bs-preloader__icon
ru kz

Halyk Finance: Қаңтар-қыркүйекте ҚР мемлекеттік бюджетінің шығынды бөлігі артқан

Halyk Finance-тың есебінде ағымдағы жылдың тоғыз айында елдің бюджетіне салық түсімдері жылдан жылға 10%-ға қысқарғаны айтылады.
Halyk Finance: Қаңтар-қыркүйекте ҚР мемлекеттік бюджетінің шығынды бөлігі артқан

Осы түспеген салық түсімдері 2020 жылдың тоғыз айында барлық кірістердің 40%-ын қамтамасыз еткен Ұлттық қор қаражаты есебінен қалпына келтірілген. Мемлекеттік бюджеттің шығынды бөлігі қаңтар-қыркүйек айларында жылдан жылға 23%-ға артқан. «Бұл ретте, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен бүкіл шығындардың жартысы ғана қаржыландырылған, қалған бөлігі Ұлттық қордың және мемлекеттік заемдардың трансферттерімен қамтамасыз етілген. Өскен теңгерімсіздік нәтижесінде, 2020 жылдың үшінші тоқсанының аяғындағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жылдық көріністе 1.9 трлн теңгеге үш есе артқаны», - Halyk Finance-тың есебінде айтылады.

COVID-19-дың таралу жағдайы әлі де шешімнен алыс, ал мұнайға баға былтырғы жылға қарағанда 30%-ға төмен болып отыр, бұл ретте мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жылдам өсуде және жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нен 3.5%-ды құрайды. «Тиісінше, дағдарыстың әсері экономиканы фискалдық ынталандыру қажеттілігімен бірге мемлекеттік бюджетке қысым түсіруді жалғастырады, бұл мемлекеттік қарыздың ұлғаюын және Ұлттық қор жинақтарының қысқаруын туындатады», - деп қорытындалады Halyk Finance.

Дереккөзі: https://halykfinance.kz/research/gosudarstvennyy-byudzhet-v-3-kvartale-2020-goda.html?lang=ru

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейде юаньда өмірді жинақтаушы сақтандыруды ұсынды
Ресейде юаньда өмірді жинақтаушы сақтандыруды ұсынды

«Юаньмен әрқашан ұтыста» өмірді жинақтаушы са...

Сақтандыру саласының болашағы қандай стартаптарға байланысты болмақ
Сақтандыру саласының болашағы қандай стартаптарға байланысты болмақ

Сақтандыру саласы жаңа технологияларға зәру. ...

БЖЗҚ салымшылары биыл ӨСК ге 740 млрд теңге аударды
БЖЗҚ салымшылары биыл ӨСК ге 740 млрд теңге аударды

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері сегіз...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру