bs-preloader__icon
ru kz

Көпшілік отбасылар үшін «қаржылық қауіпсіздік» терминінің астарында не жатыр

Өмірді сақтандыру – бұл асыраушыдан айырылу жағдайына қорғау. Көптеген жағдайда отбасы мүшелерінің біреуі жанұя табысының көп бөлігін табады. Және егер ол өмірден өтсе, отбасының қаржылық жағдайы нашарлайды. Мұндай ықтималдықтан қорғану үшін, отбасы басты асыраушының өмірін сақтандыруға шешім қабылдайды.
Көпшілік отбасылар үшін «қаржылық қауіпсіздік» терминінің астарында не жатыр

Жазатайым оқиғадан сақтандыру

Бірінші айтатын мәселе – бұл жазатайым оқиғадан сақтандыру.

Мұндай келісім-шарттардың ерекшелігі жазатайым оқиғаның салдарынан ғана қорғау болып табылады. Мысалы, ЖКО-да сақтандырылушы қайтыс болған кезде немесе биіктіктен құлау кезінде, мұндай полис жақындарына төлемді қамтамасыз етеді. Алайда, аурудан қайтыс болған кезде  бұл полис бойынша төлем көзделмеген.

Жинақтаумен бірге өмірді сақтандыру

Нарықта сақтандыру келісім-шартының ішінде жинақтарды жасауға мүмкіндік беретін басқа да полистер бар. Бұл неліктен қызықты болуы мүмкін?

Оның екі себебі бар. Біріншісі – тегін сақтандыру делінетіні. Ұзақ мерзімдер кезінде өмірді жинақтаушы сақтандыру полистері жасалған жарналарға қарағанда, көбірек ақшаны жинауға қабілетті. Және мұндай полистерде сақтандыру тегін болып көрінеді.

Әрине, қорғау әрқашан ақшаға бағаланады. Алайда, жасалған жарналарға инвестициялық табыс жинақтаушы полистерде оның қолданылуының ұзақ мерзімдері кезінде сақтандырудың құнын өтеуге қабілетті.

Екінші себеп – жинақтаушы полистер опциялардың неғұрлым кең жиынын қосуға мүмкіндік береді. Бұл ауыр аурулардан қорғау, хирургиялық әрекет кезінде қажет болған жағдайда төлемдер немесе тіпті мүгедектік жағдайында капиталдың кепілдендірілген төлемі болуы мүмкін. Жинақтаушы полистерде тәуекелдердің барынша көп санынан өзіңізді қорғау мүмкіншілігі тартымды болып табылады.

Сомаға кепілдік берілмеген полистер де бар. Оптимистік сценарий кезінде сақтандырушы ықтимал инвестициялық табысты ескеріп, соңғы жинақтардың неғұрлым жоғары сомасын көрсетеді. Ол жинақталуы мүмкін, жинақталмауы да мүмкін. Бұл капиталдың күтілетін мөлшері, ол сонымен қатар клиент үшін полис жобасында көрсетіледі.

Мұндай полистің күшті жағы – көптеген тәуекелдерден қорғану мүмкіншілігі және келісім-шарттың аяқталуы бойынша жинақтар құру. Кемшілігі – жарна біршама жоғары болады.

Дереккөзі: https://www.banki.ru/news/daytheme/?id=10965181

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру полисін таңдау
Өмірді сақтандыру полисін таңдау

Адамдардың көпшілігі өмірді сақтандыру отбас...

Жинақтаушы сақтандыру немесе салым - қайсысы тиімдірек?
Жинақтаушы сақтандыру немесе салым - қайсысы тиімдірек?

Депозит немесе оны қалай атайды, депозит-бұл б...

АҚШ-та өмірді сақтандыру полисін қалай пайдалануға болады
АҚШ-та өмірді сақтандыру полисін қалай пайдалануға болады

CNBC телеарнасы сайтының редакциясы АҚШ тұрғынд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру