bs-preloader__icon
ru kz en

Iron Man, Jay-Z, Уилл Смит және Google миллиондарды өмірді сақтандыру стартаптарға инвестициялайды

Сан-Францискодан (АҚШ) Ethos сақтандыру компаниясы Accel Partners және GV (бұрын Google Ventures ретінде танымал болған) сияқты компаниялар басқарған қаржыландырудың соңғы раундында $35 млн сомада инвестицияны тартты, деп ukrstrahovanie.com.ua хабарлайды.
Iron Man, Jay-Z, Уилл Смит және Google миллиондарды өмірді сақтандыру стартаптарға инвестициялайды

Бұрын өмірді сақтандыру стартаптың инвесторлары бірнеше атақты тұлғалардың компаниялары болды: кіші Роберт Даунидің Downey Ventures, Кевин Дюранттың Durant, Уилл Смиттің Smith Family Circle және американдық рэпер Jay-Z-тің Roc Nation компаниялары. Осылайша, қаржыландырудың жалпы сомасы $46 млн белгісіне жетті.

Ethos компаниясы өмірді ұзақ мерзімді (10 жылдан бастап 30 жылға дейін) сақтандыруды ұсынады, бірақ басқа дәстүрлі сақтандырушыларға қарағанда, тіркеу процесі клиент туралы ақпаратқа негізделе отырып, 10 минут ішінде орындалуы мүмкін.

Ethos компаниясында өмірді сақтандыру полисін сатып алу процесі әдетте 5-15 апта аралығын қамтитындығын атап көрсетеді, өйткені көптеген құжаттар, оның ішінде медициналық қорытындылар қажет. Ethros клиенттің күтілетін өмір ұзақтығын болжамдау үшін мәліметтер аналитикасын пайдалана отырып, делдалдардың қатысуын болдырмайтын сақтандыруды алу процесін жеңілдетеді.

«Сақтандыру секторы — бұл 1 триллион доллар мөлшеріндегі индустрия, ол айтарлықтай қаламсап пен қағазға, мазасыз сатушыларға, дәрігерлердің келуі мен ескі жүйелерге тәуелді болады, сондықтан біз бұл процесті технологиялар арқылы жеңілдету мүмкіндігі бар деп есептейміз – және бұны Ethos нақты жасады», – деді Accel Partners инвестор-компаниясының директоры.

Дереккөзі:https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/iron-man-jay-z-uill-smit-i-google-investiruyut-millionyi-v-startap-strahovaniya-zhizni

Фото Freedman Club сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ҚР-да 10 жылда зейнетақы жүйесі қалай өзгерді
ҚР-да 10 жылда зейнетақы жүйесі қалай өзгерді

Қазақстанда соңғы жылдары зейнетақы жүйесі қа...

Өмірді сақтандыру туралы төрт миф жойылды
Өмірді сақтандыру туралы төрт миф жойылды

Өмірді сақтандыру-бұл Сіздің жақындарыңызды к...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру