдіктері. Соңғысы үлкен мәнге ие. Мұндай ынталандырудың түрлері әр түрлі болуы мүмкін.

Мысалы, 2009-2010 жж. Көптеген еуропалық елдерде сақтандыру сыйлықақы көлемінің елеулі өсуі байқалды. Ол өмірді сақтандыру шарттарының қолданыс мерзімінің соңында бір жолғы сақтандыру төлемдеріне салық салу кезіндегі өзгерістермен шарттасқан. Осылайша, Германияда салықтық шегеру сомалары 7%-ға, Францияда – 13%-ға, ал Италияда – он шақты пайызға дейін көтерілді. Өмірді сақтандыру мұрагерлікпен қаржыны тиімді табыстау үшін қолдана бастады. Ақшаны ұлымен-пайда алушымен алуы ақшаны ұлымен-мұрагермен алудан тиімдірек болды.

Төлемдерді жеңілдетуді экономикада пайдалану үшін «ұзақ ақшаны» сақтау тұрғысынан – бұл өте тиімді шара. Көптеген еуропалық елдерде мұндай жеңілдіктерді берудің талабы, әдетте, шарттың қолданылу мерзімі және шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде сақтанушының жасы (мысалы, Францияда шарттың қолданылу мерзіміне байланысты салық салудың ілгерінді шәкілі қолданылады) болып табылады. Ең үлкен жеңілдіктер, әдеттегідей, зейнеткерлер үшін белгіленген.

Өмірді сақтандыру бойынша шегеру мөлшеріне келетін болсақ, онда, мысалға, Германияда жеке кәсіпкерлерде ол жалдамалы жұмысшыларға қарағанда жоғарырақ болады (1,9 мың евроға қарсы 2,8 мың евро).

Орташа ауқатты адамдарды және ауқатты адамдарды белсенді түрде қатыстыру, сарапшылардың пікірінше, өмірді сақтандыру саласының дамуына жалпы ықпал етеді. Бұл жағдайда тек сақтандырушылардың алымдарды көтеру және өмірді сақтандырудың ЖІӨ-де үлесі жайында сөз емес. Тәжірибе көрсеткендей мұндай клиент өнім мен қызметке аса талапшыл болып келеді. Бұл өмірді сақтандырудың едәуір қызықты өнімдерін әзірлеуге және сапалы сатылымнан кейінгі қызмет көрсету деңгейіне игі ықпал етеді.

Дереккөзі: http://www.asn-news.ru/post/878

Фотосурет nw-insurance.ru, familiesforlife.sg сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ЕО сақтандырушылары реттеушіні қағидаларды жеңілдетуге шақырады
ЕО сақтандырушылары реттеушіні қағидаларды жеңілдетуге шақырады

ЕО-ның сақтандыру қағидалары инновацияларға ы...

Зейнетақылық аннуитеттер арзан және қолжетімді болды - ҚНРДА
Зейнетақылық аннуитеттер арзан және қолжетімді болды - ҚНРДА

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі...

ӨСК сыйлықақыларының жоғары динамикасы
ӨСК сыйлықақыларының жоғары динамикасы

2023 жылдың 11 айындағы алымдар 2022 жылдың сәйкес ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру